Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс шара "Қайыңды - туған өлкем"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ айыңды орта жалпы білім беретін мектебі
(Сайыс)
Гумарова Жазира Армановна
Гумарова Жазира Армановна
Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы, Қайыңды ауылы.
Қайыңды жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі.
«Қайыңды – туған өлкем»
(сынытан тыс шара)
Мақсаты: Оқушылардың өз ауылының тарихымен, шежіресімен таныса отырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Өз өлкесінің, пайда болу шежіресін зерттеп білдіру. Сол ауылда өмір сүрген ұлы адамдар және еңбек, соғыс ардагерлері жайлы мағлұмат жинауға жол сілтеу.
Әдісі: Ойын, сайыс.
Көрнекілігі: Плакаттар, сөзжұмбақтар, шарлар, өлең жолдары, слайд және видеоролик.
Барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 10-сыныптың арасында өткелі отырған «Қайыңды – туған өлкем» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: «Мәңгілік ел» идеясы арқылы өскелең ұрпаққа тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі туған жер, қала, ауыл, аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы.
1 – жүргізуші: Бүгінгі сыныптан тыс шарамыз туған ауылымыз Қайыңды ауылына арналып отыр. Ендеше Қайыңды ауылының тарихына саяхат жасайық.
2 – жүргізуші: Қайыңды ауылының жазба тарихы 1876 жылдан басталады. Өлкетанушы тарих ғылымының кандидаты марқұм Исатай Кенжегалиев ағамыз: «Березовский» форфост 1876 жылдан архивтік азба деректерде кездеседі» - деп жазды. Стольпин реформасынан кейн 1860-1870 жылдары орыс-қазақ шаруалары қазақ жеріне ендеп кіріп, шұрайлы ерлерге қоныстанған кезде, ауыл іргесі сол жылдары қаланған деген тұжырым бар.Алайда, ауылдың үлкен қорымындағы мына көне құлпытасты зерделеп оқытқан кезде, құлпытастың 1861 жылы қойылғандығы және зират иесі Адай руы кең Шалбар бөлігі Жайық ұлы Қара екендігі анықталды. Демек, орыс-қазақ шаруаларынан да бұрын бұл жерде қазақтар қоныстанғандығы дәлелденіп отыр.
Ауылымыздың ең алдымен «Березовский» болып аталуына Қараөзен жағасындағы қайың алқабы себеп болған. Қайың орманы 1929 жылға дейін сақталып келді. Тәуелсіздік жеңісі, тәуелсіздік желісімен қазақи «Қайыңды» атауына ие болуымыз деп санаймыз. Бүгінгі ата қонысымыздың қазақ жері болып сақталып қалуына Салық Бабажанов пен сол кездегі Байбақты, Еділбай руының биі Жүніс Жантеліұлының зор еңбектенің нәтижесі екенін де ұмытпаймыз. Салық парвитель: «Егер сендерге ер керек болса, шекара аймақтағы ата-бабаларымыздың басындағы құлыптастарды дұрыстап қойыңдар, жоқ болса тауып орнатыңдар» - деп ескертті. Құлыптастарды түзетіп үлгерген Жүніс Жантеліұлы «Березовский» бекетінің Қараөзен жағалауларын Сары ауылға дейінгі үлкен аумаққа ие болып қалған.
-
Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарында бұл аймақты «Березин», «Русская Таловка», «Ялов» ТОЗ-дарықұрылды.
-
1928-1930 жылдары «Каганович», «Урожай», «Маслов», «Чапаев», «Сталин».
-
1933 жылы колхоздарды ірілендіру кезеңінде Алғай темір жолына жақын Қараөзен жағасында орналасқан Чапаев колхозы орталыққа айналды.
1928 жылы ашылған Чапаев бастауыш мектеп негізінде 1939 жылы «Березин жеті жылдық мектебі» ашылады.1953-1962 жылдары мектеп «Сталин» есімімен аталған. 1963 жылы сегіздік, 1966 жылы орта мектепке айналды.
Ауылымыз ҰОС ауыртпалығын елімен бірге көтерді. Ауылымыздан аттанған ер азаматтарымыздың 305-і майдан даласында қаза болған. Елге оралғандардың арасында Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болған – Ғазиз Лұқпанов. Фин Ұлы Отан соғысының бірнеше орден, медальдар иегері Базекен Тажиев, Баймұқашев, Құсайын Молдағалиев сияқты аталарымыз елдің мақтанышы. Тыл ардагерлері Ленин орденінің иегерлері тракторшы Сақыш Жұмашева, Шопан Кенжеғали Досмұхамбетов, Сүндетқали Сипанов, Қажым Абдрахимов, Құспан Шапенов ана-аталарымыздың еңбектері біздерге зор өнеге.
Ленин атындағы колхозды республикаға танытқан білгір басшы Құсайнов Кәкім атамыз 1970-1985 жылдары ауылымызды толағай табыстарға жеткізді. Колхоз қаражатынан типтік жобадағы мектеп, бала бақша салынса, аудан бойынша бірінші болып көгілдір газ пайдалану қуанышы біздің ауылға бұйырды. Медицина ғылымының докторы Хамзин Абулхайыр, Досаханов Алихан, Ауылдан түлеп ұшқан сазгер Темірәлі Бақтыгереев, Көкшетау облыстық «Арқа ажары» газетінің редакторы Асылай Қадырқызы, Республикаға танымал спортшылар «Былғары қолғап» шебері Марат, Дәурен және Данияр Елеусіновтар бүгінгі ел мақтанышына айналды.
Ауылымызды өңірімізге танытқан, Ресей, Саратов облысының тұрғындарын тамсандырған бір кереметіміз қызғалдағымыз. Ауылымыздың Солтүстік-шығысында 3 гектардан астам жерде қызғалдақтың еті түсті болып гүлденген кезінде табиғат жайған кілемге қызықтамау, шаттанбау, мақтанбау мүмкін емес.
Қазіргі танда ауылдық округте 1050 адам болса, 45%-ы 35 жасқа дейінгіжастар. Күні ертең Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру еліміздің, ауылымыздың ертенің нұрлы да мағыналы ету міндеттері де, біздің үлесімізге тиеді. «Елдің өткенің білмей, болашағын қалау мүмкін емес» дейді халқымыз. Ендеше тарихын зерделеп, ұлықтап, өткеннен сабақ алып болашақтың ауылы – Қайыңдыны гүлдендіру перзенттік парызымыз.
1-жүргізуші: Туған ауылымның тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді. Сондықтан 10-сыныпқа «Қайыңды – туған өлкем» атты сыныптан тыс шарамызды өткізбекшімін. Ендеше, кешімізді бастауға рұқсат етініздер.
2-жүргізуші: Бір әнімді айтамын мен туған жерім, еліме.
Сүйеп өтем ауылымды махаббатқа беріле.
Туған ерім Қайыңды, сен жер жұмағы әлемде.
Сағынамын әрдайымда алыс кетсем өзіңнен – дей келе, бүгінгі сайыс «Қайыңды» ауылына арналады.
1-жүргізуші: Сайысқа сыныбымыздың «Атамекен» және «Туған жер» топтары қатысады. Мен сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қырмызы Аймырзақызы.
-
Тәлімгер – Айнұр Махамбетовна.
-
Қазақ тілі әне әдебиет пәнінің мұғалімі – Эльвира Асқаровна.
2-жүргізуші: Енді сайыс бағдарламасымен таныс болайық.
І. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырады.)
ІІ. Сен білесің бе? (Сұрақ-жауап)
ІІІ. «Өнерлі – өрге жүзер» (Әр топ өнерлерін көрсетеді)
ІV. «Мақал-мәтел» сайысы. (туған жер, Отан, ауыл туралы)
V. «Бес жолды өлең» (Қайыңды ауылы туралы өлең шығару)
V І. «Командалық жарыс» (Болашақ ауылдың келбетін салу)
1-жүргізуші: «Қайыңды – туған өлкем» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар «Атамекен» және «Туған жер» топтары өздерін таныстырсын.
(Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
2-жүргізуші: Қызғалдағы алуан түске боялған,
Кіндік қаным тамған жерім бір арман.
Сол даланың мен бір ерке қызымын,
Ауырғанда бал суынан ем алған – дей келе, сайысымыздың екінші бөлімі «Сен білесің бе?» сұрақ-жауапқа кезек берейік.
«Атамекен» тобына:
-
Қайыңды ауылының жазба тарихы нешінші жылдан басталады? 1876ж
-
1928 жылы ашылған Чапаев бастауыш мектеп негізінде нешінші жылы «Березин жеті жылдық мектебі» ашылды? 1939 ж
-
Ұлы Отан соғысының бірнеше орден, медальдар иегерін ата: Базекен Тажиев, Баймұқашев, Құсайын Молдағалиев
-
Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің директоры кім? С.Б.Сүлейменов
-
Қайыңды ауылының халқы саны: 1050
-
Қайыңды ауылының ардагер ұстаздарын ата: М.Сарбаева, В.Кенжеғалиева, С.Нагмедденова, Г.Қалбаева т.б.
-
Қайыңды ауылында неше шаруа қожалығы бар? 21
-
«Қайыңды вальсі» әнінің авторлвры кім? Сейтқалиева Асылай және Нығметов Нұрлан
-
Ауылдық кітапхана меңгерушісі кім? Г.Хасанова
-
1998 жылы республикалық ономостикалық комиссия шешімімен Березин ауылының атауы қалай болып өзгертілді? Қайыңды
«Туған жер» тобына:
-
Ауылымыздың ең алдымен «Березовский» болып аталуына Қараөзен жағасындағы не себеп болған? Қайың алқабы
-
Қазіргі таңда Қайыңды ауылының әкімі кім? Б.Нұғманұлы
-
Қазіргі таңда мектепте неше оқушы бар? 150
-
Мектеп неше қабаттан тұрады? 3
-
Қайыңды ауылының тумасы, боктан әлем чемпионы атанған спортшы? Д.Елеусінов
-
Қайыңды ауылынан шыққан атақты азаматтар: А.Досаханов, Б.Ізбасаров, Т.Бисенов т.б.
-
Казыбаева Нұржамал Хамитқызы қандай сабақтан берді? Орыс тілі және әдебиет
-
Ауылымыздың Солтүстік-шығысында 3 гектардан астам жерде не өседі? Қызғалдақ
-
1955 жылы 7 жылдық мектепте неше мұғалім еңбек еткен? 8
-
Д.Елеусіновтың бапкері кім? М.Елеусінов
( Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, сұрақ-жауап бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
1-жүргізуші: Қайыңдының қызғалдағын құштым мен,
Шалғының да еркін аунап ес білгем,
Естен кетпес есейсем де ешқашан,
Мұндай дала көргенім жоқ еш жерден – дей келе, келесі бөліміміз «Өнерлі – өрге жүзер» өнер көрсету.
«Атамекен» тобы «Қайыңды қызғалдақ» әнін айтады және «Туған жер» тобы «Қызғалдақ» биін билеп береді.
(Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, өнер көрсету бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
2-жүргізуші: Қайыңдының топырағынан жаралдым
Қайыңдының топырағынан нәр алдым.
Сеннен алыс жыраққа кетсем де мен,
Қайыңды деп соғып тұрар жүрегім – деп, келесі бөліміміз «Мақал-мәтел» сайысына берейік. Яғни, топтар кезек пен кезек Отан, туған жер, ауыл туралы мақалдар айту керек.
(Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, мақал-мәтел бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
1-жүргізуші: Қайыңдым туып өскен елім менің,
Суын мөлдір, шөбін майса жерім менің.
Көркейе бер, құлпыра бер, жайнай бер.
Қайыңдым мен сенімен мақтанамын - деп жырлай келе, сайысымыздың келесі бөлімі «Бес жолды өлең» деп аталады. Топтар Қайыңды ауылы туралы өлең шығару керек.
(Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, өлең шығару бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
2-жүргізуші: Қайыңдының топырағынан өніп өскен балаң сенің,
Шығарып жүр күллі әлемге атыңды сенің.
Даниярдай боксшы ағамыз бар,
Қайыңдының осындай балалары тола берсін.
Сайысымыздың соңғы бөлімі «Командалық жарыс». Әр топ Қайыңды ауылының болашақ келбетін салып береді.
(Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, сурет салу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.)
1-жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне етті. Әділқазылар алқасы бағаларын есептеп болғанша, біз Қайыңды ауылының тамаша табиғатын қызықтайық.
Қайыңдының топырағынан жаралдым,
Бәшешегі жусанынан нәр алдым,
Иісі мұрын жаратындай жайқазын.
Қызғалдағы құлпырады даламның – дей келе тамаша видеороликті көрейік.
2-жүргізуші: Әділқазылар алқасы дайын екен, ендеше ортаға шақырайық.
1 -жүргізуші: Осымен «Қайыңды – туған өлкем» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
2-жүргізуші: Күні ертең Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру еліміздің, ауылымыздың ертенің нұрлы да мағыналы ету міндеттері де, біздің үлесімізге тиеді. «Елдің өткенің білмей, болашағын қалау мүмкін емес» дейді халқымыз. Ендеше тарихын зерделеп, ұлықтап, өткеннен сабақ алып болашақтың ауылы – Қайыңдыны гүлдендіру перзенттік парызымыз.
1-жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!