Материалдар / Шынықсаң шығып боласың!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шынықсаң шығып боласың!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
691
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

«» жекеменшік балабақшасы

әдіскері:

«___» қараша 2020 жыл






Спорттық сайыс

тақырыбы: «Шынықсаң шымыр

боласың!»











Өткізген:





Оқу жылы 2020-2021

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың!»


Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:
Шаттық шеңбер:

Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін
«Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру.
2. «Допты тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.


Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.
«Күншуақ»
тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала.

2. «Допты тез жеткіз»
Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.

3. «Акробатика»
Ойын шарты:
Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Тақтай үстімен тепе - теңдік сақтап өту.

5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!