Материалдар / Сыныптан тыс шара «Отбасыммен математика әлеміне»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс шара «Отбасыммен математика әлеміне»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ата-ана және оқушыны қатыстыра отырып өткізілген ашық сыныптан тыс шара.Пән мұғалімдері пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
604
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ақжар ауылы
Қ.Билялов атындағы гимназия КММ
Оқу ісінің меңгерушісі, математика және информатика пәнінің мұғалімі:
Қанағатов Марат Әйкенұлы

Отбасыммен математика әлеміне
Cыныптан тыс сабақтың тақырыбы:
Отбасыммен математика әлеміне 8А сыныбы

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
І Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар
ІІ жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
ІІ жүргізуші: Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде- дей келе бүгінгі сайысқа келіп отырған ата-аналарымызды таныстырып өтейік
1- Әлинұр мамасы Меруертпен
2- Дина мамасы Замирамен
3- Диас папасы Дарынмен
4-Жібек папасы Қуатпен

І жүргізуші: Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1-
2-
3-
Әділ қазы мүшелері әр белес бағаларын бірден беріп отырсаңыздар!
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қанаоқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі Отбасыммен математика әлеміне атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.
ІІ-жүргізуші: Енді бүгінгі сайыс белестерімен таныстырып өтейік
І. Таныстыру (Әр отбасы өздерін таныстырады)
ІІ. Сергіту (Әр топқа сұрақтар қойылады сол сұрақтарға жылдам жауап беру керек)
ІІІ. Аталар айтқан асыл сөз мақал-мәтелдер. Жартысы оқылады жартысын табасыздар.
ІҮ. Тапқыр болсаңЛогикалық есептер.
Ү. Ситуация шешу
ҮІ. Он саусағы майысқан... математикалық фигуралардан сурет құрастыру
І жүргізуші:Таныстырып өзіңізді өтіңіз
Жеңемін деп бұл сайыста сенің
Ал,қанеки сөз кезегі сіздерде
Сәт сапар деп шаңыраққа еніңіз.
Әр отбасы өздерін таныстырып өтсін.
(таныстырудан кейін әділ қазылардан бағасын сұрау)
ІІ жүргізуші: ІІ белес бойынша әр сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақтарды таңдауыңызға болады.

№1 конверт сұрақтары:
1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)
2. Тауық бір аяғымен тұрғанда 5 кг, ал екі аяғымен тұрғанда неше кг? (5 кг)
3. Ақжар ауылы ішімен ағатын тоғамдардың аты?(Сарықасқа,Құлжабай)
4. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
6. Тәуке ханның заңы?(жетіжарғы)
7. Профессор кешкі сағат 8 –де ұйықтап , сағатының қонырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?(1 сағат)
8.Ең биік пирамида (хеопс)
9.Заттың атын білдіретін сөздер?(зат есім)
10. . Ең үлкен құс?(африка түйе құсы)


№2конверт сұрақтары
1. . Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)
2. Қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс мезгілінің қай айы?- Аптаның нешінші күні?- Бүгінгі күн қалай аталады?
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4.Тарбағатайдан ең тұңғыш ғылым кандидатын кім алды? (Кеңесбек Билялов)
5. 4 балада неше саусақ бар? ( 40 )
6. Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
7. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
8. Ең терең көл?(Байкал)
9. Іс-қимылдың атауын білдіретін сөздер?(етістік)
10. Абайдың шын есімі?(Ибраһим)

№3 конферт
1. Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо.Сұрақ: Бесінші қызының аты кім?
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?(жауабы жоғары)
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).6.Тарбағатай ауданы қай жылы құрылды? (1928)
7. Ең үлкен көл (Каспии)
8.Заттың санын білдіретін сөздер ?(сан есім)
9. Шоқанның шын есімі?(мұхаметқанапия)
10. Кім барлық тілде сөйлейді?Жауабы:жаңғырық

№4 конверт
1.
2. Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
3. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
4. Қытайлардың үрейін ұшыратын сан (4)
5. Күн көзі жылына неше рет шығады? Жауап: 3656. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
7. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?(4)
8.Тарбағатай ауданында неше ауылдық округ бар? (17)
9. Ең кішкентай материк (Австралия)
10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері?(Т.Әубакиров)

№5 конверт
1. 23. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр? ( бірдей )
2. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)4. Төрт қойдың неше аяғы бар?Жауабы:16
5.Ең ұзын өзен?(ніл)
6. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
7.Қосымша неше түрге жіктеледі?(2)
8. Тарбағатай ауданындағы ең үлкен су қоймасы?(Қандысу)
9. Ең кішкентай құс? (Калибри)
10.Абайдың әжесі (Зере)

ІІІ белес Аталар айтқан асыл сөз деп аталады. Сайысқа қатысушыларға мақал-мәтелдер оқылады,жалғасын табасыздар. Конверт таңдаңыздар.
№1 конверт.
1. Екі жақсы қас болмас,...( екі жаман дос болмас).
2. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,...(Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.)
3. Болар бала бесігінде баспын дейді,(Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.)
4. Бір күн ұрыстың... (қырық күндік қырсығы бар).
5. Бір ит көріп үреді,
(Екі ит еріп үреді.)
6. Біреу тойып секіреді,
(біреу тоңып секіреді)
7. Екі кісі бейім тұрса,(Есті кісі кейін тұрады.)
8. . Қонақ бір күн қонса құт,(Екі күн қонса жұт.)

№2 конверт
1. Бірінші байлық – денсаулық,...
(Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.)
2. Аларманға алтау аз,...
(Берерменге бесеу көп.)
3.Бір кісі қазған құдықтан ... (мың кісі су ішеді)
4. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,...
(алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
5. Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,...(Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,)
6. Екі аяқтыда бажа тату, (төрт аяқтыда бота тату.)
7. . Білекті бірді жығар,(Білімді мыңды жығар.)
8. Құтты қонақ келсе,( қой егіз табады)

№3 конверт
1. Бір жылы сөз... (бір күнге азық.)
2. Мыңның жүзін білгенше,...
(Бірдің атын біл.)
3. Жақсы кісі қырық жасында толады,(Жаман кісі қырық жасында солады.)
4. Жалғыз ағаш орман емес, (жалғыз кірпіш қорған емес.)
5. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).
6. Жұмысқа үш жылда үйренеді, (жалқаулыққа үш күнде үйренеді)
7. . Бір тал кессең,( он тал ек)
8. . Біреу жаныңа жолдас,(біреу малыңа жолдас)

№4 конверт
1. Он бала бір әкеге жүк болмайды,(Бір әке он балаға жүк болады)
2. Тоқсан ауыз сөздің (тобықтай түйіні бар.)
3. Отыз тістен шыққан сөз,
(Отыз руға тарайды.)
4. Тоғыз қабат торқадан,( тоқтышақтың терісі артық.)
5. Батыр бір оқтық,(Бай бір жұттық.)
6. Екі жақсы қосылса,өлгенінше дос болады.(Екі жаман қосылса,өлгенінше өш болады.)
7. . Екі кісі ығысса,(Бір кісілік орын бар)
8.
№5 конверт
1. Біреуге мал қайғы, (біреуге жан қайғы.)
2. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
(Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.)
3. Алты аға бірігіп әке болмас,( жеті жеңге бірігіп ана болмас.)
4. Ер бір рет өледі,( ез мың рет өледі.)
5. Жерді екі рет жыртқан,( өнімді екі есе көп алады.)
6. . Екі жақсы бас қосса,бірін-бірі қия алмас. (Екі жаман бас қосса,кең орынға сия алмас.)
7. Отыз тістен шыққан сөз (отыз рулы елге тарайды)
8.
І жүргізуші: ІҮ белесіміз Тапқыр болсаң бұл белес екі кезеңнен тұрады.
Қазір өлеңнің екі жолын оқимын сіздер қалған жолды құрастырасыздар.
№1.(слайдта)
Бес жерде бесім жиырма бес
Математика мен тарих бір емес
....
№2. (слайд) Қазақи қалжың есептер
№1 есеп:
Бір қарияның ержеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын
балаларына еншіге бөліп бергісі келген шал он екі жерге қаз-қатар қазық
қағады да,бірінші қазыққа –бір қой,екінші қазыққа –екі қой,үшіншісіне-үш қой,
осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.
Ал балаларым,мына қазықтардың бәрі құтты. Осында байланған қойларды
үшеуің тең бөліп алыңдар,- деді ол балаларына.
-Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой. Сонда қалай тең бөліп аламыз?
-деп қалады үлкен ұлы.
-Әрқайсың төрт қазықтағы қойды ағытып алыңдар,еншілерің тепе-тең
болады,-деді қария.
Үш бала қазықтардың бойына көз жіберіп тұрып,біраз ойланып қалады.
Ақырында балалардың ең кенжесі малды аралап келіп,үшінші,алтыншы,
жетінші және оныншы қазықта байлаулы тұрған қойларды ағытып,бөлек
айдап шығады.
-Кенжетайыма жиырма алты қой тиді,енді сен екеуің еншілеріңді бөліп
алыңдар,дейді шар өзге екі ұлына.
“Қайсысымыз қай қазықтағы қойларды шешіп алсақ екен?”-деп екі жігіт
ойланып қалды. Бұл екеуі қалған сегіз қазықтағы қойларды қалай
бөліп алуы мүмкін?
(Жауабы: 1) І-шісі- 1,5,8,12; ІІ-шісі-2,4,9,11;ІІІ-шісі- 3,6,7,10
2) І-1,2,11,12;ІІ-4,5,8,9;ІІІ-3,6,7,10 )
№2 есеп
Көпті көрген қария немересінен есепшілікке баулу мақсатында
жас баланың жадына тез жазылып кететін жұмбақ
есептерді жиірек айтып жүреді.
-Алты аяғы бар,тал таяғы бар,арқасында құйрығы бар,
адамнан бұйрығы бар. Ол не нәрсе?-дейді ата бір күні.
-Ол кәдімгі таразы,-деп немересі бірден жауап береді.
Шал немересінің тапқырлығына қуанып,тағы бір жұмбақ есеп айтады:
-Он екі түйе,он жылқы,
Тоғыз сиыр,бес ешкі.
Екі қоян,үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Бала санын есептеп: “Бәрі қырық бір екен”,-дегенде шалдың өзі күліп
жібереді. Қария немересінің нені білмегеніне күлді? (Жауабы:Қария немересінен жануарлардың қанша айда туатынын сұрады.)
№3 есеп
Қойлы шаруа малын ірілендіруді ұйғарады. Түйесі,жылқысы
және сиыры бар ауылдасына барып,оған өз шешімін білдіреді.
Сәл ойланып отырып,ол сауын малының қойға кесімді санын
термелеп төгеді.
-Інгенімнің әр жілігі-екі қой, биемнің екі жілігі-үш қой, ал
сиырымның әр сирағы бір қой,-дейді ірі мал иесі.
-Жарайды,келістім,-деп уақ малды шаруа қолын береді.
Келісім бойынша шаруа қойларын айдап апарып береді де,
айырбасқа алған атқа мініп,інген мен сиырды жетектеп үйіне оралады.
Шаруа айырбасқа барлығы қанша қой береді? (Жауабы: Інген-24 қой,биеге-18 қой,сиырға-4 қой,барлығы-46 қой)




Енді санамақтарға кезек берейік
. Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
2.Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (6)
3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі (6)

4.Мынау да бір санамақ
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктергі,
Андытып қос бөктерді,
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға,
Сәкем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан.
Алты белден асыпты
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап
Топ – топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап
Сөйтіп қызық іс болды
Бәрі қанша құс болды (31) 5
5.
Бақшаға,жақсы аға
көп-көп ойыншық
келді алып :бір балық
екі есек,үш үйрек,төрт түлкі
бес бүркіт,алты арғымақ,
жеті жарғанат,сегіз саулық
тоғыз тауық,он торпақ
бақшаға жақсы аға
әкелді қанша ойыншық?(55)
6.5. Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер берікке
Қалады сонда қанша алма?
( Теректе алма өспейді )
Ү белесіміз: Ситуациялар шешу:
№1 конверт
А)Балаңыз үйден сабаққа барамын деп шықты. Жолда басқа мектепте оқитын достарын кездестірді де сабаққа бармай қалды. Сізге сынып жетекшісі хабарласып балаңызды сұрады. Сіз сабаққа кеткенін айттыңыз. Түсте балаңыз сабақтан келдім деп үйге келді.
сіздің іс-әрекетіңіз?
баланың іс-әрекеті

Б) . Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады.
1. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
2. балаңыздың іс-әрекеті?
№2 конверт.
Балаңызбен сайысқа қатысамын деп келісіп бір шаруаңыз шығып қалып келе алмай қалдыңыз. Балаңыз сізге ренжулі келді. Сіз шығыл шаруаңыз шығып келе алмағаныңызды айтып ақталдыңыз. Балаңыз Менен шаруаңыз артық болғаны ма? деп қатты ренжулі
сіздің іс-әрекетіңіз?
баланың іс-әрекеті?
Б) Балаңыз құрбысына міндетті түрде туылған күніне баруға уәде еттің. Ал сіз кешкі мезгілде үйден шығуыңа мүлдем рұқсат етпейсіз. Балаңыз құрбысына уәде беріп қойғанын айтып жіберуін өтінді.
1. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз?
2. Балаңыздың іс-әрекеті?
№3. конверт
Балаңыз сізден туған күнге барамын деп сұранды. Сіз 9-дан кешікпей келуін тапсырдыңыз. Сағат 10 болды балаңыз әлі жоқ. Туған күн деп сұранған үйге звандадыңыз. Онда ешқандай туған күн болып жатпағанын білдіңіз. Балаңыздың сізді алдап кеткенін білдіңіз.
1. сіздің іс-әрекетіңіз?
2. баланың іс-әрекеті?
Б)Балаңыз 9-сыныпта оқиды. Оның мектепке баратын жолында тұратын жоғары сыныпта оқитын Ерлан оны бопсалап үнемі ақша талап ететін болды. Ешкімге айтпа деп қорқытты. Балаңыз мектептегі мерекелік шараларға деп,тағы басқа жағдайларды сылтауратып анасынан ақша алып жүрді және сынып жетекшісі сұрап жатыр деп анасын алдап жүрді. Бірде мектепке келген анасы Үнемі қаржы жинайсыздар,есебін беріңіз деп сынып жетекшісіне айып тақты. Ал сынып жетекшісі өздерінің қажеттілігіне деп 2 рет қана ақша жинағанын айтты.
1. Сіздің іс-әрекетіңіз?
2. Баланың іс-әрекеті?

№4. конверт
Сіздің балаңыз биыл оқу бітіреді. Ол Астанаға барамын деді.бірақ ол жақта сіздің ешбір таныс, не туыстарыңыз жоқ. Ал сіз таныс-туыстарыңыз бар Алматыға барсың дейсіз. Балаңыз айтқанға көнбейді.
1. сіздің іс-әрекетіңіз?
2. баланың іс-әрекеті?
Б) Ерлан басқа дін өкілдерінің үгіт-насихаттарына еріп,үнемі солардың айтуына еріп жүрді. Ол сабаққа кеттім деп шығып,үнемі сол ұйымға барып жүрді. Оның мінезінде де өзгерістер бола бастады. Сабақ қарап отырмын деп үнемі жалғыз қалуға тырысатын. Бірде сынып жетекшісі үйіне хабарласып ,Ерланның сабаққа келмей жүргенін айтты. Ал анасы оны күнде өзі сабаққа салатынын айтады. Анасы Ерланмен сөйлесіп еді,ол үндемей құтылады. Екі-үш күн сабаққа барды да Ерлан бұрынғы жолына түсті. Оның қалыпты өмірге оралуы үшін қандай шешім қабылдар едіңіз.
№5. Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. Болашақ дәрігермін дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз.
1. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
2. Балаңыздың іс-әрекеті
Б)

Б) І жүргізуші: Анаң- күнің ,жүрегің,
Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Осы өлең жолдарымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Енді сөзді әділ қазыларға берейік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!