Материалдар / Су.Ол қандай екен?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су.Ол қандай екен?

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың адам өміріне маңызы.Бұл жаратылыстану сабағынан менің өткізген ашық сабағым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: Қайназар №2 орта мектеп

Мұғалімнің есімі: Алимова Замира Абдуллаевна


Сынып: 2 сынып

Пәні: қазақ тілі


Күні:13.12.2017ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны


Ортақ тақырып: «Туған өлкем» Сабақтың тақырыбы:


Өлең құрастырып, каллиграмма жасаймын

. Сөйлемдегі сөздердің байланысы


Сабақ негізделген оқу мақсаты

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)



Сабақ мақсаттары:



Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийлері

Судың физикалық қасиеттерін анықтайды

Жүргізілген бақылауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.



Сабақтың түрі

Жаңа сабақ


Әдіс-тәсілдер

«Дұрыс-Бұрыс», «Сәйкестендір», «Мен зерттеушімін»


Пәнаралық байланыс

Табиғи су көздерін атау барысында дүниетану пәнімен байланысады.


Тілдік мақсат

Оқушылардың су тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Су және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді.


АКТ

Оқушылар табиғи су көздерін сәйкестендіреді.


Құндылықтарды дарыту

Суды үнемдей білуге тәрбиелеу





Бастапқы білім

Су


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



















Ұйымдастыру кезеңі:

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Біз өткен сабақта ауа туралы мағлұмат алған болатынбыз»

«Тез ойлан» ойыны. Дұрыс-Бұрыс жауабы бойынша алған білімімізді саралап аламыз. Жауаптарыңды қолдарыңдағы карточкалар арқылы көрсетеміз.

1. Ауа түссіз

2.Ауаның пішіні бар.

3.Ауа мөлдір 4. Ауаны көру мүмкін емес.

5.Ауа көзге көрінбейді

6. Таза ауада иіс болмайды

7. От таза ауада жақсы жанады

Жарайсыңдар,деп оқушыларды от шашумен бағалау.





«Дұрыс-бұрыс» карточкалары


Сабақтың ортасы

3 минут




















10 минут



























10 минут





































Ширату жаттығуы

2 минут












7 минут







Оқушылар,сендерге бір құпия хат оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар!

Құпия хат:

Мен сұйықпын да, мұзбын да,

Тамшысымын жаңбырдың.

Оюланған қыраумын

Жылымын да, салқынмын.

Шөлдесең кеуіп кенегең,

Мейіріңді қандырдым

Сыйлаймын мен тазалық,

Рақат беріп денеңе,

Айта қойшы кіммін мен? (Су)

Дұрыс оқушылар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі сабақта судың қасиеттері жайлы білетін боламыз және табиғи су көздерін анықтайтын боламыз.

Сабақтың мақсатын жариялау.

Балалар су ол қандай зат? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) Су туралы нe білeміз?

Бейнекөрініс тамашалау.

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Сабақ барысында біз судың қасиеттерін анықтайтын боламыз.

Ұжымдық жұмыс.

Оқушылар, қазақ халқында «Дария басы-бұлақ» деген мақал бар. Мақалдың мағынасын қалай түсінесің? Оқушылардың пікірлерін тыңдау. Әрине қандай дария,өзен болмасын бастамасын биік, үстірт жерден шығатын бұлақ, су көздерінен алатыны мәлім. Таза су қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың пікірін тыңдау

Қалыптастырушы бағалау «мақтау-мадақтау», «қандай ақылдысың», «тамаша жауап».

-Оқушылар, суретке назар аударайықшы, нені байқадыңдар?

Тыңдалым.

Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің, сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары боп шығады. Шық – ауа температурасы 0С-қа шамалас кезде қалыптасатын атмосфералық ылғал. Негізінен түнде және таңертең топырақ бетінде, өсімдік үстінде, тағы басқа байқалады. Шық – ауаның күрт салқындауының және су буының нәтижесі. Шық әсіресе ауа райы ашық және самал жел ескен кезде көбірек жиналады.

Оқушылар, араларыңда суды ұстай алатын бала бар ма?

(Оқушылардың жауабы )

Ұжымдық жұмыс

Тәжірибе «Су-аққыш»

Әр қатардан оқушы шығарып алақандарына су құю. Су сырғып ағып кетеді. Суды ұстау қиын, ол ағып кетеді. Демек қандай қорытынды шығаруға болады?

Балалар, біз суды қалай ұстаймыз? Суды мұз күйінде

Қалыптастырушы бағалау. «Жарайсыңдар!»

«Мен зерттеушімін» айдары

(ОТ, Қ) Оқушыларға түрлі тәжірибе үшін түрлі заттарды беру. Олардың қорытынды шығару қабілетін бағалау.

1-топ Тәжірибе 1. «Су — мөлдір

Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес»

Қорытынды шығару.

2-топ Тәжірибе 2. «Суда дәм жоқ»

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

3-топ Тәжірибе 3. «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

4- топ Тәжірибе 4. «Судың пішіні жоқ» Балаларға әртүрлі ыдыстар беріледі. Ыдыстарға су құю арқылы судың нақты пішіні болмайтынын анықтап, қорытынды шығарады.

Топтар бір-бірін смайликтермен бағалайды. Маған топ жұмысы ұнады. Маған топ жұмысы ұнамады.

Дескриптор

1.Тәжірибе негізінде судың қасиеттерін анықтайды.

«Жау-жау жаңбыр» әнін орындап,сергіп алады.

Ойлан. Жұптас. Бөліс.

Жұптық жұмыс

Судың қасиеттері туралы кестені толтыр.

Судың пішіні жоқ. Судың иісі жоқ. Судың түсі жоқ. Судың дәмі жоқ. Кестедегі сөздерді тиісті орынға орналастырады

Дескриптор:

Судың қасиеттерін кестеге түсіреді.

Жазылым.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың пікірлерін тыңдау. Табиғи су көздері туралы түсінік беру.

Табиғатта суды қайдан кездестіруге болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Жеке жұмыс. Оқушылар табиғи су көздерін анықтауы тиіс.

Суреттер мен табиғи су көздерінің атауларын сәйкестендіреді.

Дескриптор

1.Табиғи су көздерін анықтайды, ажырата алады.
















































Су, мұз










екі ыдыс,қасық









Стакан су,қант,тұз, қасық.






Стакан су,ванилин




Әр түрлі пішіндегі ыдыстар










АКТ










Суреттер, қалам











Қар қиыршықтары


Сабақтың соңы

3 минут

Ал, балалар, бүгінгі сабақтағы мақсатымызға біз қол жеткіздік пе? Судың физикалық қасиеттерін анықтай алдық па?

Оқушылардың білімін бағалау

Сабақты қорытындылау.

Құрметті оқушылар!

Әрқашан ашық аспан астында күн шуағындай бақытты өмір сүрулеріңізге және

судай мөлдір, сүттей ақ» болуларыңызға тілектеспін! Сіздер мәңгілік елдің білімді, дені сау ұрпақтары болып, тәуелсіздігіміздің туын биікте желбірете беріңіздер.

Кері байланыс:

Picture 5



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады


Дифференциация-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті

жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері


Қабілеті жоғары оқушыларға су туралы шағын өлең жазады

Берілген өлеңнің ұйқасын табады.

Су дегенің немене,

Достым, білгің келе ме?

Су ------------ баласы,

Су ------------ анасы.

Сусыз ------------ жоқ болса,

Дейміз оны ------------ жұмса.

Керекті сөздер: үнемдеп, өмір, табиғат,тіршілік.

Оқушыларға түрлі тәжірибе жасау барысында сұрақтар қою арқылы бағалаймын.

Партада дұрыс отыруды қадағалау.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?(оқытуды да, оқуды да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





 



































Қалыптастырушы бағалау парағы


Сабақ негізделген оқу мақсаты

2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру


Оқушылардың аты-жөні

судың физикалық қасиеттерін сәйкестендіреді

1-ұпай

Тәжірибе негізінде судың қасиеттерін анықтайды.

2-ұпай

Табиғи су көздерін анықтайды, ажырата алады.

2-ұпай

Жалпы ұпай саны

5-ұпай

1

Алмасбекқызы Аида





2

Волобуев Ринат





3

Дарьябай Тоқжан





4

Жекей Еларыс





5

Жұмахан Айғаным





6

Жеңісханұлы Шыңғысхан





7

Қанат Алиша





8

Қани Кәусар





9

Қаблахат Әлфиза





10

Қуанышбай Айжан





11

Қуанышбай Жанель





12

Ниетбай Бекарыс





13

Нурболқызы Айдана





14

Нурдыбек Аяна





15

Нуруллаева Нурай





16

Нүсіп Сұлтан





17

Нұрхат Жазира





18

Оспанов Ерасыл





19

Темірхан Кәусар





20

Тоқтарбекқызы Жаңылнұр





21

Усен Нұрлыбек





22

Шолтай айдана





23

Ырыскелді Ықылас





24

Гелдибаева Каусар






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!