Төрт түлік туралы
жинақ
Арғымаққа қарғып
мініп,
Шабандоз бала
шауып кетті.
Жүйрік аттың
арқасында,
Мәресіне бұрын
жетті.
Әукім–әукім!
Сиырым,
Сүтіңді сауып
алайын.
Кілегей тартып,
май шайқап,
Дастарханға
салайын.
Өрістен лағын
сағынып,
Ешкі ерте
келеді.
Жем орнына
қолыммен,
Киви берсем
жемеді.
Қ ой
жүнінен киіз басар,
Арқан есіп, көрпе
жасар.
Кисе-киім,
жесе–тамақ,
Мал жоқ шығар
қойдан асар.
Құру–құру,
құлыншақ,
Жем–шөбіңді
берейін.
Тұлпар болып
өскенде,
Бәйгеге қосып
жүрейін.
Бұзаулады
сиырым,
Апам уыз
пісірді.
Түбіне қатып
қалар деп,
Қазанды оттан
түсірді.
Қара қозы, көк
козы,
Қоңыр қозы–көп
қозы.
Көп қозының
ішінде,
Аласы, ағы, жоқ
бозы.
Секеңдемей
лағым,
Енеңді тыңда,
шырағым.
Тыңдау үшін
жаралған,
Тікірейген
құлағың.
«Төлдер
әліппесі»
Бұзау «М»-ны «Ө»-ге
қосып, - «Мө», - дейді,
Бота «Б»-ны «Ө»-ге
қосып, - «Бө», - дейді.
Құлын «Е»-ні «Е»-ге
қосып, «Е-е», - дейді,
Қозы «М»-ны «Ә»-ге
қосып, - «М-ә», - дейді.
«Мәә – мәә» деген
әні бар,
Жібек тоны–сәні
бар:
Қошақаным
момақан
Сүйкімді бір
жануар.
«Мее - мее» деген
әні бар,
Байқамасаң
жамырар.
Селтеңдеген лағым
–
Бір тынымсыз
жануар.
Күмбірлеген әні
бар,
Желкілдеген жалы
бар:
Желдей жүйрік
құлыншақ,
Желмей шапқан
жануар.
«Мөө - мөө» деген
әні бар,
Үй маңынан
табылар.
Мөңірегіш бұзауым
–
Маған үйір
жануар.
Шөре, шөре,
лағым,
Тентек болма,
шырағым!
Секектеме, деміңді
ал,
Селтеңдемей
құлағың.
****
- Әукім, әукім,
әукешім,
Қасиыншы
әукесін.
Енең әне
келеді,
Ақ мамасын
береді.
****
Ауылдардың қойы
бар,
Қойы бардың тойы
бар.
Сауса тәтті сүті
бар,
Сойса тәтті еті
бар.
****
Маң - маң басқан,
маң басқан.
Шудаларын шаң
басқан.
Екі өркешін қом
басқан.
Алабота,
теріскен
Тілін тікен
теспеген
Мұрындығы
келіскен.
«Малдың баласын
сүюі»
Қой сүйеді баласын
«қоңырым» - деп,
«Ештеңені білмейтін
момыным!» - деп.
Сиыр сүйеді баласын
«торпағым» - деп,
«Қараңғыда баспаған
қорқағым!», - деп.
Түйе сүйеді баласын
«боташым», - деп,
«Жаудыраған көзіңнен
тоташым!», - деп.
Ешкі сүйеді баласын
«лағым», - деп,
«Тастан-тасқа
секірген шұнағым!», - деп.
Жылқы суйеді баласын
«құлыным», - деп,
«Тұлпар болып
жүгірер құлыным!», - деп.
Төрт - түліктің
пірлері
Сиыр - Зеңгі
баба.
Түйе -
Ойсылқара.
Ешкі - Сексек
ата.
Қой - Шопан
ата.
Жылқы - Қамбар
ата.
Төлдерді
шақыру
Қойда жуас бозымды
–
Шақырамын қозымды:
Пұшайт! Пұшайт!
Қысқа ғана
құлақты
Шақырамын
лақты:Шөре! Шөре!
Желбіреген
тұлымды
Шақырамын
құлынды:Құрау! Құрау!
Білмейтұғын
ұзауды
Шақырамын
бұзауды:Аухау! Аухау!
Алатаудай
жоталы
Шақырамын ботаны:Көс
– көс! Көс – көс!
Мал қалай
дыбыстайды?
Түйе -
боздайды.
Қой ,ешкі -
маңырайды.
Сиыр -
мөңірейді.
Жылқы -
кісінейді.
Төрт түліктің
пайдасы.
Түйе -
байлық,
Қой -
мырзалық,
Ешкі -
жеңілдік,
Жылқы -
сәндік,
Сиыр –
ақтық.
Төрт түлік туралы халық
мақал – мәтелдері
Сиыр
туралы
Сиыр сипағанды
білмейді,
Жаман сыйлағанды
білмейді.
****
Мал жақсысы –
сиыр,
Жер жақсысы -
кебір.
****
Сиырдың сүті -
тілінде.
****
Сиырды
теппейді,
Сүтті
төкпейді.
****
Сиырға ер
жараспас.
Жылқы
туралы
Жалғыз шапқан ат
жүйрік.
****
Сырын білмеген
аттың
Сыртынан
жүрме.
****
Ат айналып қазығын
табар.
****
Аттың бәрі тұлпар
болмас,
Құстың бәрі сұңқар
болмас.
****
Ат - адамның
қанаты.
****
Жүйрік -
алысқа,
Жігіт –
намысқа.
Түйе
туралы
Нар жолында жүк
қалмас.
****
Көрмес – түйені де
көрмес.
****
Жығылсаң нардан
жығыл.
****
Қуырдақтың
әкесін,
Түйе сойғанда
көрерсің.
****
Соңғы түйенің жүгі
ауыр.
****
Атан түйе жүк
астында қартаяр.
****
Нар -
түйеден.
Тұлпар -
биеден.
****
Қой
туралы
Малды бақсаң қойды
бақ,
Май кетпейді
шарадан.
****
Қойдың сүті -
қорғасын.
****
Екі қошқардың
басы,
Бір қазанға
сыймас.
****
Ақсақ қой түстен
кейін маңырайды.
****
Қой өлсе, қозы
қалады,
Келер жылы өзі
болады.
Төрт түлік туралы
жұмбақтар
Көкке шаншып
құйрығын,
Келеді шауып
жүйрігім? (Құлыншақ)
Төрт бұлағы -
сүт,
Баққанға ол - құт.
(Сиыр)
Басында екі таяғы
бар,
Төрт аяғы
бар,
Сегіз тұяғы
бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
Табаны
өзінікі,
Мойыны
қаздікі,
Ерні - қояндікі.
(Бота)
Кішкентай ғана бойы
бар,
Айналдырып киген
тоны бар. (Қой)
Ірі денесі
–
Түздің
кемесі,
Жонында бар екі
төбесі. (Түйе)
Кезікті бір
жануар
Үстінде екі тауы ба.
(Түйе)
Ащыдан
басқа жемейтін,
Ыстық
шөлде отаны.
Шөлдесе
су демейтін,
Шешуі бұл
қай жануар? (Түйе)