Тақырыбы : Үйдегі
қауіпсіздік.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік
беру. Көктем туралы білімдерін бекіту. Өрт тілсіз жау,өрттен
сақтану жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын
жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа
айтқызу,тақпақ,көрініс,сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман
қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге,
ұқыптылыққа,тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жедел жәрдем, газдың, өрт
сөндіруші машина суреттері.Өрт туралы
суреттер.
Әдіс тәсілдері: Шаттық шеңбер,
әңгімелеу,түсіндіру,сурет бойынша әңгіме,сұрақ –
жауап,көрініс,сергіту сәті,
қортындылау.
Сөздік жұмыс: Разетка, газ балон,газ плитасы,
алау, резеңке.
Шаттық шеңбер:
Армысың ашық
аспан!
Армысың нұрлы күн
!
Армысың
балабақшам!
Армысың
достарым!
Жарайсыңдар балалар ендеше өз өрнымызға
жайғасамыз.
Сабақтың барысы: Балаларды сабаққа
ұйымдастыру.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі
?
- Қазір жылдың көктем
мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай
бар?
- Көктем мезгіліннің ерекшеліктерін атап
беріңдер?
- Күн жылынады,ағаштар бұршік атады,құстар
ұшып келеді.
- Көктем туралы тақпақ кім
біледі?
Қар еріді, су
ақты,
Күндер келді
шуақты.
Байтақ дала
келбеті,
Түкті кілем
секілді.
Шуақты көктем келді
,гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бәрі
анық.
Өмірдің көктеміде ,гүлі
аналар,
Ана деп бас иеді күллі
халық.
Жаңбыр жауып басылды
,
Күлімдейді көкте
күн.
Кемпірқосақ
ашылды,
Өрнегіндей
көктемнің.
Келді көктем
далаға,
Келді сұлу
шағала.
Аспандағы ақ
құстар,
Ауылымды
арала.
- Бір аптада неше күн
бар?
- Бір аптада жеті күн
бар.
- Сол жеті күнді атап
беріңдерші?
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
бейсенбі, жұма,сенбі, жексенбі. Жарайсыңдар
балалар.
Балалар өрт тілсіз жау. Біз неге тілсіз жау
деп айтамыз,өйткені біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі
газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға
болмайды.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз
керек.Сондықтан сақтану ережелерін білуіміз
керек.
1. Сіріңке мен оттықпен ойнамауымыз
керек.Олар өртке әкеліп соқтыруы
мүмкін.
2. Газ плитасына жақындамау
керек.
3. Газ плитасы жанып тұрған кезде асханада
жалғыз қалмау.
4. Разеткаға жақындама,оған әрбір заттарды
тықпа,әйтпесе тоқ ұрады.
5. Аулада от жақпа ол өртке әкеліп соғуы
мүмкін.
Балалар міне осы ережелерді ұмытпай есте
сақтауымыз керек.
Балалар өрт туралы жаттаған тақпақтарымызды
айтайық.
Өрт пен түтін
айнала,
Қарап тұрма жай
ғана.
Тез хабар бер 101
–ге
Уақытты сен
байлама.
Үтікпен киім
басарда
Сақтық керек саған
да.
Мұқият бол
қашанда,
Үйде жалғыз қалған
да.
От жақпа
күйерсің,
Өртеніп
жүрерсің.
Сіріңкені
ұстасаң,
Бәлеге сен
түсерсің.
Үлкендерді
сыйлаңдар,
Шашылғанды
жинаңдар.
Өрт боларын
ойлаңдар,
Мамыққа от
қоймаңдар.
Жарайсыңдар балалар: Өрт туралы тақпақтарды
жақсы айттыңдар.Енді балалар үйдегі қауіпсіздік жайлы көріністер
тамашалаңыздар. Көрдіңдерме балалар үлкендердің көмегінсіз газ
плитасына бармауымыз керек.Айгерім анасының айтқан сөзін тыңдамай
тамақты плитаның үстіне қойып еді, Айгерімнің қолы күйіп
қалды.
Қортынды:
- Балалар бүгін біз не жайлы
әңгімелестік?
- Өрт жайлы
әңгімелестік.
- Қандай ережелер айтып өттік,қане еске
түсірейік?
- Сіріңкені ұстама,қолың күйеді,газ пешіне
жақындама күйесің, ток көзіне жақында ма тоқ
ұрады.
- Айгерімнің анасы көмекке кімді
шақырды?
- Жедел
жәрдем
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге
ұнадыма?