«Мерейлі күз, мырза күз»
мерекесі
Мақсаты:
Күз
мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат
әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.
Күз
көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы
байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін
қалыптастыру.
Залды
безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті
маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.
Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы
Кейіпкерлер: Күз аруы, Сәбіз бөбегі, Алмұрт ата
Музыкалық репертуар:
Ән: «Жау- жау жаңбыр»
Би: «Жапырақтар» Чайковский
Ән: «Қолшатыр»
Би: «Саңырауқұлақтар»
Би: «Шық тамшысы»
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Бұлттар төніп,
Жерге
шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп
сарғайып,
Өңі
тайып,
Дала
сұры қашады.
Бой
жаза алмай,
Ойнай
алмай,
Денең
мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл
қай кезде болады?
Балалардың жауаптары: Күз мезгілі
Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.
Күз аруы: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап
жапырақ солыпты.
Ел
егінін орыпты.
Алма,
өрік, шиелер,
Себеттерге толыпты.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз
келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің
залдарыңызға қоныпты.
Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Мерейлі күз, мырза
күз» мерекемізге қош келдіңіз!
Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы
көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Мен сендерге сурет
белгісін көрсетемін, ал сендер маған сол туралы сипаттап беріңдер.
Жауап берген балаға әдемі жапырақ сыйланады.
Жауды
жаңбыр көлдерге,
Ағаштарға, белдерге.
Қ-сы:
Жаңбыр, жаңбыр, соқпашы,
Ойнайықшы тоқташы.
(бұлт, бидай масақтары, жемістер толған себет, сарғайған ағаш,
құстар)
Балалардың жауаптары: (осы суретке қатысты сипаттау
сөйлемдері).
Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы
білімдеріңіз өте жақсы екен.
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге
түсіп шашылған,
Жел
үрлесе қалықтап.
Менің
көйлегімде, залда күздің ерекшелігі сары, қызыл жапырақтар. Ал олар
қай ағаштан түскендерін тани аласыздар ма?
Ойын: «Өз ағашыңды тап»
Шарты: Үлкен суретте қайың, емен, үйеңкі ағаштары
бейнеленген. Шашылған жапырақтардан өз ағашына сай жапырақты таңдап
іліп қою керек. Кім тез болады, сол жеңеді.
Күз Аруы: Біздің балалар ағаштар жапырағын білгеніне риза
болдым, күзгі өлкемізді әсемдейтін менің жапырақтарым сіздерге би
билесін.
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалардың басқа да
өнерлерін тамашалаңыз.
Ән: «Қолшатыр»
Өлеңі: Е.Өтетілеуов, Музыкасы: Д.Ботбаев.
Тақпақтар:
Батырхан: Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Айсара : Құстар қайтты ән салып,
Бұлт
шарлады аспанды.
Қыс
келеді жар салып,
Күзгі
суық басталды.
Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып
музыка залына кіреді.
Сәбіз: Мен тәттімін!
Алмұрт: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!
Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа
бермей, балалардан сұрап көріңдер.
Алмұрт: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!
Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!
Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алмұрттың
қандай пайдасы бар?
Балалардың жауаптары:
Жүргізуші: Сендер енді келісесңідер ғой балалардың
жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!
Күз аруы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым.
Алмұрттың достары кім? (балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары
кім? (балалар көкөністерді атайды)
Ойын: «Көкөніс пен жеміс»
(Жеміс пен көкөністерді ажыратып, екі себетке салу).
Жүргізуіші: Көңілді өскен балалар,
Ойнай
жүріп өседі.
Даламның гүлі жаңбырдың,
Тамшысымен өседі.
Ән: «Жаңбыр» Ж.Қалжанов, Т. Базарбаев
Жүгіріп көлге келдім ғой,
Жаңбыр қандай ей-ей-ей!
Қ-сы.
Тақпақтар:
Нұрай : Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр» деймін
Уылжыған өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Ержан : Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін
Бала
келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Аңсар : Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп,
Оның
аты –өрік
Айсұлу: Нарттай қызыл алмамын,
Мәз
болады алғандар.
Жазда
әдемі киінем
Тілді
балдай үйірем
Азамат : Іші толған шәрбат
Дәмі
қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның
аты – жүзім.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Сәбіз бен Алмұрт: Балалар, жеміс пен көкөністерден
мамаларыңыз күзде қандай тағам жасайды? Білесіңдер ме?
Балаладың жауаптары.
Сәбіз бен Алмұрт: Онда ойын ойнайық.
Ойын: «Салат пен тосап»
Шарты: Балалар жеміс, көкөніс киімдерін, маскалар киіп,
музыка әуенімен еркін билейді. Музыка тоқтағанда балалар екі топқа
бөлінеді.
Алмұрт ата: мен сіздерге жұмбақ жасырайын
Қойнында наны бар.(бидай)
Бір
түйме жоқ ілінген (қырыққабат)
Астында қызғылт дәу жатыр(қызылша)
Ал
қызыл болмай аузыңа салма (қызанақ)
Тақпақтар:
Санжар : Күзім, күзім, күзім
Пісті
алма, жүзім
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел
алайық, біз теріп.
Досымжан : Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ризамыз.
Аппақ
арай таңымызда
Шомыламыз нұрға біз.
Ерхан : Күз мезгілі қамбаға
Қауын, қарбыз толады.
Біздің ауыл жайлауда
Күздеуге кеп қонады.
Аяла : Алтын, алтын сары алтын
Алтын
күзде нұр жатыр
Ақ
бидайды оратын
Алақай –ау күн жақын.
Би: «Шық тамшысы»
Тақпақтар:
Алтынай: О, алақай тамаша
Шашу
шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Алуан
түрлі жапырақ
Мұхаммед-Әли: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел,
жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Кәусар : Күз келіпті дегенше
Жеміс
пісті дегейсің
Бағымызда ендеше
Алма
теру көбейсін
Аңсар : Көбейді құт – береке,
Астық
толы қоймамыз.
Құтты
болсын мереке,
Алтын
күзді тойлаймыз.
Жанас : Жемісі мол беретін
Күз
дос екен бізбенен
Бәрін
тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ару Күз, Алмұрт, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен
жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар.
Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп
рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп
келейік. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!
Жүргізуші: Балалар, «Мерейлі күз, мырза күз» мерекесі
осымен аяқталды. Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті,
соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!
«Медина Лидер»
балабақшасы
«Балапан»
тобы
«Құлыншақ»
тобы
Тәрбиешілер: Жарылқасын
Р
Әшім А
2018ж