Материалдар / сыныптан тыс шара. "Қыз өссе елдің көркі" 8-10сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс шара. "Қыз өссе елдің көркі" 8-10сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара технология пәні мұғалімдеріне пән апталығын өткізу кезінде оқушылар арасында қыз сыны байқауын өткізуге қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Джакупова Гульжан Махасовна, Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ, Жымпиты ауылы, Сырым ауданы, БҚО.

«Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны байқауы

Байқаудың мақсаты: - Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
- Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
-  қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.

Байқау барысы: «Қыз сыны» әні орындалады. Осы әнге байқауға қатысушы қыздар баяу би- билеп шығады.

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, келе жатырған көктемнің шуақты мерекелерімен құттықтаймын, осы көктем мерекелері қарсаңында өткізілгелі отырған қыз сыны байқауына һош келдіңіздер! «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен, жастайынан шеберлікке, ісмерлікке, баулыған. Қазақ қызының бойында «ақылдылық, сыпайылық, инабаттылық» сияқты қасиеттер мен қатар әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтатын өжеттілік тән болған. Бүгінгі сайыстың мақсаты да: осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген, «он саусағынан өнер тамған» шебер де ісмер қыздарды тәрбиелеу. Едеше, қыздырға сәттілік тілей отырып байқауды бастайық!
1 ші жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе! Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортаға шақырайық.
2-ші жүргізуші: Байқау шарттары: 1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» 2. «Өнерлі өрге жүзер», «Білімді қыз сүйкімді» 3. «Шеберлік шыңға жеткізер» қолөнер бұйымдарынан көрме 4.  «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» 5. «Шаш сәндей білемізбе»? 6. «Көктемгі қиял» сәндер шеруі.
1-ші жүргізуші: Ал байқауға қатысу ретін анықтау үшін мына «бойтұмарларды» ұсынамыз. Байқауға осы «бойтұмарлардағы» номерлер бойынша қатысасыздар. 2-ші жүргізуші: Байқаудың ақ қарасын ажыратып, әділ бағасын беріп қыздарымыздың өнерін саралау үшін сайланған әділ -қазы мүшелерін таныстырып өтсек
1. ...................................................................................................................
2. ...................................................................................................................
3. ....................................................................................................................
І. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» 1-ші жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі- дей отырып байқаудың бірінші кезеңіне жол берейік Қыздар өздерін таныстырып өтсін. Қарсы алыңыздар. Ортаға қатысушы қыздарымыз шығып өздерін таныстырады. (өлең шумақтарымен, қара сөзбен, әнмен әрлеп т.б)
ІІ. «Өнерлі өрге жүзер», «Білімді қыз сүйкімді». 2-ші жүргізуші:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып, бұл өмірде жүрмесін жай.
1-ші жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, байқаудың
«Өнерлі өрге жүзер», және «Білімді қыз- сүйкімді» деп аталатын кезеңдеріне кезек береміз. Бұл кезеңдерде қатысушы қыздар ретімен шығып өз өнерін (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнер) көрсетеді соңынан лездік сұрақтарға жауап береді.

Лездік сұрақтар 2-ші жүргізуші: 1-ші қыздың сұрақтары 1.Ұлттық бас киімдерді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2.
Әлемдік деңгейдегі әнші, опера жұлдызы ( Бибігүл Төлегенова).
3. Киіз үй жиһаздарын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
1-ші жүргізуші: 2-ші қыздың сұрақтары
1. Ас атасы (нан)
2. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш) 3. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2-ші жүргізуші: 3-ші қыздың сұрақтары.
1. Зор байлық (денсаулық)
2. Жыр падишасы атанған қазақтың ақын қызы (Фариза Оңғарсынова). 3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
1-ші жүргізуші: 4-ші қыздың сұрақтары
1. Әйгілі күйші апамыз (Дина Нүрпейісова).
2. Киелі құс (аққу)
3. Қамырдан жасалатын ұлттық тағамдар? (Бауырсақ, шелпек, таба нан т.б.).
2-ші жүргізуші: 5-ші қыздың сұрақтары.
1. Апа сіңлінің балалары (бөле)
2.
Би өнерінің ханшайымы атанған апамыз (Шара Жиенқұлова) 3. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі) 1-ші жүргізуші: 6-шы арудың сұрақтары.
1. Бабушка Абая Кунанабаева (Зере) 2. Ювилирные украшения казхских женшин (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
3. Казахские орнаменты (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
2-ші жүргізуші: 7-ші арудың сұрақтары.
1. Молочные продукты (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Братья и сестры по линий матери (нағашы)
3. Религиозные праздники мусульман (Ораза айт, құрбан айт )
ІІІ. «Шеберлік шыңға жеткізер» қолөнер бұйымдарынан көрме
1 - жүргізуші:
Шебер қыздар көрме жайса,
Он саусағы майысып.
Тігін тігер, тоқу тоқып,
Бәрі іскер, бәрі ұста.
«Шеберлік шыңға жеткізер» сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста әр оқушы өз шығармашылығынан (тоқыма, кесте, бисерден жасалған бұйымдар т.б.) шағын көрме жасайды. Жасаған қолөнер бұйымдарына түсініктеме беріп, әділқазы мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
ІV. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» 2 - жүргізуші: «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» – дегендей байқаудың келесі кезеңі
«Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі. Барлығы төрт даналық сөз оқылады. Қыздарымыз қолын көтеріп жауап бере алады.
1-ші жүргізуші: 1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан
2. «Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
3. «Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.
4. «Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан- ақ апа- жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс- аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
V. «Шаш сәндей білемізбе»?
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін? – Байқаудың келесі кезеңі
«Шаш сәндей білемізбе»? деп аталады Бұл сайыста қыздар шаш үлгісін жасап көрсетеді. Сайысқа 5 минут уақыт беріледі. VІ. «Көктемгі қиял» сәндер шеруі  2-ші жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-
байқаудың соңғы кезеңі «Көктемгі қиял» атты сәндер шеруі. Бұл сайыста қыздар өз қолдарынан шыққан қиял - ғажайып киім үлгілерін киіп, сән үлгілерін көрсетеді.

1-ші жүргізуші: Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін тек айтатын.
Ортамызда төбе би,
Өзіңізге сөз бердік,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, әділқазы алқасына сөз береміз.
2-ші жүргізуші: Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, ән тыңдайық. Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
1-ші жүргізуші: Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. «Қыз - ұлттың жаны» демекші, ата – аналарыңның аяулысы, құрбы – құрдастарыңның қадірлісі мен қымбаттысы, өмірдің сәні бола беріңіздер! Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.
Байқауға қатысқан қыздарды марапаттау, сыйлықтар ұсыну.

Бағалау парағы

Байқау кезеңдері








Бағалау

критериилері

«Қыздар сұлу көрінер сәлемімен»


«Өнерлі өрге жүзер»


«Білімді қыз сүйкімді».


«Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»


«Шаш үлгісін жасау»

«Көктемгі қиял»


Барлық ұпай саны

3-5 ұпай

5-10 ұпай

әр дұрыс жауап-1ұпай

Әр дұрыс жауап 5 ұпай

5- 10 ұпай

5-10 ұпай

43

Қатысушылар








  1. қатысушы








2 – қатысушы








3 - қатысушы








4 - қатысушы








5 - қатысушы







6 - қатысушы








7 - қатысушы







Әділқазы мүшесі__________________________________28.02. 2014жыл











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!