Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сыныптан тыс шара "Қызықты химия әлемінде"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс шара «Қызықты химия әлемінде»
Мақсаты:
-
Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
-
Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
-
Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне,жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар,слайд
шоу,зертханалық құрал жабдықтар.
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйрғандар- дей келе бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Кешімізді бастамас бұрын оқушыларымызды химиктер қатарына қабылдап алайық. Химиктер қатарына қабылдау үшін сіздер ант берулеріңіз керек.
«Біз, оқушылар, химия сабағында тәртіпті болуға, қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»
Ант етеміз! 3 рет
Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтейік:
1.............................
2. ...........................
3.............................
Кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейін:
1. Топты таныстыру.
а) топтың аты (химияға байланысты болу керек)
ә) топ басшысын сайлау
б) топтың ұраны
г) топтың эмблемасы
2. «Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап сайысы)
Әр топқа 8 сұрақтан қойылады.
3. «Химия тұрмыста» химиялық жарнама
4. «Кім тез, кім жылдам?» (сұрақ-жауап)
5. «Ғажайып химия » (қызықты тәжірибелер көрсету)
6. «Жұмбақтар әлемі»
7. Топ басшылар сайысы «есептер сыры»
8. Химиялық тілде құттықтау
І. « Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны
ІІ. Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі тапсырмам бойынша
әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.
«С» әрпі
1.Химиялық элемент(сутегі,скандий)
2.Күрделі зат (су,сірке қышқылы)
3.Металл (сынап)
4.Қышқыл (сірке қышқылы)
5. І валентті элемент (сутек)
6.Физикалық құбылыс (судың қатуы)
7.Натрий гидроксиді (сілті)
8.Судың агрегаттық күйі (сұйық)
«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.
3.Бейметалл (көміртек,күкірт)
4.Сілтілік металл (калий)
5.Екі валентті элемент (калий)
6.Химиялық құбылыс (көмрдің жануы)
7.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)
8.Химиялық байланыс (ковалентті)
«М» әрпі
1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
2. ІІ валентті элемент (магний)
3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)
4.Атомдар нені құрайды (молекула)
5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)
6. Калий перманганаты (марганцовка)
7.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
8.Темір (металл)
2. Химия-жыр әніміз, шаттанамыз
Ән арнап,өзіңе біз мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы Қазақстан
Әнге қосып өзіңді біз айтамыз.
ІІІ. Химиялық жарнама «Химия тұрмыста»
ІV. «Кім тез, кім жылдам?»(сұрақ-жауап)
Оқушыларға сұрақтар қойылады жауабын тез –тез орын ауыстыру арқылы көрсету керек.
1 топ:
1.Салыстырмалы атомдық массасы 14 тең қандай элемент? Азот
2.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі? Озон
3.Күрделі бөлінбейтін бөлшек? Атом
4. Инертті газды ата? Неон
(А,З,О,Т,О,Н,М,Е)
2 топ:
1. Кез –келген заттың оттегімен әрекеттесуі? Жану
2. Ғаламшардың аталуы ? Уран
3. Оттегі қай топта орналасқан? Алты
4. Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? Жылу
(Ж,А,Н,У,Р,Л,Т,Ы)
3 топ:
1. Тұрмыста ағартқыш ретінде,суды залалсыздандыруда қолданады? Хлор
2. Салыстырмалы атомдық массасы 81 тең қандай элемент? Бром
3. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? Моль
4. 4 период 6 топтың қосымша топшасында орналасқан элемент ата? Хром
(Х,Р,О,М,О,Б,Л,Ь)
V. «Ғажайып химия»
(Қызықты тәжірибелер көрсету)
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған. Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.
Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі.
1.
«Жанбайтын
орамал»
2.
«Жанартаудың
атқылауы»
3. «Сіріңкесіз от жағу»
VІ. Біреуінің жүрегінің түгі
бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте жұмбақтарды
шешу.
1топ:
1) Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)
2) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)
2топ:
1) Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)
2) Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
3топ:
1) Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
2) Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
VІІ.Таң қалдыршы қауымды бұл топ басшы,
Сен тобыңның бетке ұстар ел басы.
Бір білімнің топқа ортақ тілі-сен,
Даңқы болар сайыстың бұл білімгер.
