Материалдар / Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына арналған "Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2024
188
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Ашық сабақтың тақырыбы: Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

Бөлім:

8.2D Сутек.Оттек және Озон

Педагогтің аты-жөні:

Муржукпаева Ж.А.

Күні:

11.12.2023

Сыныбы:

8А 1 топ Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.

2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттейді

Көпшілік оқушылар үшін:

Сутектің тотықсыздандырғыш ретіндегі қасиетін сипаттайды

Кейбір оқушылар үшін:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.





Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Смарт сағат” әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіру арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Топ ережесін еске түсіру.


Топтастыру.

Бағалау парағы ретінде және топқа біріктіру мақсатында смарт сағаттар таратылады.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Смарт сағаттың түсіне байланысты

оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Көк сағат

II – Қызыл сағат

III – Сары сағат


Мақсаты: барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: креативті түрде топқа бөлу оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.

Смарт сағаттар

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарына жеке жауап беру.

Барабан әдісімен сыныптан екі оқушы таңдалып, берілген есепті тақтада орындайды. Қалған оқушылар викторина сұрақтарына жауап береді.

Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ұпайын смарт сағатқа толтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тақтаға шыққан екі оқушының жауабын өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Quizizz.соm онлайн викторина

(жеке жұмыс)

1.Жылу эффект таңбасы

2.



3.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі

4.

5.Жылу эффектілері көрсетіліп жазылған реакция теңдеулері ..........................теңдеулер деп аталады.

6.Көмірдің жануы

Барабан әдісі:

Екі оқушыға бір есептен таратылады.

  • 44,8 л сутек (қ.ж.) хлормен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңыз

H2+Cl2=2HCl +184,6 кДж

  • Графиттің көміртек (IV) оксидіне дейін жануы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады.
    C + O
    2 = CO2 + 393 кДж
    Массасы 24 г графит (көмір) жанғанда қанша жылу бөлінеді?

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Онлайн викторина:

https://quizizz.com/lng=ru

Барабан әдісі: https://wheelofnames.com/



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

25 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс):

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Топқа берілген сұраққа оқулықпен жұмыс істеу арқылы жауап береді.

1 топ: Сутектің ашылу тарихы

2 топ: Сутектің жалпы сипаттамасы мен табиғатта таралуы

3 топ: Сутектің физикалық қасиеттері

Дескриптор: Жалпы – 1 балл

2 практикалық жұмыс жасау

Презентация


Топтық жұмыс

6 мин

Практикалық жұмыс мұғалімнің қадағалауымен ҚТЕ (қауіпсіздік техника ережелері)сақтау арқылы жүргізіледі және экранда бейнематериал көрсетіледі.

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды.

Жұптық жұмыс.

Практикалық жұмыс:

Бірінші сынауыққа магнийдің 1-2 түйірін салып, оған тұз қышқылының ерітіндісін қосып, сынауықтың аузын тығынмен жабыңыз.

Екінші сынауыққа мыстың 1 түйірін салып, тұз қышқылын құйыңыз да тығынмен жабыңыз. Тығындарды ашып, әр сынауықтың аузына жанып тұрған шырпыны жақындатыңыз.

Үшінші сынауықта (бейнематериал) хлор бейметалдармен белсенді әрекеттеседі, әсіресе сутек газымен. Сутек газын Кипп аппаратының көмегімен жинап алып, хлор газымен әрекеттестіреміз.

Төртінші сынауыққа (бейнематериал) қыздырылған мыс (II) оксидіне сутек газын жібереміз. Сутек газы мыс оксидін тотықсыздандырып, нәтижесінде металл тұнба ретінде бөлінеді.

Тапсырма: бөлініп жатқан сутек газын қалай тексереді? Төрт сынауықта болған реакцияның теңдеулерін жазып, теңестіріңіз.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл

Бір жұп жауапты тақтаға жазады, қалған жұптар бірін бірі тексереді.

Сутектің алынуы және химиялық қасиеттері.

Практикалық жұмыс:

https://www.youtube.com/watch?v=C6F4eX6OFOk

https://www.youtube.com/watch?v=vlpK-i-7-Bk

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Тапсырмалар айдарындағы құзыреттілікті дамытуға бағытталған 3-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Мұғалім есептің жауабын тақтаға жаздырып, презентациядан дұрыстығын тексертеді.

Топтық жұмыс.


Қазіргі кездегі негізгі энергия көзі – табиғи газ, мұнай, таскөмір. Жер қыртысындағы олардың қоры шектеулі. Сутекті экологиялық таза орын ретінде қолданудын болашағы зор. Сутектің қолданылуы, оның жанғанда көп жылу бөлінетіндігіне негізделген. Әсіресе экологиялық таза отын ретінде сутектің болашағы зор. Себебі сутек жанғанда түзілетін өнім – су ауаны ластамайды. Сутектің жерде кездесетін ең мол көзі - су, сондықтан оны өндірісте суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру арқылы алады: 2Н2O = 2Н2↑ +O2

Тапсырма

1 топ: Зат мөлшері 5 моль су айырылғанда қанша литр сутегі газы бөлінеді (қ.ж)?

2 топ:90 грамм су айырылғанда түзілетін сутектің массасын табыңыздар?

3 топ: 72грамм суды ыдыратқанда  шығатын сутектің көлемін (қ.ж.) табыңыздар.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл

Презентацияда шыққан жауаппен тексеріледі.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Презентация

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Бекіту кезеңі:

Топтық жұмыс

Жаңа сабақты бекіту мақсатында топтан оқушылар шығып дұрыс жауаптарды таңдайды.



Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

« Whatsapp желісі» арқылы оқушылар мұғалімге хат жазады.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма: 81 беттегі В 3,4; С 1-3

Дұрыс жауаптарды интерактивті тақтадан таңдау арқылы жауап береді.

1 топ: Сутектің химиялық қасиеттері

2 топ: Бейметалдардың сутекті қосылыстарының тарихи атаулары

3 топ: Сутектің физикалық қасиеттері

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі смарт сағаттардың көрсеткіші бойынша бағаланады.

Бекіту тапсырмалары:

https://wordwall.net/ru

https://learningapps.org/

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!