400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сурет техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге сурет салудағы алғашқы техникаларды үйрету мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Сурет техникасы.





Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге сурет салу жолдарын үйрету.

Тәрбиелік мәні : әдемілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Білімділік  мәні: Халық  әндерін ,  күйлерін  тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылық : оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, ой –өрісін дамыту

Құрал - жабдық, көрнекіліктер : қарындаштар, А4 қағазы және т.б

Сабақ түрі: аралас сабақ.



№

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.


2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Сурет туралы әңгіме.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

20 минут

Сурет техникасы .

4

Қорытындылау

5 минут

«Сурет салу техникасы».

5

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,-  «3»- .

6

Үйге тапсырма

4 минут

27-31 сурет сызу.






Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сурет салу.




І. Сабатың барысы: ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

ә) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

б) Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Жаңа тақырып. Сурет салу оңай емес, ол көпсатылы баспалдақ тәрізді күрделі кезеңдерден тұрады. Суретшіден аса табандылық пен еңбекқорлықты, сабырлылық пен ынтаны талап етеді.

Алуан түрлі құбылысқа толы қоршаған орта, тамылжыған табиғат пен аңазақ желді сахара шөлдер бар. Соларды суретші көзімен көру , оның басқалар байқай бермейтін әсемдігі мен бояуын саралай білу – тек суретшіге тән қасиет.

Сурет салуды үйрену барысында оқушы – «көлемді тұтас көру» атауы мен жиі кездеседі. Тұтас көру деген не, оны қалай түсінуге болады?

Тұтас көру дегеніміз – бейнелейтін дененің қандай да болмасын бір қырынан қарай отырып, көрінбейтін жағын толық көз алдыңа келтіру. Затты тек бір нүктеден отырып салу барысында оны әр нүктеден (әр жағынан) көріп, тексеріп сызып үйрену қажет.

Қандай сурет салсақ та, оның ішкі- сыртқы қаңқалақ құрылымы ой елегінен өткізіп тұрғызылады. Сонда ғана заттың құрылымын толық және тұтас көре аламыз. Әдетте қаңқалық – сызықтық суреттің арғы – бергі бөліктері мөлдір әйнектен көрініп тұрғандай әсер қалдырады. Осындай әдістерге жаттыққанда ғана перспектива заңдарын меңгере аламыз. Суреттің көпшілігі, әсіресе геометриялық денелер перспектива заңдылықтарына сүйеніп бейнеленеді.

Перспектива – латтынның «тұтас көру» деген сөзінен шыққан, яғни көрініс дегенге жақын келеді. Перспектива заңдылықтары өте көп, тек солардың басты екеуін міндетті түрде білуіміз керек.



Бірінші суретте оқушы айтқандай, тек өзіне көрініп тұрған жағын ғана салған, ол қандай зат екенін суреттен аңғару қиын.Тұтас көруді түсінбегендіктен көлеңке жағын штрихтаса да заттың көлемін, оның бірнеше қыры бар куб екенін көрсете алмаған.

Екінші суретте оқушы заттың жан-жағына назар аударып, перспектива заңдылығын пайдала отырып сурет салғаны көрініп тұр. Негізі тұтас көруді түсінген оқушы перспективаны да жақсы меңгереді, өйткені бұл екеуі суреттің бір-бірінен ажырамас негізгі заңдылықтары.

Енді тұтас көруді негіздей түсетін заттардың конструкциялық-қаңқалық құрылыммен танысамыз.Қаңқалық құрылым барлық заттар бар.Мысал ретінде ретінде кубтың суретін алуға болады.Сол сияқты басқа заттардың, геометриялық денелердің қаңқалық құрылымын зерттей отырып, талдау жасайық.Қандай сурет салсақ та, оның ішкі-сыртқы қаңқалық құрылымы ой елегінен өткізіп тұрғызылады.Сонда ғана заттың құрылымын толық және тұтас көре аламыз.Әдетте қаңқалық-сызықтық суреттің арғы бергі бөліктері мөлдір әйнектен көрініп тұрғандай әсер қалдырады.Осындай әдістерге жаттыққан оқушы келешекте перспектива заңдарын тез меңгере алады.Суреттің көпшілігі, әсіресе геометриялық денелер перспектива заңдылықтарына сүйеніп бейнеленеді.

ІІІ. Тақырыпты бекіту.1.Тұтас көру дегеніміз не?

2.Перспектива дегеніміз не?

ІY. Сабақты қорытындылау

Бағалау .Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.Перспективаға байланысты сурет салу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі