Материалдар / Сусыз өмір жоқ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сусыз өмір жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2018
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптар: 5 а,б,в,г,д

Сабақ: 2

Күні: 30.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Хамзина К.Ж.

Сабақ тақырыбы:

Сусыз өмір жоқ


мақсаты:

5.Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.

Сабақ мақсаты:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді

Бағалау

критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша судың тіршілік көзі екендігін түсінеді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, суды үнемдеу керектігін түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен сұхбат құрады, мәтін құрайды

Құндылықтарды игерту:

Тіл мен мәдениет;Көпшілдік;Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Қарым-қатынас мәдениеті;Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, химия,география, биология

АКТ-ны дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:Пән лексикасы және терминология:тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, ағза, тұрмыстағы су

меңгерілген білім

Лексикалық тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут







Сабақ ортасы

























10 мин

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

Аманбысың ,алтын күн!

Аманбысың, жарқын күн!

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер.



«Суреттер сөйлейді»

Оқушылар суреттер бойынша өз ойларын ортаға салады.(Таныстырылымда берілген суреттерді сөйлетеді)

Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Негізгі бөлім.

Жазылымалды тапсырмасы.

Блум жапырақшаларында берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

3. Тілдік бағдар. Сан есімді меңгертеді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4,5-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5- тапсырманы орындатады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

1. Сусыз жасалатын тағамдарды білесіз бе?

2.Судың қандай пайдасы бар?

3.Күніне қанша литр су ішесіз?

4. Суды қалай үнемдеуге болады?

5.Судың адам өміріндегі маңызына тоқталыңыз.

6.Қазақстанда суды сақтау қорлары бар ма? Сіздің берер бағаңыз қандай?

Оқушылар «Молекула» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.














15 мин

«Бәйге сайысы»

Жазылым тапсырмасы

Берілген суретті пайдалана отырып, мазмұнына сай постер жасаңыздар.

1-топ:

Берілген суретті пайдалана отырып, мазмұнына сай постер жасаңыздар.

2-топ:

Өзара бағалау

Оқушылар бағалау стикерлерін әр топтың постеріне жабыстыру арқылы жұмысты бағалайды.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта қиыншылық кездесті ме? Сіз оны қалай жеңдіңіз?

Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?

Сіз бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттіңіз бе?


























Сабақ соңы

5 минут

6 сөйлемді эссе жаздырады.

Тақырыпқа қатысты 6 сөйлемді эссе жазады.

Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады

Рефлексия «Бағдаршам»

Қызыл – түсініксіз әлі дайындығым аз

Сары – толық түсінбедім

Жасыл – жақсы түсіндім

Үйге тапсырма

Таратпа парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифф-ған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)

1....2......

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1....2.......

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!