400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Суреттегі штрихтің әсерлілігі. Бояу жағындысы – кескіндемеші-суретшінің әсерлегіш құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Суреттегі штрихтың әсерлілігі. Бояу-кескіндемеші - суретшінің сурет салу құралы. 3-сынып.Көркем еңбек пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: : Суреттегі штрихтің әсерлілігі. Бояу жағындысы – кескіндемеші-суретшінің әсерлегіш құралы

Мектеп: №1мектеп-гимназиясы


Пән: Көркем еңбек

Күні:8.09.22.

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова Урия

Сынып: 3

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Оқу мақсаттары

Шығармашылық қабілеттерін арттыру, жаңа әсерлегіш құралдар: штрих және бояу жағындысымен таныстыру.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1 – орындау техникасын негіздеп таңдай отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету;

3.2.1.1 – қоршаған ортаның визуалды элементтерін əртүрлі тəсілдер мен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу;

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерімен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: білім- біліктерін №1 жұмыс дәптерінің 7–11-беттеріндегі тапсырманы орындағанда пайдалану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педогогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабаққа кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Мұғалім оқушыларға сызықтың әсерлі мүмкіндіктерін еске түсіруді сұрау. Оқушыларға өздері білетін материалдар жаңа тақырыпты меңгеруге септігін тигізеді.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді


Балалар сызық нені білдіре алатыны туралы өз ойларын айтады.

Қалыптастыру шы бағалау: Балалар бірін-бірі бағалау

Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұмыстары.


Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу







Материалды

түсіндіру








Практикалық жұмыс

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, ал оқушылар табиғат нысандары (жануарлар, өсімдіктер) қандай болатынын суреттейді. Оқушылардан нысандарды салу барысында жануарлардың үлпілдек жүнін, құстардың қауырсынын, кірпінің тікенегін сала алды ма? Сол жануарлардың фотосуреттерін не репродукцияларын көрсетіп, балалардың жауабын тыңдау. Суретшінің жаңа көмекшілері – штрих және сызықпен таныстыру. Олармен танысу арқылы оқушылар табиғат нысандарын жақсырақ қабылдап, бұрын назарына ілінбеген нәрселерді елей бастайды. Сондай-ақ оқушылар штрих және бояу жағындысы арқылы әсерлі жұмыстар орындайды.

Оқушылар сызықпен танысты. Ал бүгін сызықтың көмекшісі – штрихпен танысады. Тақтаға немесе альбомдарына алдымен сызықты, одан кейін бірнеше штрихті сызып көрсету. Одан штрихтарды сызады.

Мәтінмен жұмыс жасау.

Тапсырмаларды орындау.

Оқушылардан нысандарды салу барысында жануарлардың үлпілдек жүнін, құстардың қауырсынын, кірпінің тікенегін салу.




Оқушы -лар бірін-бірі шапалақ, бесбар -мақ әдісі- мен

бағалай ды







Смайлик әдісімен бағалау






Жұмыс дәптері, жіңішке қара фломастер немесе жай қарындаш, түрлі түсті қарындаштар, қылқалам, гуашь бояулары, палитра, су құятын ыдыс, қол сүртетін орамал.




Қорытын- дылау

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды.


Кері байланыс

1.Бүгінгі сабақ маған -------------- қызықты болды

2.Маған қиындық --------------- туғызды

3.Менің көңіл-күйім -------------


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

Қосымша ақпарат

Саралау:

Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жапырақтардың құрылысы мен пішінін сипаттайды.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

2)жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

3) жасаған жұмысты талқылауларын.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

2)жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

3) жасаған жұмысты талқылауларын.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттей-

сің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған

жұмыстарды ғана бағалаңыз).

Қорытынды бағамдау: Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27.09.2022
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі