Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сырдың сүмбіл саңлағы Нартай ақын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сырдың сүмбіл саңлағы Нартай ақын
Асылбек Аяжан М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі «Музыкалық білім беру» мамандығының 4 курс студенті
Жетекшісі:Кенжегараева Айқын Сулейменовна М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж оқытушысы
«Өткенін мақтан тұтып,бүгінін нақты
бағалай білу және болашаққа оң көзқарас
таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы». Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық жобасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы Дала елінің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының тұнып тұрған шежіресі іспетті. Мақалада сан ғасырлық тарихымызға,атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізге,салт-дәстүрімізге,әдер-ғұрпымыз бен бай мәдениетімізге баса назар аударылып,«Жаңғырудың бір бағыты өзіңнің мәдениетіңді және өз ұлттық кодыңды сақтау болып табылатындығы» атап көрсетілген [1]. Бұл әрбір этностың өз мәдениетіне ие бола тұра, салт-дәстүрлерін қадірлеп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, сан ғасырлық тарихты келер ұрпаққа аманаттау үшін берілген мемлекеттік тапсырма деп білеміз.Өйткені«Қоғамның, оның ішінде әрбір тұлғаның рухани жаңғыруы – өткені мен қазіргісінің келешекпен байланысы[2].
Қазақ даласы – Әбу Насыр Әл-Фараби мен Яссауи,Күлтегін мен Бейбарыс,Әз-Тәуке мен Абылай,Кенесары мен Абай,Қорқыт пен Құрманғазы және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелген – Ұлы дала.Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.Сондай мақтанышпен айтылатын ұлы тұлғаның бірі – көзінің тірісінде-ақ халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, баршаға танымал болған белгілі халық ақыны әрі композитор – Нартай Бекежанов. Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев ол туралы кезінде былай деген еді:
О, Нартай, шешен таңдай, қасқамаңдай,
Аузыңнан шыққан сөзің шекер-балдай.
Айтыссаң, алдырмассың ақындарға,
Жарқырап қараңғыда жанған шамдай[3].
Нартай жасынан Сыр бойының атақты ақын-жыраулары Балқы Базар, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Бұдабай, Тасберген, Омар өлеңдерін жатқа айтып жүрді.Нартайдың өнержолына біржола түсуіне себеп болған арғын, найманға атағы кең жайылған Арқаныңатақты ақыныТайжанның Сыр бойына келуі еді.Нартай содан бастапТайжанға еліктеп, даусын он екі тілді татар сырнайына қосып шырқауды үйренеді.
1934 жылы маусым айында Алматы қаласында халық өнерпаздарының бірінші слеті өтетін болады. ОғанНартай да шақырылады. Үлкен концертте «Замана бұлбұлы» атты толғауынорындап береді.Осыдан соң-ақ Нартай есімі кең байтақ республикамызға тарайды. Кеңес Одағы кезіндегі астанамыз Мәскеуде 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі болып, республика делегациясын Совнарком төрағасы О.Исаев пен оқу-ағарту халықкомиссары Т.Жүргенов бастап барады. Делегация құрамында халық ақындары Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Нартай, Орынбай, Нұрлыбек, Доскейлер болған.Осылайша Нартайдың өнер жолындағы алғашқы баспалдақтары басталып кеткен болатын.Ал, екі жылдан соң, Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі болып, оған Жамбыл бастаған ақындармен қатар Нартай да қатысады. Мәскеуден көңілді оралған Нартай Шиелі төңірегіндегі ақын-жыршылар мен әнші-күйшілердің басын құрап, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырады. 1935 жылы Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіне көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Бірер жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылып, өмірінің ақырына дейін сонда қызмет істейді. Кейін бұл бюро облыстық филорманияға айналады. Нартай 1949жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен екінші онкүндігіне қатысып, мәртебелі жиынды ашу құрметіне ие болады [3].
Нартай Бекежанов– ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.«Өздерің білерНартаймын!» деп жырлаған Нартай Бекежановтың әкесі кедей шаруа адам болған. Нартай екі жасқа толар-толмаста әкесі қайтыс болып, 13 жасына дейін анасы Бақытгүлдің тәрбиесінде өседі. Кішкентайынан зерек Нартай шешесінің айтып отырған өлеңдерін үйрене береді. Оның үстіне Нартайдың ағасы Мансұр да ақын адам болған екен. Міне осы екі жағдай Нартайдың әншілік-ақындық қасиетін ерте оятады.Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай-молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта-әмеңгерлікті әшкерелеген (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған батыл да уытты өлеңдер Нартай шығармашылығының бір бөлігін құрайды.Шығармаларының жинағы екі дүркін жеке кітап болып басылды. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Өсиет» деген атпен өлеңдер, дастандар, айтыстар енген жинағы жарық көрді.
Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Нартай суырыпсалма айтыскер ақын ретінде 1943 жылы Алматы қаласында өткен айтыста небір дүлдүл ақындар арасында Шашубай, Нұрлыбектермен қатар жеңімпаз атанады. Нартай ақынның айтыстарын өнертанушылар,танымал ғалымдар қазіргі жинақталған қолда бар дүниелерге қарай бөліп жүр.Мәселен,түре айтыстары қатарына «Нартаймен Апузаның айтысы», «Нартай мен Жібектің айтысы», «Нартай мен Ардақтың айтысы», «Колхозшылар айтысы», ал сүре айтыстары санатында «Нартай мен Нұрлыбектің айтысы», «Нартай мен Қазанғаптың айтысы», «Нартай мен Кененнің айтысы» бар.Нартай ақынның қаламынан «Кедей-Талап», «Наушаруан»,«Мәнсүр – Дәме дастаны» секілді дастандар туғанын біреу білсе, біреу білмейді. Нартайдың әншілік-композиторлық өнеріне,оның қазақ көркемөнеріне өзіндік бет-бейнесімен, қолтаңбасымен енгеніне, сіңірген еңбегіне ешкім де шек келтіре алмайды. Оның мақамы, әні, өнері – қайталанбайтын құндылық. Композитордың «Нартай әні», «Өздерің білер Нартаймын», «Алтын көкем», «Толқын», «Серпін», «Базарым өтіп бара ма?», «Бейбітшілік», «Аққайық жалған», «Жеңіс жыры», «Жаса, Қазақстаным!» сияқты сырлы да сиқырлы, жүрек тебірентерлік, құлаққа жағымды әндері бар. Сұрапыл соғыс жылдарында өнер адамдарынан құралған топ құрамында концерттік бағдарламамен өнер көрсеткен халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нартай Бекежановтар өздерінің отаншылдық рухтағы жыр-толғаулары мен жауынгерлерді рухтандырып, жеңіске жетеледі [4].
Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды.
Нартай Бекежановтың өнері көзі тірісінде-ақ әділ бағасын алды. 1939 жылы оған Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер атағы берілді. Сол жылы КСРО Жазушылары одағының мүшелігіне қабылданды. 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Нартай ақын 1954 жылы 64 жасында өмірден өтті[4].
Әрі ақын, әрі композитор, әрі орындаушы әнші бола білген жарқын тұлғаның өмірі халыққа қызмет етудің үлгісі болды.Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының алғашқы шымылдығы 1925 жылы осы Қызылорда қаласында түрілген еді. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1967 жылы оған Нартай Бекежанов есімі берілді. Қазір Нартай Бекежановтың есімімен аталатын Сыр бойының басты өнер ордасы болып табылатын Қызылорда қаласындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры талай жастардың рухани демалатын ортасына айналды.Бүгінде Нартай Бекежановтың есімін кейінгі ұрпақтарға насихаттау мақсатында ән -жинақ қорлары жасалып, арнайы оқу бағдарламалары енгізілсе,елін,жерін,ән-жырын, мәдени мұрасын сүйетіндей ұрпақ тәрбиелуде атқарар жұмыстарымыз жемісті болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы 2018ж.
2. Мемлекет басшысының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы
3.«Қазақстан»: Ұлттық
энцклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
1998ж.
4. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл