Батыс Қазақстан
облысы
Теректі
ауданы
Жайық негізгі орта білім
беретін мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі
Гусманова Гулнур
Тынышкереевна.
Сабақтың
тақырыбы: “Тіл – ұлт
қазынасы”
Сабақтың
мақсаты:
1. Оқушылардың тіл жайында
білімдерін тереңдету
2. Сөздің қорын, ой - өрісін
дамыту
3. Тілді қадірлей білуге,
патриоттық сезімге баулу
Сабақтың
түрі: сайыс
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта,
шар, көрнекі құралдар.
Сабақтың
әдісі: іздендіру, сұрақ -
жауап
Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
«Тіл – ұлт
қазынасы» атты тіл апталығына байланысты
ұйымдастырылған сайысымызға қош келдіңіздер! (қол
шапалақтау)
Ендеше алдымен қазағымның
қастерлі әнұранын орындалады.
Сабақтың
барысы:
1 -
бөлім “Бәйге”
2 -
бөлім “Көкпар”
3 -
бөлім “Зеректік”
4 -
бөлім “Ой
қозғау”
5 -
бөлім “Шапшаңдық”
Cайысымызды бастамас бұрын
алдымен баға беруші әділ-қазылар алқаларымен таныстыра кетейік.
Бүгінгі сайысқа баға беруші әділ-қазылар
алқалары:
1. Мектеп директорының
міндетін атқарушы Ақтоты Жолдығалиқызы
2. Бастауыш сынып мұғалімі
Светлана Жұмабаевна
және де бүгінгі сайысқа
қатысушы сайыскер оқушыларымыз өздерін таныстыра
өтсін.
1. Ерболат
Мирлан
2. Хабибулла
Әлия
3. Иманғали
Бекнұр
4. Нұрболатова
Аяулым
5. Кенжеғали
Шыңғыс
1 - бөлім
“Бәйге”
Сонымен, бірінші сайыста әр
түрлі сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа
1
ұпайдан беріледі. Әр кезеңнен соң
әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып
отырады.
-
«Тіл сүйексіз болса да,
сүйектен өтеді» -деген мақалды қалай
түсінесіздер?
(Адамды күлдіретін де тіл,
жылататында тіл. Бұл мақалдан түйіндейтініміз тіл ащы да болады,
әрі тұщы да болады)
-
Жаңа ғасырда тілге қандай
талап қойылады?
(Қазіргі таңда қойылып отырған
басты талап, көп тілді өркениет талабы. Ол өзге тілді білу, бірақ
өз тілімізді әрқашан құрметтеп, биікке көтеріп жүруіміз
қажет)
-
«Тіл - ақылдың өлшемі»
- деген мақалды қалай
түсінесіздер?
(«Тіл - ақылдың өлшемі»
демекші Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай әр халықтың өзінің ана тілі
білімнің кілті)
-
Ана тілінің мемлекет үшін
маңызы қандай?
(Ана тілі-қазақ тілі. Қазақ
тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстанның 50
озық мемлекеттер қатарына кіруі үшін өз тілімізді қадірлеп,
аялауымыз керек. Сондықтан ана тілің білу мемлекет үшін
маңызды.)
-
Неліктен тілді анамен
байланыстырады?
(Тілді ана сөзімен
байланыстырып айтуымыздың себебі, ол біздің туған тіліміз және
анамыздың ақ сүтімен таралады. Сол себептен тілімізді ана деген
сөзбен байланыстырып айтамыз.)
2 - бөлім
“Көкпар”
Бұл кезеңнің шарты мынадай –
алдарыңызда сандар жазылған парақшалар тұр. Көздеріңізді жұмып сол
сандардың біреуін кезекпен таңдап аласыздар. Егер сұрақтарға дұрыс
жауап берсеңіз сол сан сіздерге ұпай болып
қосылады.
1
ұпай. Сен қай Республикада тұрасың?
(Қазақстан Республикасында)
2
ұпай. Тіл туралы заң қай жылы
қабылданды? (1997ж)
3
ұпай. Қазақстанда мемлекеттік тіл
қай тіл? (қазақ тілі)
4 ұпай.
«Кел балалар оқылық!» өлеңінің
авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5
ұпай. Мұқағали Мақатаев кім және қай
жылдары өмір сүрген? (1931-1976)-ақын,
аудармашы.
3 - бөлім
“Зеректік”
Бұл кезеңнің шартымен таныс
болыңыздар. Қазір мақал – мәтелдер оқылады, олардың бір сөзі
түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге
аударсаңыздар, 3
тілде де дұрыс жауап
айтылса 3
ұпай,
2
тілде дұрыс жауап
айтылса 2
ұпай, тек
1
тілде дұрыс жауап
айтылса 1
ұпай қосылады.
-
Өнер алды ...
тіл. (қызыл-красный-red)
-
.... инемен құдық
қазғандай. (білім-образования-education)
-
Доссыз .... – тұзсыз
тағам. (өмір-жизнь-life)
-
Білімі көпті дау алмайды, ....
көпті жау алмайды. (дос-друг-friend)
-
Төбе.... тік
тұрды. (шаш-волос-hair)
-
Қас пен....
арасында. (көз-глаза-eyes)
-
Отанды сүю.... басталады.
(отбасы-семья-family)
-
Көп
сөз – көмір, аз сөз -..... (алтын-золото-gold)
-
Сегіз қырлы.... сырлы. (бір-один-one)
-
... кеме, білім
теңіз. (мектеп-школа-school)
4 - бөлім “Ой
қозғау”
Оқушылардың қызығушылықтарын
ояту мақсатында «Ой қозғау» әдісін пайдаланып, «Тіл» сөзіне
анықтама беру. Әрбір жазылған сөзге
1
ұпайдан беріледі. Көбірек жауап жазған
адамның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.
5- бөлім
“Шапшаңдық”
Яғни оқушылар кезекпен тіл
туралы мақал-мәтелдер айту қажет. Айтылған әр
мақал-мәтелге 1
ұпайдан беріліп
отырады.
-
Өнер алды – қызыл
тіл
-
Тіл арқылы біз оқып, білім
аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
-
Тіл халықпен бірге жасайды,
дамиды, өркендейді.
-
«Тіл - тәуелсіздік
тұғыры».
-
Тіл – атадан балаға мирас
болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
-
Тілдің адам өмірі үшін мәні
айрықша.
-
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі
кең әлем».
-
«Тіл – асыл ойдың
бұлағы».
-
Өнер алды -қызыл
тіл.
-
Тіл қаруы –
сөз.
«Тіл – ұлт қазынасы», «Өзі де
жоғалған жұрттың тілі де жоғалады» демекші өз тілімізді құрметтеп
жүрейік. Осымен «Тіл – ұлт қазынасы» атты сайысымыз аяқталғалы
жатыр, сөз кезегін сайыскерлерге баға беруші әділ-қазылар алқасына
берейік. (әділқазы алқалары
жеңімпаздарды анықтап, оқушыларға жүлделі мадақтама қағаздарын
табыс етеді )