Материалдар / Сыныптас тыс жұмыс "Мұқағали поэзиясындағы физика" 10-11 класс

Сыныптас тыс жұмыс "Мұқағали поэзиясындағы физика" 10-11 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген кластан тыс жұмыс. Пән апталықтарында, ақынның туған күніне орай қолануға болады. материалда ақынның бірқатар өлеңдері талданады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
471
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы

Мұғалжан ауданы

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Физика- информатика пәндерінің мұғалімі

Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы



МҰҚАҒАЛИ ПОЯЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЗИКА



Кештің мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.Мақатаев жырларындағы физикалық құбылыстар мен терминдерге тоқталу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ақиық ақынның 90 жылдығынаа арналған «Мұқағали лирикасындағы физика» атты әдеби-сазды сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.

        Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
       Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
        Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 
Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оның жырынан табиғат та, өмір де көрініс тауып, тұтас ғылымға айналып жатқандай

Халқымыздың ертегілерінде, салт-дәстүрлерінде, аңыз- әңгімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір-бірімен астасып жататыны белгілі. Ендеше физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол табиғат құбылыстарының құпия-сырларын түсіндіретін болса , әдебиет сол құбылыстарды әсерлеп, көркемдеп суреттей отырып жеткізеді. Ендеше бұл екі пәннің арасында байланыс барлығын ақындардың табиғат жайында жырлаған өлеңдерінен көруге болады.

Физика сабақтарында Мұқағали поэзиясындағы өлең шумақтарын қолдану оқушыларды ғылыми тұрғыдан білім беру және сонымен бірге оларды адамгершілігі мол, елін , жерін сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.

Табиғатты жырламайтын ақын өмірде жоқ та шығар. Бірақ, сол ақындардың табиғатты жырлауда әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.

М.Мақатаевтың тіршіліктің тірегі табиғат құбылыстарын физикалық заңдылықтармен үйлестіре отырып жырлағанын әр сабақта тиімді қолдана білу оқушыларды табиғатты сүюге, оның ғылыммен үндестігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда Мұқағалидың мына жыр шумақтарында табиғат туралы:

Ей, табиғат, шеберсің –ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің,

Ұланғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың – анау, Күнің – анау, Жер-мынау

Ау адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды олсені, мені, елді де!- деп жырлады. Бұл шумақта бір сөзбен айтқанда табиғатсыз адамдардың өмір сүре алмайтыны айтылса, физикада әлем кеңістігін қоршап тұрған материя екендігі, сонымен бірге, табиғаттағы тіршіліктің бір- бірімен тығыз байланысты екенін яғни табиғатта басы артық дүние жоқ екенін түсінеміз.

ҒЫЛЫМИ ОЙЛАУДА ӘРҚАШАН ПОЭЗИЯ БОЛУЫ ТИІС

А.Эйнштейн

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру «Мұқағали ізімен»

  2. «Ән - ғылым» М.Мақатаевтың әнінен физикалық құбылысты тауып, талдау.

  3. «Тез ойлан» Берілген өлең жолдарынан физикалық құбылыстар мен терминдерді табу

  4. Шығармашылық жұмыс

  5. Мұқағалиға арнау

1 – бөлім бойынша кезекті қатысушыларға береміз.



Көп аялдамай кезекті келесі бөлімге береміз. «Ән – ғылым»

Баршамыз 1 – топқа арналған әнді тыңдаймыз. Ал, бірінші топ осы әннің атауын тауып, ән бойындағы физикалық құбылыстар мен терминдерді ашады.



Ал, енді 2 – топ әніне құлақ түрейік.



Жақсы, 2 топтың жауаптарын тыңдадық. Сайысымыз ары қарай жалғасын табады. Бұл бөлім «Тез ойлан» деп аталады.

Әр топқа 12өлеңнен оқылады. Әр өлеңдегі физикалық құбылыстар мен терминдерді табу керек.



1 – топ:

1 . Арулар – асыл жандар!

Шуақ боп шашылғандар.

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар.

Арулар – асыл жандар!

Арулар – асыл жарлар!

Арулар – әрбір үйдің шаңырағы,

Әрбір үйге от болып жағылады.

Әрбір үйде таң болып – атты дағы,

Әрбір үйге сәуле болып жамырады.

Арулар – аяулылар, ардақтылар

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

2. Аспан мен жер

Уақыт заман жайлы,

Соны ойлап,

Көңіл шіркін алаңдайды.

3. Неге жыламасын?

Неге жыламасын, бәрісі де жылаған,

Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.

Түнек болып келе жатқан тажалға,

Аттануда, аттануда тірі адам.

Жылап жатыр, жылап жатыр еріндер,

Жыламаған жалғыз ғана кебір жер.

Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,

Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.

4. Бар әлемнің осында көз жанары,

Барлық нәсіл Ильичтің өз қонағы.

Жер кіндігі іспеттес осы жерде,

Қозғалады дүние, қозғалады.

Қозғалады мұхиттар, материктер,

Тілдеспей – ақ, бір – бірін түсінгендей.

5. Жанымды үңгіп жанарың жеп барады,

Неге сонша телміріп көп қарадың?

Дөп қарасам мен саған өртенерсің,

Өртенерсің, қарама , кет, қарағым!

Аққуды атар мергенің мен емеспін,

Ажал оғын алған жоқ менен ешкім,.

Айдын көлдің аққуын арашалап,

Аттан салып талаймен төбелестім

  1. Ай – жұлдыз абыр – сабыр араласып,

Түн кетті шымылығын ала қашып.

Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп,

Күн ұшып келе жатыр, далаға шық.

  1. Үн біткен бұлай емес тегіс неге,

Қайта орал, сиқырлы үн, көріспеген.

Апыр – ай, әлгі бір үн қайдан шықты,

Адам ба, қанатты бір періште ме?.

  1. Тағы да таң атады, күн шығады,

Түн келеді, тіршілік тыншығады.

Ауысып алма – кезек тұрсын әлі,

Ей, менің өмірімнің күн шуағы.

  1. От та болғым келмейді жылуым бар,

Жылуым бар, келіңдер, жылыныңдар.

  1. Сен қартайдың дегенге мен сенбеймін,

Әжімменен кәрілік өлшенбейді.

Әжім деген әйгілі тамшы – уақыт,

Тамшы уақыт тасты да жеңсем дейді.

  1. Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
    Су тартылған теңізден, жылғалардан.
    Нелер ұрпақ аттанған қуған арман.
    Не бар дейсің,Өмірге тұлға болған,
    Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.

    Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
    Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
    Менің жаным ашиды мына өмірді,
    Өтпейтіндей көретін адамдарға!

  2. Күн ауысып барады түнге қарай,

Шығыста - кеш, батыста кірген арай.

Күн шыққан жерден әркез түн келеді,

Маған солай, білмеймін, кімге қалай?!


2 – топқа:

  1. Жер айналдың, мен төсіңе жайғастым,

Сеніменен аспан бардым, ай бастым.

Дөңгеле, Жер!

Дөңбекші, Жер!

Айнал, Жер!

Арқаңнан мен айырыла қоймаспын

  1. Көктем де келер,

От ойнар әлі аспанда.

Көгерер әлі:

Кәрі емен, қайың,

жас тал да,

Дүлейдің шоғы

түспесе екен деп тіле,

Аспанда апат,

Зарядтар жағаласқанда.

  1. Жайымен жапалақтап қар жауып тұр,

Үлгермей де қалдық қой қамданып бір.

Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,

Бұталарға қарайды таңданып бір.


  1. Көкжиекке ымырт кеп асылады,

Түн келіп, дүниені басынады.

Күн неге асығады, асығады?

О, жарық дүнием – ай, қуатым – ай,

Несіне асығасың, тұра тұрмай!

Өмірді басқа арнаға бұратындай,

Түннен қорқам, мәңгілік тұратындай.

Тоқташы, тоқтай тұршы, қуатым – ай!

  1. Жарқырайды түнгі ауыл оттары,

Адам даусы, пысқырынған аттары.

Қызыл сәуле бір көрініп, бір сөніп,

Белден асып машиналар кетті әрі.

  1. Сұмдығы ай осы біреу мұң дауыстың,

Шыға алмай көкіректе тұнған ұшқын.

Күй тартып көкіректе боздатады,

Сұмдығы ай осы біреу мұң дауыстың.

Осы бір мұң дауысты естігенде,

Ән болып көмейімде есті жел де.

Ойыма ойран салып осы бір үн,

Бауырымды ұстарамен кескілеуде.

  1. Менің де бір шуағым бар жинаған,

Бұлтты күндай буырқанам, қиналам.

Өзімді емес, өзгелерде жылытайын,

Жарық дүние, жақсылығыңды қи маған.

  1. Ағылады екен – ау бұлай халық,

Бар адам бір адамдай тұр ойланып.

  1. Білмеймін, асығатын Жер ме, Күн бе,

Белгісіз не күш мені тербетуде?

Қара Жер қашан өткен Күнді айналып,

Қозғалмай – ақ тұрмын ғой Жер бетінде.

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,

Жер қайда асығады, Күнді айналып.

  1. Алыста, сонау аспанда,
    атыстар сірә, басталды.
    Жай түсіп жатыр тастарға,
    жайратып жатыр асқарды.
    Дүрілдеп біраз тұрді да,
    гүрілдеп ала жөнелді.
    Аспанды құдай ұрды ма,
    айырар ма екен төбемді
    жарқ етті алды көзімнің
    өртене жаздап басылдым.
    Отыс ба әлде өзімнің,
    оты ма әлде жасынның?!

  2. Махаббат диалогы

Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің?

- Сені мәңгілік іздеумен өтер едім.

Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Күл болып бірге соңыңнан кетер едім.

Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

Жел болып қуып, ақыры жетер едім.

Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

- Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін

12. Бойжеткендер тойларын жасарында,
бозқараған жағады ошағында,
желік беріп тұратын жеңгейлерге
әтір иісін әкеліп аш ауылға.


Мінекей, сайысымыздың 3-ші бөліміне де жеттік. Бұл бөлім шығармашылық бөлімі. Экрандағы М.Мақатаев әнінің клипі ойнап біткенше, берілген ақ параққа қарсылас командағы жұмыс даярлайсыздар. Ол сөзжұмбақ, логикалық сұрақ т.б. болуы мүмкін. Бірақ, тақырыбы физика және М.Мақатаев.

2 – ші клип басталғанда дайын болған жұмысты 1-1 імізбен алмасып, әннің аяғына дейін шешімін табу керекпіз. Ендеше, іске сәт!


Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса 90 жасқа толар еді.

 Сайыстың келесі бөлімі «Мұқағалиға арнау».

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, 
жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.


М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.


Мұқағалидың табиғат жайлы өлең шумақтарын, оның әрбір сөйлемін, әрбір сөзін талдап көретін болсақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ, тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, ақынның табиғатқа арнаған мына өлеңімен аяқтағым келеді:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың,

Ол- анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

























МҰҚАҒАЛИҒА АРНАУ немесе ақынмен сырласу





































М–
Ұ–
Қ–
А–
Ғ–
А–
Л–
И–









Тақырыбы _______________________________________

_____________, Сен бақыттысың! __________________.
_______________ _____________жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
_________________ ______________,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей _____________--!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы _____________қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл ___________ __________________тозбасыма.<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