"Тарихыңды білесің
бе?" интелектуалды
сайыс
7 сынып
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар,
ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Тарихыңды таны атты
сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен ақыл
ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ойынға алты адамнан тұратын екі топ
қатысады.
Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері –
«Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар - нағыз тарихи
дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында
күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби
көркемдік тәсілдермен өрнектелген.
Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал
біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз
Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды
бастайық.
Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. _____________________ – география пәнінің мұғалімі
2. _____________________– оқу ісінің меңгерушісі
3. _____________________– тарих пәнінің мұғалімі
Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушы
топтарымызды таныстырса:
Ал енді сайысымыздың өту
барысымен таныстырайық.
1.
«Бәйге» бөлімінде оқушылар сұраққа
жауап береді.
2. "Тіл –
өнер» оқушылар тарихи терминдерге
қатысты сұрақтарға жауап береді.
3. «Ойлан
тап» тарихи жылдармен оқиғаларды
сәйкестендіру
4.
«Көкпар» бөлімінде жұмбақ сандардың
астындағы сұрақтарға жауап береді.
5. «Жорға» quiziz арқылы топқа сұрақ
қою.
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің
«Бір аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға
сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші
бөлімі «Бәйге» деп аталады. Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр
бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1
ТОП
1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» жылдары?
А) 1722-1727жж б) 1724-1727жж
в) 1723-1727жж с)
1723-1726жж
2. Сырым Датұлы асқан
ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында
атанды?
А) «Бала батыр» б)
«Бала
би» в) «Жаны жайсаң,
ақкөңіл»
3. Жоңғарларға зеңбірек құюды
үйреткен шведтік тұтқыншы?
А)
Иоган Густав
Ренат б) И. Георги в) Батыр қонтайшы
с) Канси
4. Бұрынғы Жайық қаласы
қазіргі қай қала?
а)Орал ә)Ақтау б)Өскемен
в)Семей
5. «Орынбор қырғыздары жөніндегі
Жарғыны» түпкілікті жобасын бекіткен Ресей
патшасы?
а) 1 Петр ә) 2
Петр б)1
Александр в) 2
Александр
6) 1854 жылы бой көтерген
бекініс?
А) Қапал
б) Верный в) Пішпек с)
Тоқмақ
2
ТОП
1. Ордабасы жиынында үш жүздің
бас қолбасшысы болып сайланды?
А) Сәмеке
б) Әбілқайыр в) Әбілмәмбет с)
Абылай
2. Абылай хан Қабанбайды кім
деп атаған ?
а)Батырым
ә)Қолбасшым б)Дарабозым в)Оң
қолым
3. Жоңғар басқыншыларына қарсы
белсене араласқан қазақтың қайсар қыздары?
а)Айтолқын б)Айбике в)
Гаухар с)
Ақтолқын
4. Қазақ даласында темір
ұстаханаларын салудың бастамашысы болған?
А) Бұқар жырау б) Нұр-Әли в)
Әбілқайыр с) Абылай
5. 1784 жылы қазақ жеріне
келген Орынбор губерниясының бастығы?
а) Д.Ч. Бульжер б) В.И. Даль
в)О.А.
Игельстром в) Г.С.
Карелин
6.
1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық
еткен?
А) Сырым Датұлы б) Жоламан
Тіленшеұлы в) Исатай Тайманұлы Кенесары
Қасымұлы
6)
1859 жылы салынған
бекініс?
а) Қапал б)
Верный в) Пішпек
с)Қастек бекiнiсi
2. Сайысымыздың келесі
бөлімі «Тіл - өнер» деп
аталады.
Мұнда тарихи терминологияларға
қатысты сұрақтар қойылады, жауапты кім бірінші болып тапса сол
сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір
дұрыс жауап 10 ұпай, орысша дұрыс жауабы 20 ұпай, ал ағылшынша
дұрыс жауабына 30 ұпай алады.
1. Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскүштерінің немесе бір
мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа
созылған ұрысы? (соғыс - война -
war)
2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа
елдермен қарым - қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды
түрде құрылған адамдар бірлігі қалай
аталады?
(мемлекет - государство -
governmend)
3. Қоғамдық қатынастарды
реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік -
құқықтық акт? (заң - закон -
laus)
4. ІІ дүниежүзілік соғыстың
кезінде антигитлерлік коалицияға ұйтқы болған мемлекеттер КСРО,
АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен
нығайту мақсатында құрылған мемлекеттердің халықаралық
ұйымы?
(Біріккен Ұлттар Ұйымы -
Организация Объединеных Наций - United Nations
Organization)
5. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшелігіне, шаш құрылымына,
сөйлеуіне, өзгеде ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын
кемсіту қалай аталады? (нәсілшілдік - рацизм - rasism)
6. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау,
заңсыз түртпектеу саясаты қалай
аталады? (қуғын - сүргін –
репрессия - represion)
3. Сайысымыздың келесі
бөлімі «Кім жылдам» деп
аталады.
Эранда берілген тарихи
тұлғалардың кім екенін тез, жылдам табу. Әр дұрыс жауап берілген
сұраққа 5 балл беріледі.
4. Сайысымыздың келесі
бөлімі «Ескерткіштер сыр шертеді» деп
аталады.
Берілген мозайкадағы
суреттерді құрастырып қай ескерткіш екенін
тауып, тарихын айту. Дұрыс
жауапқа 10 ұпай беріледі. Уақыт 3 минут
4. Сайысымыздың келесі
бөлімі «Қалалар тарихынан сыр шертеді» деп
аталады.
Бұл турымыздың ережесі тақтаға
ілінетін ұяшықта Қазақ халқының ежелгі қалалары жасырынған әр
сұраққа 10 ұпай беріледі. Егер сұраққа қиналса қосымша көмек
алуына болады көмек алса ұпайдың жартысы қосылады. Егер келесі топ
кезек сұрап кезегін берсе кезек сұраған топ жауап берсе ұпайдың
өзін еншілейді , жауап бере алмаса ұпай есептелмейді. Ойлануға
2минут уақыт беріледі
Келесі 5 – бөлім «Жорға»
әрбір сайыскерге 10 жедел сұрақтар
беріледі.
Келесі 6 – бөлім «Қазақ
киносы» кюзис сұрақтары қойылады. Дұрыс жауап бергендерге тәттілер
беріледі.
Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз
береміз.
Ендеше, бүгінгі «Тарихыңды
білесің бе?» атты интелектуалдық, тарихи танымдық сайыс
аяқталды.