Материалдар / Сыныптан тыс шара. Тіл жүйрік. 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара. Тіл жүйрік. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
700
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тіл жүйрікте кім жүйрік?»

Мақсаты:

  • Қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін, өзіндік ойлау қабілеттерін қалыптастыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

  • Оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
    - Достыққа, бірлікке, бірін - бірі сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сыныптан тыс шара түрі: сайыс сабақ

Қатысушы сыныптар: 8

Барысы:


Қайырлы күн құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар, сайысқа қатысушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтап, пәнге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызда қазақ тілінен ІІ тоқсан бойына өткізілген тақырыптар бойынша сайысқа түсетін боласыздар. Бұл сайысқа әділ төрелігін айтатын әділ-қазылармен таныс болыңыздар. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері:

1.

2.

3.

Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.

Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. Осы бөлімдегі жұмыстануларыңыз арқылы қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді анықтайтын боламыз.

І бөлім: «Кім жылдам?»

ІІ бөлім: «Кіл мықтыда, кім мықты?»

ІІІ бөлім: «Сәйкесін тап»

ІҮ бөлім: «Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек...»

І бөлім. «Кім жылдам?» Бұл бөлімде сіздерге тілдік бағдар бойынша түрлі сұрақтар беріледі. Қысқа ғана уақыт ішінде сіздер осы сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет. Қанша сұраққа жауап берсеңіздер, сонша ұпайды қанжығаларыңызға саласыздар. Уақыт көлемі 1 минут 30 секунд.

8 А сыныбына қойылатын сұрақтар:

  1. Тұрлаулы мүшелерді ата? (Бастауыш, баяндауыш)

  2. Сөздік қордың басты белгісі? (тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйытқы болып, сөздік құрамды байытады)

  3. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз? Кейбіреуер сәл тоқтады (Есімдік)

  4. Қашан?, қайда?, қалай не себепті?, кім үшін?, қайтіп? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (пысықтауыш)

  5. Бастауыш болатын сөз таптарын ата.(зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше тұлғалы етістік, тұйық етістік, одағай, үстеу, еліктеу сөз)

  6. Ана сүті бой өсіреді ..... (ана тілі ой өсіреді).


8 В сыныбына қойылатын сұрақтар:

  1. Тұрлаусыз мүшелерді ата. (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)

  2. Заттың иелік мағынасын, ретін түрін, түсін, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)

  3. Толықтауыш қай септікте тұрғанын анықтаңыз. Ол бізбен кездесті. (көмектес септік)

  4. Термин қай тілдің сөзі? (латын)

  5. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай аталады? (сөздік құрам)

  6. Өз тілің- бірлік үшін...... (өзге тілің – тірлік үшін)

8 Г сыныбына қойылатын сұрақтар:

  1. Кірме сөздер деген не? (тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер)

  2. Неологизмдерге қарама-қарсы ұғым (Архаизмдер)

  3. Тура толықтауыштың сұрағы (кімді?, нені?)

  4. Анықтауышқа тән белгі (сөйлем негізін құрамайды, сын есімнен, ілік септік тұлғасындағы зат есімнен жасалады, анықтайтын сөзі зат есім немесе заттанған сөз, анықтайтын сөзінің алдында орналасады)

  5. Пысықтауыш құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара, күрделі)

  6. Тіл сүйексіз болса да...... (сүйектен өтеді)

ІІ бөлім. «Кіл мықтыда, кім мықты?»

Бұл бөлімде сіздерге мәтіндер беріледі, сол мәтіннен термин сөздерді тауып, қай салада қолданылатынын анықтайсыздар және ерекше белгімен берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайсыздар. (Егемен Қазақстан. Қарашаш Тоқсанбай «Төл аспаптар төрге озды»). Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

  1. Операға ежелден симфониялық оркестрдегі скрипка, альт, виолончель, контрабас, флейта, фагот, гобой, кларнет, валторна, труба, тром­бон, туба, фортепиано, арфа… тә­різ­ді батыстық, еуропалық үлгідегі ас­паптар тән.

  2. Сол себепті, мұнда ал­ғаш рет ұлттық аспаптардың молынан пайдаланылуын қазақ ұлттық опера өне­рі үшін маңызы жоғары, үлкен қадам деп есеп­теу лазым.


  1. Халқымыздың үрмелі аспабына жататын мұны ерте замандарда әс­кери жо­рықтағы жауынгерлерді жі­гер­лен­ді­ріп, алға ұмтылдыру, атойлату, кейде хабар беру сипатында пайдаланса, ен­ді бірде сарайлардағы салтанатты жағ­дайларда ойналатыны мәлім еді.


