жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныпты қадағалау әдістемесі. Мұғалім нені білу керек
Коучинг жоспары
|
Қ/сы |
Тақырыбы: |
1- сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі 2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы |
|
1 |
Мақсаты: |
Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады |
|
2 |
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды, қадағалаудың құрылымдалған және құрымдалмаған түрлерін салыстырады.Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп,аталған термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіреді. |
|
3 |
Түйінді идеялар: |
Қадағалау- ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі. Адамдар күнделікті қолданатын «бағдарламалық жасақтама» түріндегі мәдениет Проблемалық мәселелер: аталған «бағдарламалық жасақтама» бүкіл ұлт үшін ортақ па? Қоғамдастық үшін ше? Мәдениет құбылысын түсінугк қатыстылықты түсінудің маңыздылығы. Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірқатар «мәдениет» тұрғысынан қабылдау қажеттілігі және «мәдениетаралық» іс-қимылдың мәнін анықтау. Өз мәдениетін шамамен алғанда дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықтарты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру |
|
4 |
Сілтемелер: |
МАН. ғаламтар, АКТ |
|
5 |
Әдіс-тәсілдер: |
Миға шабуыл. Сергіту. Топтық жұмыс. Жағымды ахуал. СТО. Постер қорғау |
|
6 |
Өткізілген күні: |
23.12.2017ж |
|
Уақыты |
Тренердің іс-әрекеті |
Қатысушылардың іс-әрекеті |
Қолданылатын құралдар |
|
5минут |
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер. Бүгінгі сабағымызды «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» атты жағымды ахуал арқылы бастасақ. Ендеше 10-15 сек өзіңізге бір-немесе бірнеше тілек тілеңіз. Содан кейін бір-бірімен жұптасып, өзіне тілеген тілегін жұптасына айту керек |
Сәлемдеседі. Жұп болып бөлінеді,бір-бірнің қолынан ұстап, өзіне тілеген тілегін жұптасына айтады. |
|
|
5минут |
Топқа бірігу: Театр.Мұражай.Мектеп Мозайка әдісі |
Қағаз қималарын құрастыра отырып, топтарға бірігеді |
Мозайка әдісі |
|
15минут |
Миға шабуыл: «Шалқан» ертегісін |
Сахналау арқылы талдайды 1 топ саханалау 2 топ ертегі мақсатын 3 топ бағалау |
|
|
20 минут Топтық жұмыс |
Топтық жұмыс: Сыныптағы бақылау қалай жүргізіледі? Бақылау жолын атаңдар. Сіздің қадағалау әдістемеңіз бар ма? Қандай әдістер неғұрлым тиімді? Дайын жобаны талдайды. |
1-2 топ: Постер қорғайды. Топпен талдайды және топтар бір-бірін бағалайды 3-топқа Құрылымдалған бақылау кестесі беріледі |
А4, маркерлер, стикерлердің түстері арқылы бағалайды Интербелсенді тақтада көрсетіледі |
|
Сергіту сәті: 10минут |
Менің қасиеттерім қандай? Қасқыр, ит, мысық, тышқан-сөздерін тігінен жазып,1жолға ең ұнайтынын жазады, 2 жолға ретіне қарай 4жолға ең ұнамайтынын жазып шығады. Әр жануардың тұсына олардың қасиетін немесе ұнайды, ұнамайды –деп жазып шығады Мысалы: Мысық-жұмсақтық Қасқыр-батылдық Ит- адалдық Тышқан-ұсақтық 1 жолда- өзімізге жетіспейтін қасиет,өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз. 2-өзімізде бар деп есептейтін. 3- басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымыз, ел көзіне біз солай көрінеміз. 4-біздің неден қашқақтайтындығымыз, осы қасиеттен арылтуға ұмтыламыз |
Топ мүшелері өз реттілігін сақтай отырып орындайды және өздерінің пікірлерімен салыстырады. Бұл шынайы тестілеу емес, әзіл екендігін түсінеді. |
А4, маркер |
|
10минут Кері байланыс |
«Алақан» әдісі Басты мәселе-Бүгінгі сабақтағы ең құнды мәселе не болды? Бірлесу-Топта қалай жұмыс жасадым, кімге көмектестім? Ойлану-мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?Шынайылық-Сабақ маған ұнады ма? Көңіл-күй ахуалы-Мен өзім сабақта қалай сезіндім |
Сабақтан алған әсерлерін жазады |
А4, алақан суреті, маркерлер |
|
|
Рефлексия Сәтті: Сәтсіз: Ұсыныс: |
|
|
2 сабақ
|
Уақыты |
Тренердің іс-әрекеті |
Қатысушылардың іс-әрекеті |
Қолданылатын құралдар |
|
5минут |
«Жалғыз аяқ» Сабақтан алған әсері |
Екі қатарға қарама-қарсы тұрады, ортасынан өткен адам, әр қадамын басқан сайын, бүгінгі сабақтан алған әсері мен ұсынысын айтып өтеді |
|
|
5минут |
Сергіту және топқа бірігу: 1қазақша, 2 орысша, 3 ағылшынша |
Үш тілде санау арқылы топқа бірігу |
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерде сөздіктер |
|
5 минут |
Миға шабуыл: Мәдениет-дегеніміз не? Мәдениет сипаттамасының мәні |
Топта талдау жасайды және бір-бірін бағалайды. |
Ауызша талдайды және бағалайды |
|
10 минут Топтық жұмыс |
Топтық жұмыс: Мектеп мәдениеті-дегеніміз не? Қандай түрлері бар? |
Топпен талдайды және топтар бір-бірінің ойын жалғастыра отырып толықтырады және критерийлер құрастырады. |
А4, маркерлер |
|
10минут |
Презентация «Мектеп мәдениеті» |
Сұрақ-жауаптармен толықтырады |
Слайд |
|
5минут |
Сергіту: Көршіңді бақыла 15 сек. Аралығында көршісіне қарап алады, екеуі дірдей теріс қарап, байқатпай өзіне өзгеріс жасайды және бір-бірне қарап, айырмашылығын анықтайды -Неліктен осы ой қозғау әдісін қолдандым? -Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады? |
Бір-бірінің өзгешілігін табады және талдайды. |
Байқағыштық пен есте сақтаудың қалыптасуын қадағалау |
|
20минут |
Мектептегі және сыныптағы ахуал: 1. Жайлы және оқуға қолайлы физикалық орта 2. Қарым-қатынас пен әрекеттестікке түрткі болатын әлеуметтік орта 3.Ұжымшылдық және өзін-өзі сыйлау сезіміне ықпал етуші аффектік орта 4.Оқуға және өзін-өзі іске асыруға түрткі болатын академиялық орта |
Әр топқа арнайы тапсырма беріледі, топтар арасында талдайды |
Слайдпен көрсету |
|
5 минут Кері байланыс |
Б.Б.Б кестесі |
Білемін: Білдім: Білгім келеді: |
Рефлексия |
|
|
Рефлексия: Күшті: Әлсіз: Мүмкіндік: Кедергі: |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген