Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау. Суретті
басу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дайын суретті бапаға
шығаруды үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,
жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,
логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті
құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды
оқул
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы
тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа
түсініктер:
Дайындалған суретті ашыңдар.Тапсырманы принтерге жібермей
тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз
жеткізейік. Беттің параметрлері
терезесін шақырыңдар. (96 сурет)
96-сурет. Беттің
параметрлерін баптау
Paint – Басып шығару
батырмасы – Беттің параметрлері.
Беттің толтырылу бағыттарын
(ориантация), ортаға түсуді, масштабты өзгертіңдер. Сендерің
суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап
шығу терезесінде беттің өзгертулерін
қадағалаңдар!
Бетті баптағаннан кейін
келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде
сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасқанын
көруге болады.
Бәрі сендер ойлағандай
болса – тапсырманы батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға
жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің
параметрлері терезесіне қайтып оралуға тура
келеді.
97-суретте суретті басып
шығару үшін беттің кітаптық толтырылуы бағыты таңдалған. Суретті
парақты тұтас алып жатқан жоқ.
Оның 13,22х17,75 см
мөлшерін Жай-күй жолында көруге болады. Сондықтан Қарап шығу
тобында батырмалар пәрменді емес (солған, айқын
көрінбейді).
97-сурет. Алдын ала қарау
терезесі
Егер батырмасын шертсеңдер, онда алдын ала қарау тіркеме
беті жабылады да сендер қайта сурет салу аймағына
ораласыңдар.
-Суретті басып шығармай
тұрып, бет параметрлерін баптау, алдын ала қарап шығу
орындалады.
- Суретті басып шығару үшін
Paint- Басып шығару бұрығы қолданылады.
Компьютердегі
тәжірибелік жұмыс:
-
Өз суреттеріңді
ашыңдар.
-
Беттің параметрлерін:
ернеулері 10 мм (барлық жағынан), толтырылу бағыты- альбомдық етіп
тағайындаңдар.
-
Масштабты сурет беттің
үлкен бөлігін алатындай етіп таңдаңдар.
-
Суретті беттің ортасына
орналастырыңдар.
-
Алдын ала қарауды
орнатыңдар.
-
Мұғалімнен принтердің атын
біліңдер.
-
Жылдам қол жеткізу
тақтасына Басып шығару батырмасын
қосыңдар.
-
Суретті басып шығаруға
жіберіңдер.
Тест жұмысын беру: «Өзіңді
тескер!»
Оқулықтың 151-152 беттегі
тест жұмысы
Жауаптары:
-
Д
-
В
-
В
-
А
-
А
Сабақты
бекіту: 151 беттегі бақылау
сұрақтарға жауап беру
Үйге
тапсырма: 18 тарау. Оқып
келу, қайталау