Материалдар / Сыныптан тыс шара "Қош келдің, жаңа жыл!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс шара "Қош келдің, жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар арасындағы жаңа жыл мерекесіне арналған. Бұл шараға 1-4 сыныптар қатыса алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
632
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сценарий: «Қош келдің, Жаңа жыл!»Кейіпкерлер: Жүргізуші – 2 Шал Кемпір Алтын балық Клоун – 2 Аяз ата Ақшақар Ескі жыл – ұлу Жаңа жыл – жыланӘн: «Оңға қарай жүрейік» (балалар шыршаны айналады) Жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үнБақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым Жүргізуші: Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Жүргізуші: Басталарда жаңа әлем,Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсіз, жаңа жыл! Балалар, сендерді жаңа жылмен құттықтауға мектебіміздің директоры Мира Халелқызы келіп отыр. Сөз кезегін Мира Халел қызына берейікЖүргізуші: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.Сахна сыртынан дауыс естіледі: Баяғы өткен заманда, теңіз жағалауында, кішкене үйшікте бір шал мен кемпір тұрыпты. Шал балық аулап, кемпір жібін иіріп, күндерін өткізіпті. Бірақ көптен бері шал балық аулауын, кемпір жіп иіруін қойыптыСебебі олардың алтын балығы болыпты.Ол адамша сөйлей біліпті және де адамның кез келген тілегін орындапты.Балық: Шал, шал, жетер осы ұйықтағаның, аз ұйықтамадың ғой, Жаңа жыл болса келіп қалды. Ал сендерде мерекенің иісі де шықпайды.Шал (Есінеп): Оның да дұрыс екен-ау, алтын балық, ал сен біздің үйшікке әдемі шырша әкеле аласың ба? Өзі өте әдемі, ойыншықтармен безендірілген, шамдары жарқыраған болса!(Осы кезде муз. ойнап, шыршаның шамдары жанады).Шал: Ой рахмет, саған, алтын балық,мынандай мерекеде шалды қуантып тастадың! Әй, кемпірұр енді ұйқыдан, оян шапшаң, жаңа жыл болса келіп қалды. Қарсаңшы, алтын балық бізге қандай шырша сыйлағанын.Кемпір (керіліп, есінеп, орнынан тұрады): Ой, сен шалда бір, ұйқы бермей: мейрам, мейрам, -деп қақсап. Жарайды, мейрамда ұрысып жатпайық. Одан да енді мейрамды қалай қарсылайтынымызды ойластырайық. Шал: Қалай? Қайтып қарсылаймыз! Кәдімгідей ән айтып, би билеп. Кемпір: Я саған! Армандапсың.Түріңе қарамай түні бойы ән айтып, би билемекшісің бе? Ең болмаса өмірімізде бір рет адам құсап, теледидар қарап қарсыласайтын. Теледидар да бұзылып қалды.Шал: Кемпір, тыңда, давай алтын балықтан біздің теледидарды жөндеп беруін сұрайық.(Шелектегі алтын балыққа келеді)Балық: Иә, шал, айта бер саған тағы не керек?Шал: О, Құрметті, алтын балық! Біздің теледидарымызды жөндеп бере алар ма едің?Балық: Ах, шал, қинай көрме, бұған менің күшім жетпейді, қолымнан келмейді бұл іс.Кемпір: Мүмкін жаңасын сыйларсың?Балық: Ах, Қуана-қуана сыйлар едім. Бірақ қолымнан келмейді. Мүмкін, кемпір, сені үлдемен бүлдеге оранған, патшайым етермін? Кемпір: Жоқ! Ешқандай да патшайым болғым келмейді! Тек қана жаңа жылдық бағдарламаны көрсем болды. Балық: Ендеше, сендерге жаңа теледидар сыйлай алмасам да, жаңа жылдық бағдарламаны көрсете аламын. Уайымдамаңдар, жайғасып, отырып күтіңдер, Болады сендерге жаңа жылдық бағдарлама.(Музыка, екі сайқымазақ жүгіріп шығады.)1-ші клоун: Армысыздар, халайық!2-ші клоун: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңе де орын жетті ме?1-ші клоун: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз. 2-й клоун: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық. (Хоровод №2) «Аппақ, аппақ жапалақтап»1-й клоун: Біз мында жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік. 2-й клоун: Балалар! Мен сендерге шығыстың түні қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзінді жұмасын, ал екінші көзімен мына жәшіктегі тесікке қарайсың. Сонымен, ғажайып басталады….. (Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды).2-й клоун: Қалай, көрдің ба? (Ойыншы ештене көрген жоқ) 2-й клоун: (ашуланып): Бұны қалай түсінуге болады? Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсыңба? Сен қараңғылықты көріп тұрсың. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз осы ғой. 1-й клоун: (күліп): Ой, қойшы күлкімді келтірмей. Сондай да фокус болады екен. Одан да ойнайықшы. (1 ойын): «6 Отырғыш»Кемпір: Жарайсыңдар! Мерекені көңілді қарсы алып жатыр!Шал: Әрине. Оларға көңілді. А бізде не? Мерекелік көңіл күй түгілі, дастарханға қоятын да ештеңе жоқ. Сен болсаң тамақ пісіруді баяғыда ұмытқансың. Алтын балыққа сеніп алып.Кемпір: Өзіңе қарап ал, кәрі шал! Теңізге барып балық аулайтының бар еді, енді бақа да ұстай алмайсың.Шал: Иә саған? Мен бе?Кемпір: Ұстай алмайсың! Шал: Мен бе? Ұстамайтын! Әй жарайды сенімен ұрысып жатпайынұртқа босқа күлкі болып.Жүр одан да біз де балаларға барайық. (Клоундар ойын өткізеді) (2 ойын): «Ұлпа қиыршықтары»Саяқымазақтар мақтадан жасалған қар ұлпаларын бірнеше оқушыға ұсынады. Әрбір ойыншы осы қар қиыршықтарын жерге түсіріп алмай үрлеуі керек, кім жоғарырақ үрлейді сол жеңімпаз болады.Жүргізуші:Бұрыннан болған екен Аяз атаБалалар тосады екен қысқы уақыттаАқшақарды қасына ертіп алыпЖер бетін шарлайды екен бұл уақытта.Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақыралық.2-й клоун: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық! ( Аяз ата, Ақшақар Ұлуды жетектеп алып кіреді)Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға Бүлдіршін балаларға бip сәлем! Қандай жарқын жүздерін, Қандай әсем жырларың Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан/Балалармен амандасады/Ақшақар:_ Армысыздар, оқушылар, ата-ана,Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Ұлу: Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз Жылды тойлап, Билеп-ойнап, Көп қызыққа батамыз!Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.(хоровод №3) «Аяз ата»Аяз ата: Ақшақар, қызым, сен сияқты ақшақарлар көп екен. Бәрің бір би билеп бермейсіңдер ме?Би: «Ақшақарлар»Жүргізуші: Балалар, ескі жылға да көп уақыт қалмады. Жаңа жыл таяп қалды.(Жылан шығып, билей бастайды).Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.Жылан: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалған екенсіздер. Жүргізуші: Иа, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.



Жаңа жыл (жылан): Бұл өмірде қайғы мұңсыз,Жаңа жылды қарсы алыңыз.Міне, біздің сұлу шырша,Шақырады елді барша.1 «А» класс «Қош келдің жаңа жыл!» Ақгүл, Айым.Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын. Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай! Жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.(Балалар өз өнерлерін көрсетеді) Даярлық тобы балалары тақпақтары.Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар.Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Кәне, Ақшақар, сыйлықтарыңнан үлестіріп жібер балаларға. Тағы қандай өнерлерің бар?1 «А» класс Камилла, Диана, Ақгүл, Мариям, Хиуаз, Нұршаттық, Айым.«Ертегі әлемі»Ұлу жылы: Жасампаз заман бұл заман,Бүгіннен ертең ғаламат.Алдыңғы сапта боларсың,Келер жыл саған аманат.(Қол алысып құшақтасады.) Жылан жылы: Аман болсын халқымыз,Арта берсін даңқымыз.Дами берсін үздіксіз,Жаңа дәстүр – салтымыз.Ұлу жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. Хош сау болыңдар, балалар!(ұлу шығып кетеді)Би: «Қара жорға»Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар! Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,Аман – есен болыңдар.Әр таңды қуанышпен Қарсы алып тұрыңдар! Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда. Демалып Жа
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!