  1. Қырдағы қызғалдақтың ортасына жараса жайғасқан жетігенші арулар «Алты қаз» композиция­сын нәзік иіріммен, нақышына кел­ті­ре шебер орындады.

  2. Әуедегі ән сал­ған құстардың қанатының сусылы қан­дай әсерлі естіледі.

  3. Өзбек ағайындар мұны тіпті өздерінің ұлттық бренді ретінде мақ­та­ныш тұтады.


Музыка саласы

Термин сөздер


Опера, оркестр, симфония, скрипка, альт, виолончель, контрабас, флейта, фагот, гобой, кларнет, валторна, труба, тром­бон, туба, фортепиано, арфа, «Қыз Жібек» операсы, «Серпер» домбырашылар ансамблі, халық күйі «Тепеңкөк», «Көроғлы» күйі, қобыз, керней, шаңқобыз.

ІІІ бөлім. «Сәйкесін тап». Мұнда сіздерге бірнеше сөздер беріледі. Әр топ осы сөздер қатарынан тарихи сөздер (историзм) мен архаизмдерді екі бағанға бөліп, жіктеулеріңіз қажет. Уақыт көлемі 2 минут. Әр дұрыс табылған сөз қоржындарыңызға 3 ұпай болып қосылады.

Берілген сөздер: хан, дағара, ұрын бару, қосшы, кіреуке, дүрия, қызыл отау, сауыт, ауылнай, бастаңғы, саптыаяқ, болыс, патсайы, жасақ, жаушы, торқа, уәкіл, қалқан, асадал


Тарихи сөздер

Архаизмдер




(Жауабы:

архаизмдер: жаушы, дағара, саптыаяқ, дүрия, жасақ, торқа, патсайы, ұрын бару, бастаңғы, асадал.

тарихи сөздер: хан, болыс, қалқан, кіреуке, қосшы, қызыл отау, уәкіл, сауыт, ауылнай).


ІҮ бөлім. «Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек...»

Бұл бөлімде әр топқа диалектологиялық сөздіктен сегіз мысалдан беріледі. Белгіленген уақыт ішінде сіздер осы сөздердің анықтамасын кітаптан шапшаңдықпен іздеп, ақ парақтарға жазуларыңыз қажет. Уақыт аяқталғанда топ мүшелері орын алмасады. Алдыңғы оқушы қай сөзден қалып қойса, келесі оқушы сол сөзден бастап жалғастырады. Әр дұрыс табылған сөз 10 ұпаймен бағаланады.

8 А сыныбы:

  1. Жераула (287-б. Орал, Жәнібек) құдықтан су алу жұмысын жеңілдентетін ағаш

  2. Аяқтай бару (102-б. Орал, Чап.) тікелей өзі бару, өзі қатысу

  3. Әлім-сәлім болу (115-б. Орал.) абдырау, есі шығу

  4. Келтек (337-б.) дәнді дақылдардың масағы

  5. Мігір (525-б.) маза, тыным

  6. Серне (586-б.) қойды ортақтасып сатып алып жеу

  7. Уәзде (661-б.) көксеркенің кішісі

  8. Шатыраулау (708-б.) үйдің төбесін шатырлап жабу


8 В сыныбы:

  1. Бал қасық (142-б.) шай қасық

  2. Далдау (211-б.) имену, тайсалу, сескену

  3. Арыс (74-б.) арбаның бел ағашы

  4. Әпілеп (121-б.) шананың табандарын бекітіп тұратын көлденең ағаш

  5. Қашагер (440-б.) көсеу, от көсейтін темір

  6. Нәлік (533-б.) арбаға жегілген өгіздің басын байлайтын шынжыр бас жіп

  7. Ұрту (665-б.) ұялшақ

  8. Шек (717-б.) кез, шақ


8 Г сыныбы:

  1. Дүбілу (231-б.) дүрлігу

  2. Бірқабық (198-б.) өсімдік аты

  3. Лөкіт пышақ (495-б.) мал соятын үлкен пышақ

  4. Саға (563-б.) сапа, саны көп,сағасы жоқ

  5. Жайма (253-б.) тұсқа ұстайтын үлкен кілем

  6. Ән сағатта (118-б.) лезде, тез арада

  7. Айық (34-б.) ашық, ақ жарқын

  8. Өң көру (544-б.) таңқалу


Сайыс қорытындысын білу үшін ұстаздарға сөз кезегін берейік (топтардың жалпы ұпай саны анықталып, марапатталады)

Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы жоқ,
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып, бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!