Материалдар / Сюжетті рөлді ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сюжетті рөлді ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сюжетті ойындар таба аласыздар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Тамыз 2024
119
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Мектепке дейінгі жастағы балалардың сюжетті-ролдік ойындардың педагогикалық негіздері.





Аубакирова Меруерт























Сюжетті рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)

Мазмұны

I.Кіріспе.

1.1. Мектепке дейінгі ұйымдарда сюжетті-рөлді ойындарды қолдануы

II. Негізгі бөлім

2.1. Балаларға арналған сюжетті-рөлді ойындардың түрлері

2.2. Мектепке дейінгі ұйымдарда сюжетті-рөлді ойындарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер



I.Кіріспе

1.1. Мектепке дейінгі ұйымдарда сюжетті-рөлді ойындарды қолдануы

Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең сүйікті де, табиғи, балаға ғана тән қызмет түрі болып табылады. Ойын баланың балабақшада болған уақытының барлық көлемін қамтиды. Ойын кезінде бала өзі туралы, достары туралы, жалпы қоғам туралы түсінік алады, мәліметін толықтырады. Мектепке дейінгі балалық шақ- баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы 3-6 жаста ішкі психикалық өмір және жүріс- тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады. Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты,барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақты «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл мамандық бала үшін шынайылықтан алшақ жатыр; шын өмірде бала болмаған түрлі оқиғаларға енеді; өзін-өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады. Барлық топтарда да ойын орталықтары ойыншықтармен толық қамтамасыз етілген, ол жерде бала қалауы бойынша әртүрлі ойын ұйымдастырылады. Әр топ балаларының жас ерекшелігіне, баланың интеллектуалды даму деңгейіне байланысты топ тәрбиешісі ойын сюжетінің тақырыбы мен деңгейін нақты анықтап алады. Мысалы: кіші топтарда «Дүкенде», «Дәрігер қарауында», «Шешесі мен қызы», «Гаражда», «Тіс дәрігерінде», «Сән салоны», «Құрбыма қонаққа», «Мен теміржолшымын» т.б. ойын түрлері өткізіледі. Сюжетті–рөлді ойынның мақсаты: Бала қабілетінің қырларын жан-жақты дамыту. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздіқ қорын молайту. Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге қөзқарасын, адамғершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Сюжетті-рөльді ойынның міндеті - баланың қызығушылығын туғызып, сезімін ояту. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық, мейрбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін және сонымен қатар жаныңдағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ықылас таныта білуге үйретеді.

II. Негізгі бөлім

2.1 Балаларға арналған сюжетті-рөлді ойындардың түрлері

Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым- қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод- әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек. Балабақша сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері: Тәрбиеші балалармен бірге ойнауы тиіс, ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды,ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан, ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

1. Ойынды басқару кешенді әдісі бір-бірімен байланысты компоненттерді қамтиды; балалардың белсенді іс-әрекетте айналамен танысуы; үйретуші ойындар; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен баланың қарым-қатынасы. 2. Балаларды біліммен,әсер алумен байыту. Түсініктерді қалыптастыру; бақылау;экскурсиялар (алғашқы,екінші,қорытынды); шығармашыл мамандық өкілдерімен кездесу;көркем әдебиет оқу;тәрбиешінің әңгімесі; сұхбат-әңгіме; белгіленген тақырыптар бойынша балалардың әңгіме құруы;балалармен жеке әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (сюжет бойынша, туындының басын немесе сонын өзгертіп); қиял-ойын; эстетикалық тәрбиеге баулу.

3. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын әдістер: ұсыныс; еске түсіру;кеңес; ойын материалын іріктеу; ойынды ойластыру бойынша сұхбат әңгіме; тапсырыстар; сұрақтар; түсіндіру; сурет материалдарды қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге орындау; тәрбиешінің ойынға қатысуы (бір баламен ойнау,бастаушы немесе жетекші рөльді орындау).

4. Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға үйрету: үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды,суреттерді,фотоларлы,кестелерді,модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін материалдарды іріктеу; қағаздан,қатты қағаздан,табиғи және қосалқы материалдардан ойыншық жасауға үйрету. Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау керек. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір-бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді боу үшін және балалар менгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.

2.2. Мектепке дейінгі ұйымдарда сюжетті-рөлді ойындарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері Сюжетті – рөлді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өмірінде елеулі орын алады. Балалардың өз ынтасынан туатын сюжетті – рөлді ойындарды жоғары бағалай келіп, Н.К. Крупская былай деп жазды: «Балаларға ең сүйікті, ең қажетті ойындар – ойынның мақсатын: үй салуды, Астанаға баруды, тамақ пісіруді.... балалардың өздері белгілейтін ойындар». Ойын процессі сол мақсатты жүзеге асыру: бала жоспар жасайды, соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады. Мейлі, ол мінген поъезд орындықтардан жасалған болсын, мейлі үй ағаш жаңқаларынан тұрғызылатын болсын, әңгіме онда емес – шындықты бала қиялы толықтырады. Бұл жерде жоспар құру процессінің өзі маңызды. Сөжетті – рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық, және шығармашылық сиппатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Психолог Д.Б. Эльконин шығармашылық сюжетті-рөлді ойынға мынадай анықтама береді: «Мектепке дейінгі балалардың рөлді немесе творчестволық деп аталатын, ойыны дамыған түрінде балалар өзіне ересектердің рөлін (функциясын) алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым- қатынастың қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайға тән нәрсе – ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын құралдарының пайдаланылуы». Балалардың ойын әрекетінің өнерпаздық сипаты мынада: олар қандай да болсын құбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түрде және өзіндік ерекшелікпен қайталап жасайды. Өзіндік ерекшелік қандай да болсын фактілерді, құбылыстарды, байланыстарды балалардың түсінуінің, ой елегінен өткізуінің ерекшеліктеріне, тәжірибесінің барлығына немесе жоқтығына сезімнің тікелігіне негізделген. Ойын әрекетінің творчестволық сипаты мынадан көрінеді: бала өзіне алған рөлдің бейнесіне түгелдей еніп және ойынның шындығына кәміл сеніп, ерекше ойын нөміірін жасайды, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала өмір құбылысмтарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс – әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандырады. Психолог А.В. Запорожец былай дейді: «Ертегі сияқты, ойын да баланы бейнелейтін адамдарының ойы мен сезіміне терең бойлауға үйретеді, күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады». Балалардың өнерпаздығын, қоршаған өмір фактілерімен құбылыстарын творчестволықпен қайталап жасауды және бейнелеуді дамытуда және байытуда қиял орасан рөл атқарады. Нақ осы қиялдың күші мен ойын ситуациялары, ондағы бейнеленетін кейіпкерлер, шын, кәдімгі нәрсені ойдан шығарылған нәрсемен ұштастыру мүмкіндігі жасалады. Мұның өзі балалар ойынын тек соған ғана тән қызыққа айналдырады. Балала ойындарында отанға дегенм сүйіспеншілік, басқа халықтарға деген құрмет бейнеленеді. Біздің балаларымыздың ойындарында адамдар арасындағы гуманистік қарым – қатынастар көрініс табады. Балаларға қатыгездік, адамның намысын қорлау деген жат нәрсе. Бұл олар өз ойындарының үстінде ренжіспейді, айтыспайды деген сөз емес, бірақ олардың мінез-құлқының мотивтері әділдікті қалпына келтіру, жолдасын коллективтің мүддесін қорғау талабымен, ойынға кедергі жасайтын нәрсенің жою тілегімен анықталады. Сюжетті-рөлді ойындарда оптимистік, өмір сүйгіш сипат айқын көрінеді, оларда ең қиын істердің өзі абыроймен, сәтті аяқталып отырады: капитандар корабльдерді теңіз дауылы мен бұрқасынна аман алып өтеді, шекарашылар шекара бұзушыларды ұстайды, дәрігер ауруларды емдеп, жазады. Творчестволық сөжетті-рөлді ойында бала өмір құбылыстарын бенсенді түрде қайталап жасайды, солардан тебірене әсерленеді, осының бәрі оның өмірінс бай мазмиұнмен толтырады, ұзақ жылдарға өшпес із қалдырады. Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процессі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асыратын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірін тіршілік етеді». Мектепке дейінгі сәбилер әлі ойнай білмейді. Нақ сондықтан да тәрбиеші ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Балалар ойынды игеріп, ойын іс-әрекетінен жеткілікті тәжірибе алған соң, ойын өз бетінше істелетін әрекетке айналады, олардың өздерінің ұйымдасуына негізделеді. Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процессінде жан-жақты қалыптасады. Ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдерінің бірі. «Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойнның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып, тәрбиеші әрбір баланы зерттейді, балалар бірлестіктерін, қалыптаса бастаған ойын коллективтерін ашады. Оның қайсы бір топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі бір дәрежеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі болады.

Қорытынды

Қорыта келе, балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді. Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сюжетті-рөлді ойындар ерекше орын алады: Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті.

Күтілетін нәтиже:

1.Балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешу талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. 2. Сюжеттік-рольдік ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге үйренеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, әлеуметтік дағдыларды меңгереді.


Қолданылған әдебиеттер

Нормативтік құжаттар:

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму». Астана, 2016ж.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты Негізгі құжаттар 1. А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу», 2010ж 2. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание», №10. 2004ж

3. В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. . А «Мектеп», 1982. Қосымша әдебиеттер:

1.Отбасы Журнал «Балабақша» 2009 жыл

2. Тіленбаева Н.Б. Дидактикалық ойынның маңызы// Отбасы және балабақша.- 2007жыл № 7 Интернет-ресурстар





Дүкенші“

Мақсаты: Балаларды нақты заттарды әр-түрлі белгілерін, түсін, пішінің, үлкен-кішісіне қарай салыстыруға үйрету. Дүкенші мамандығына деген құрмет пен қызығушылығын дамыту.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, касса апараты, тағамдар, веса, ақша. Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделіндіру. Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушыларда, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмітпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді. Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын (тақтайшаны) төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді. Маған «жасыл машинасы», немесе «қызыл көйлекті қуыршақты беріңіз» -дейді. Сатушы «алыңыз», - деп әпереді. Сатып алушы «рахмет», - деп жауап береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» - дейді. Міне, осылайша ойынды әр жолы түрлендіріп, әрбітіп ойната беруге болады. Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды. Егер ойынды өз мәнінде ойнай алмай жатса, көмектеседі.

Дәрігер”сюжеті-ролді ойын

Мақсаты: Ойын барысында қоршаған тіршілік туралы білімдерін көрсету, медициналық әлеуметтік маңыздылығын меңгеру Медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге, тәрбиелеуге, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау. Көрнекіліктер: Халаттар, дәрігердің бас киімі,дәрілер тізімі, дәрігердің ойыншық шамаданы, фонендоскоп, невропатологтің балғасы,шприцтер. Емделуші дәрігердің қабылдауына жазылады, қабылдауға шағыммен келеді, ем тағайындауын сұрайды, алғыс білдіреді. Дәрігер қабылдайды, тыңдайды, тамағын қарайды, қан кысымын өлшейді, дәрілер тізімін жазып береді. Көз дәрігері емделушіні қабылдайды, көзін тексереді, ем тағайындайды, кеңес береді, еңбекке жарамсыздық парағын береді. Медбике дәрігердің жазып бергенін орындайды, укол салады, банкі, кыша, егу қояды, тамак бұлайды, қыздыру жасайды. Санитарка медициналық кабинетті жинастырады (еденді жуады, шаң сүртеді). Тіркеуші науқастың картасын толтырады, талон береді.