Әр топ басшыдан шығып есептер шығарады
«Есептер сыры»
№1
Жеміс-жидек консервілеу комбинатында қиярды тұздау үшін ас тұзының 5%–тік ерітіндісі қолданылады. Осындай 1 тонна ерітінді даярлау үшін қанша ас тұзы және қанша су қажет?
№2
20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша?
№3
60 г суға 20 г қант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
1 - топбасшысына:
1.Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор, F)
2.Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы, HCL)
3.Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4.Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы, NaCl)
5.Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді (Күкірт, S)
2 - топбасшысына:
1.Өнеркәсіптің негізгі металы (темір)
2. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
3.Сұйық метелл (Сынап, Hg)
4.Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі(электролит. диссо-ну).
5. Құмырсқа денесінен бөлінетін құстар үшін пайдасы бар қышқыл (құмырсқа қышқыл)
3 - топбасшысына:
1.Найзағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін газ (озон)
2. Құмның формуласы (SiO2)
3. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
4.Атомның бір түрі (химиялық элемент)
5. Органикалық, қосылыстарда көміртегінің валенттілігі нешеге тең (ІV)
«Сұрақ менен, жауап сізден» (көрермендермен ойын)
1.Ең жеңіл металл (Na, K)
2. Ең ауыр металл (осмий)
3.Қан құрамына көретін металл (темір)
4.Этил спиртінің формуласы (С2Н5ОН)
5.Құрамы, құрылысы бірдей, қасиеттері өзгеше заттар (изомерлер)
6.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
7.Аккумуляторға құятын сұйық зат (күкірт қышқ, натрий гидроксиді)
8.Тірі ағзалар онсыз өмір сүре алмайтын газ (О2)
9.Етті сақтауға, тағамды пісіруге қолданылатынын органикалық қышқыл(сірке қышқыл)
10.Сұйық металл (сынып)
11. Тыныс алғанда бөліп шығатын газ (СО2)
12.Отын ретінде пайдаланылатын ұнтақ зат (пропан С3Н8)
13.Тортқа пайдаланылатын ұнтақ зат (ас содасы)
14.Атомның бір түрі (химиялық элемент)
15. Химиялық құрылыс теориясын ашқан кім (Бутлеров)
16. Электрон жұбы арқылы жүзеге асатын байланыс (ковалентті)
17.Органикалық заттардың негізгі құрам бөлігі (көміртегі)
18. Химиялық элемент түрі (108)
19. Жаңғыш, қара-қоңыр түсті май тәрізді сұйықтық (мұнай)
20.Заттар, олардың қасиеттері туралы ғылым (химия)
Есеп -1: 10 г кальций жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасын есепте
Есеп-2: 10 г магний жанғанда түзілетін магний оксидінің массасын есепте
Есеп-3: 10 г мырыш жанғанда түзілетін мырыш оксидінің массасын есепте
VІІІ. Химиялық тілде құттықтау: оқушыларға сөздер беріледі, сөз құрап құттықтау лебізін айту керек.
1 топ: алтын,су,темір
2 топ: күміс ,болат
3 топ: көмір,алюминий
Алтындай ардақты,
күмістей салмақты,
суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары,
көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын
cіздерге темірдей қатты,
болаттай мықты денсаулық,
көмірдей қара көздеріңіз бен,
алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып.
Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.
Менделеев белгілі ірі тұлға,
Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.
Еліктеумен ізденіп мен де келем,
Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға.-деп бүгінгі кешіміздің қорытындысын сарапшыларға сөз берелік.
Кеш қорытындысы айтылып, соңынан жеңімпаздар марапатталады,сыйлықтар таратылады.
С
К
М
А З О Т О Н М Е
Ж А Н У Р Л Т Ы Х Р О М О Б Л Ь
№ 1
Жеміс-жидек консервілеу комбинатында қиярды тұздау үшін ас тұзының 5%–тік ерітіндісі қолданылады. Осындай 1 тонна ерітінді даярлау үшін қанша ас тұзы және қанша су қажет?
№ 2
20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша?
№ 3
60 г суға 20 г қант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
1 топ: алтын,су,темір
2 топ:
күміс, болат
3 топ:
көмір,алюминий