Шаштараз”

Ойынның мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрнекіліктер: Шаш қию үлгілері берілген журналдар айна, бигуди, фен, касса, тарақ, сусабын ыдыстары, кішкене шыны ыдыстар,пластик қайшы, шаш алатын машине. Ойын шарты: Балаларды рөлдерге дұрыстап бөлу, ойынды өз мөнінде өрбіту. Тәрбиеші әрі басқарушы, әрі кассир рөлін өзі алады. 2-3 баланы «шаштаразшы», 1 баланы үй сыпырушы етіп тағайындайды. Қалған балалар шаш алдырушылар (клиенттер). Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын көрсетеді. Әуелі шашты тарап, сосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен төрізді (пш-пш-пш) деп сеуіп, сосын шашты оңға, не солға жатқызып тарайды. Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, тәрбиешінің жазып берген шегін (ақ қағазға 1-5-ке дейінгі санын біреуін жазады), ұсынып, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді. Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта өріп әсемдеуге болады. Ойын барысында, қажет болған жағдайда бір бала 2-3 рөлді кезектесіп атқара береді. Осылайша арнайы 2-3 рет үйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.

Қуыршақты киіндіру

Мақсаты: Балаларға қуыршақтың жетіспейтін киім – кешегін таңдап, ретімен кигізуге үйрету. Қуыршаққа деген қызығушылығын арттырып, Әсемпазыдққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Конверт ішінде қатырма қағаздан қиылған жалаңаш қуыршақ бейнесі, екі-үш киім үлгісі. Ойын барысы: Тәрбиеші әр балаға конверт үлестіріп береді. Балалар конвертті ашып, жалаңаш жатқан қуыршақты көріп,қиылған дайын киімдерін алып, қуыршақты ретімен киіндіреді

2-3 жастағы балаларға арналған сюжетті – рөлдік ойындар жинағы

Сәбилер тобындағы ойындар – ойыншыққа байланысты болады. Сонда оларға қандай ойыншықтар керек? Олар негізінен тамақтандыруға, бесік – арбамен тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен – үлкен қояндар болып келеді.

Осы аюлар мен қояндарға арнап жиһаздар: үстелдер,орындықтар, кереуеттер, бесік – арбалар, ірі және орташа автомашиналар (ағаштан жасалған дұрыс) қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де ірі – ірі болуы керек. Бұдан бақа орташа қуыршақтар да қажет: олар көрпешеге орауға, ұйықтатуға, суға түсіруге және т.б. ыңғайлы. Әр топта ойыншықтардың мына түрлері:ванналар, үтіктер, газ пештер, шаштараз ойынына арналған аспаптар (қабырғаға ілетін айна, үстел, тарақ, салфеткалар, пластмассадан жасалған қайшылар) және дәрігерлік ойын үшін: ақ халат, градусник, фонендоскоп және т.б. Мәселен, сәбилер тобында «Қуыршақты ұйықтатамыз» рөлдік ойынын ұйымдастырғанда ең әуелі қажетті атрибуттар дайындап алу қажет. Олар, кереует қазақша бесік, төсек – орын, қуыршақтың жыл мезгіліне қарай киетін киім – кешегі түгел болуы керек.

Тәрбиеші ойын шартын ретімен орындай отырып, «Бесік жырын» айтып сәбилерді ойнатады:

Әлди – әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем

Жылама, бөпем, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама.

(халық ауыз әдебиетінен)

«Әлди – ай»

Әлди – әлди, әлди – ай,

Ұйықта, бөпем, ұйықта жай.

Бесігіңе бөлейін,

Еміздігін берейін.

(Ж,Смақов)

«Әй – әй, бөпем»

Әй – әй бөпем, әй бөпем,

Ән айтайын, бал бөпем.

Ән тыңдағың келсе егер,

Және айтайын, жан бөпем..

Бесік жыры

Әлди,әлди, бөбегім

Ақ бесікке бөледім.

Ай мен күнге теңедім,

Ақтарылған өлеңім.

Әлди, әлди жанарым,

Мақтанышы анаңның.

Әлпештеген қарағым,

Таза болсын жанарың.

(Ә. Асылбеков)

Тәрбиеші қуыршақты ұйықтауға байланысты өзіне ұнаған « Бесік жырын» өлеңінің бір – екі шумағын баяум әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталап ойнату кезінде барлық балалр тәрбиешіге қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай – ақ бірнеше рет қайталау барысында, өздері – ақ үйреніп алады. Ойынды былайша ойнатуға болады.

«Қуыршақты ұйықтатамыз»

Қажетті атрибуттар: қазақы бесік, кереует, төсек – орын, қуыршақтың жыл мезгіліне қарай үйде жүргенде киетін киімі түгел болуы керек.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, калготкиін , сосын көйлегін шешіп орндықтың арқасына әдемілеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз «әй – әй, бөпем» өлеңін айтамыз.

Әй – әй бөпем, әй бөпем,

Ән айтайын, бал бөпем.

Ән тыңдағың келсе егер,

Және айтайын, жан көкем..

Бөпем менің ай мекен,

Шекер ме екен бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгеден,

Озып келер тай ма екен?

Әй – әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба, Бал бөпем..

(С.Жиенбаев)

Қуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді.

«Қуыршақ оянды»

Қажетті атрибуттар: кереует, төсек – орын, қуыршақтың киімдері.

Ойын шарты: Қуыршақ ұйықтап жатыр: Балаларды отырғызып тәрбиеші тұра ғой деп, қуыршақты оятады. Қуыршақты киіндірерде балалардан сұрай отыра, олардың айтқандарымен киіндіру.

-Әуелі несін кигіземін?

Калготкиін.

Дұрыс.

Калготкидің оң, терісін қалай кигізуін балаларды қатыстыра отырып істеген жөн. Қуыршақтың киімінің түр – түсін де сұрау арқылы білгізу.

3.«Мынау не?»

Қажетті атрибуттар: кереует, төсек – орын.

Ойын шарты: Балаларды отырғызып, төсек – орны жинаулы тұрған кереуетті көрсетіп, біз қазір төсек – орындарды өз атымен жеке – жеке айтамыз. Мынау не? – дегенде сендер жауап бересіңдер.

-Бұл не?

-Жастық.

-Мынау не?

-Төсек жапқыш.

-Мынау не?

-Ол жастықтың тысы.

-Дұрыс. Мынау не?

Ол көрпе.

-Мынау сейсеп деп тәрбиеші өзі айтады.

Балаларға қайталату.

-Мынау ақ жай ма.

-Мынау не?

-Ол құс төсек.

Бір баланы шығарып төсек – орынды қайтадан жинату.

3-4 жасақа арналған ойын

Сюжетті-рөлді ойын «Біздің отбасымыз»

Тәрбиеші: Балалар сендер өз қалауларын бойынша бөлінесіңдер?
Алихан – ата, Амина – әже, Асыл – әке, Айым – ана, Нұрислам, Арна, Нұржан, – балалары, Дінмұхамед – кенже ұлы.
Балалар өздері киініп әркім өз жұмысына кіріседі.

Атасы немересін алдына отырғызып, әңгімелесіп жатыр. Әкесі газет оқып отырғанда ортаншы баласы тақпақ айтып жатты, ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатқанда, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Атасымен немересі әңгімелесіп:
Ата: – Балам, кел мен саған жеті атаңды айтып берейін. Сен оны жаттап, есіңде сақта!

Немере: – Жарайды.

Ата: – Ата, әке,бала,немере, шөбере, шөпші, немене.Қане қайтала!

Немересі қайталайды.

 Ұлы: – Әке мен сізге бүгін жаттаған тақпағымды айтып берейін бе?

Әке: – Айта ғой балам.

Ұлы:

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Жасасын туыстық!

Достық пен тыныштық.

 Әке: – Ой, балам, тақпағын керемет екен!

Әжесі жіп иіріп отырғанда немересі қасына келіп әңгімелеседі:

Немересі: – Әже, не істеп отырсыз?

Әже: – Жіп иіріп отырмын.

Немересі: – Мынау не?

Әже: – Құлынымау, бұл «Жүн» ғой!

Немересі: – Оны қайдан алдыңыз?

Әже: – Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, кептіріп, былай түтеміз деп өзі көрсетеді.
Немересі: – Ал мынау не?

Әже: – Ұршық қой. Осы ұршыққа мен түткен жүнді иіремін.

Немересі: – Оны иіріп болғаннан кейін не істейсіз?

Әже: – Балапанымау, мен сендерге байпақтар мен қолғаптар тоқып беремін.

Осы кезде анасы қызын дастархан жаюға көмекке шақырады. Қызы дастархан әзірлейді

 Анасы дастарханханға шақырады. Немере қызы әжесін қолынан жетелеп үстел басына отыроғызады. Немере ұлы атасын, әкесі кіші ұлымен келіп бәрі жиналып дастархан басына отырады. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен. Тамақ әзірлеуге Арна қызымыз көмектесіпті. Тамақтанып болған соң «рахмет» айтып, Атасы бата береді.

Соңында Кіші немересі істеген үйін (конструктордан жасаған үлкен үйі) бәріне тамашалатады.

Тәрбиеші: – Ал, балалар, көздерімізді жұмып, осындай үлкен үй келешекте болсын деп армандайық.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі ойнайды.

 

4-5жасқа арналған ойын

Сюжетті-рөлді ойын «Дүкендер әлемі»

Білімділік мақсаты: :Балалардың бойында іскерлік түрлерін қалыптастыру,жандарына жақын тақырыптардың бейнесін сомдайтын

сюжеттерді көрсетуге,диалогты сөйлейбілуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге    үйрету.

Дамытушылық мақсаты::Ойын кезінде бір-бірімен байланыста

бірнеше  әрекет түрлерін атқаруын екі киіпкердің қарым қатынас арқылы

сөздік   қорларын дамыту.

 Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.

Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.

Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.

Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет

Балалар: (Залға әуенмен кіреді.)

Саламатсызба, Гүлмира Әлібекқызы!Біздер хабарлама бойынша келіп тұрмыз.

Тәрбиеші: Саламатсыздарма!Балалар «Жас келсе іске»деген жақсы мақал бар.

Хош келдіңіердіздер!Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін.

1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?

Дильназ:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.

2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?

Камила:Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».

3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?

Жәнием:Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.

Ойыншықтар неден жасалады?

Жәнием:ойыншықтар резинадан плассмассадан,темірден,ағаштан,матадан жасалады.

4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?

Жұлдыз:ретімен кояды.12345:54321:

Меңгеруші:Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.

Дильназ:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.

Камила:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой.

Жәнием:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.

Жұлдыз: Сен сандарды өте жақсы айыра білдің.касса бөліміне бара ғой.

Сатып алушылар:Жанайым,Ардақ,Тоғжан;Шахназ,Дана.

Күзетші:Саламатсыздарма?Хош келдіңіздер!Сөмкелеріңізде артық зат жоқпа?

Жарнама: Аружан: Біздің супермаркетімізде әр елден әкелінген алмаға жеңілжіктер жасалуда.Мына сөреде Польшаның алмасы,ал екінші сөреде Иранның алмасы,ал соңғы сөреде өзіміздің Қазақстанның апорт алмасы.Дәмін татып жеп көріңіздер,ұнаған алмаға дауыс беріңіздер.

Тоғжан:Дәмі тәтті әрі тіл үйіреді екен!

Ардақ:Польшаның алмасының дәмі қышқыл .

Жанайым:Апорт алмасы дәмді екен!

Осыдан кейін «Жемістер» бөліміне барады.

Ардақ:Саламатсызба!

Жаңа мен апорт алманың дәмін татып көріп едім,содан 1кг өлшеп салып бересіз бе?

Сатушы:Дильназ:Саламатсыз ба?Әрине салып, өлшеп берейін,біздің алмалар өте дәмді,мінекей алыңыз.

Ардақ:Рахмет сау болыңыз!

Осыдан кейін»Нан» өніміндеріне барады.

Сатушы:Камила:Саламатсыз ба?

Тоғжан:Саламатсыз ба!

Сіздердің нан өнімдеріңіз қай комбинаттан шығарылған

Сатушы:Бізде әр комбинаттан әкелінген нан өнімдері бар.Мынау»Атамекен»наны,Мынау «Рамазан» наны,ал мынау»Ақтөбе»наны.

Тоғжан:менің әжем «Рамазан»нанын жақсы көреді,ендеше содан біреуін беріңізші.

Сатушы:мінекей алыңыз.

Тоғжан:Рахмет, сау болыңыз!

Сатушы:Жанием:Саламатсыз ба?Сізге қандай көмек керек?

Жанайым:Сіздерде ойыншықтардың қандай түрлері бар?

Сатушы:Жанием:Бізде ойыншықтардың түр-түрі бар.Мына ойыншық Қазақстанда шығарылған аты»Бал бала»бұл ойыншық ойнауға ыңғайлы баланың денсаулығына зиянсыз,өте пайдалы.

Жанайым:Ұстап көруге болама?

Сатушы:Жанием:Балның тілін дамытуға көмектеседі,мінекей тығдап көріңіз.

Жанайым:Қандай керемет осы ойыншықтан салып бересізбе?

Сатушы:Әрине салып берейін,мінекей алыңыз,тағыда келіп тұрыңыз,сау болыңыз!

Жанайым:Рахмет,сау болыңыз.

(Осыдан кейін «Кассир»бөліміне барады.) 

Кассир:Жұлдыз:Саламатсыз ба?

Ардақ:Саламатсызба?

Кассир:Жұлдыз:Сізден 200тенге

Тоғжан:Саламатсызба!

Кассир:Жұлдыз:Саламатсызба,Сізден 50 тенге

Жанайым:Саламатсызба!

Кассир:Жұлдыз:Сізден 1000тенге.Сау болыңыз тағыда келіп тұрыңыз.

Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!


5-6 жаска арналған ойын

Сюжетті-рөлді ойын «Аурухана»

Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.

Балалар: Саламатсызба
Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер?
Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі.
Тәрбиеші: Ендеше бугін қандай ойын ойнаймыз.

Балалар: Аурухана.
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын.
Ана (Саяжан): Саламатсызба дәрігер
Дәрігер: Саламатсызба
Ана (Саяжан): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері ауырды?
Ана (Саяжан): Кешеден бері

Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана (Саяжан): Рахмет дәрігер, сау болыңы
Ана (Саяжан): Саламатсызба
Дәріханашы (Анель): Саламатсызба
Ана (Саяжан): Маған мына дәріні беріңізші
Дәріханашы (Анель): Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана (Саяжан): Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы (Анель): Сау болыңыз
Ана (Даяна): Саламатсызба дәрігер
Дәрігер (Жансерік): Саламатсызба
Ана (Даяна): Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші.
Дәрігер (Жансерік): Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз.

Ана (Даяна): Рахмет, сау болыңыз
Дәрігер (Жансерік): Сау болыңыз
Ана (Гүлсезім): Саламатсызба
Дәрігер: Саламатсызба
Ана (Гүлсезім): Менің баламның тісі ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қане, аузыңды аш. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін 2 мезгіл тазалау керек, тәттіні көп жеуге болмайды. Қазір укол беріп, жұлам. Енді 2 сағат тамақ жеме.
Ана (Гүлсезім): Рахмет, сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі.

1. Алина: Ақ халатты киетін
Аппақ болып жүретін
Аппақ болып жүргенді
Өзім қатты сүйемін
2. Адиет: Іш ауырса, тіс ауырса
Маман дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді
Тәрбиеші: Енді өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Бала дәрігері: Нұрсауле. Көз дәрігері: Жансерік. Тіс дәрігері: Арсен.
Медбике: Ақбота, Зарина, Алина
Дәріханашы: Анель
Ана: Саяжан, Даяна, Гүлсезім
Бала: Адиет, Нұртас
Тәрбиеші: Қонақтарға сау болыңыз дейміз
Тісіңді үнемі тазалап жүруге дағдылан
Маржандай тіс адам көркі

6-7 жаска арналған ойын

  Сюжеттік - рөлдік ойын «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.
Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. (Полиция қызметкері)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесің дер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді).
(Тақтада)
Қызыл – тоқта!
Сары - сақтан!
Жасыл - жол ашық!
1 -: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2 -: сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3 -: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
(Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады).
Өлең шумақтары:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!