Сабақтың
тақырыбы: Т дыбысы
мен әрпі.
Сабақтың
мақсаты:
-
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы
туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға
үйрету.
-
Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын,
белсенділігін дамыту, көркем жазуға
баулу.
-
Балаларды әдептілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, жаздыру,
сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: әліппе, суреттер,
текшелер, кеспе әріптер, ермексаз
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы)
«Сауат ашу әлеміне
саяхат» бейнетаспа
көрсету.
Мұғалім: Бала деген бақытты
еліменен,
Құдіретті қолында әлем
деген.
Бүгінгі жиналған
қонақтарға,
Басталсын оқу іс-әрекетіміз,
сәлемменен!
Балалар: Cәлеметсіздер
ме?
Білер қазақ
баласы,
Сәлем – сөздің
анасы.
Алдымыздан
кезіккен,
Көп танысты
көреміз.
Бәріне де
ізетпен,
Біздер сәлем
береміз!
Ұран:
Біздің топта
ұл-қыздар
Тату тәтті
ойнаймыз
Әлемдегі бар
адамға,
Тек жақсылық
сыйлаймыз!
-Жарайсыңдар, балалар! Өткенді
қайталау.
Қандай дыбыспен таныстық? (А а
дыбыспен)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауысты)
А а дыбысы сөздің қай жерінде
кездеседі? Мысалы: Ай, дала, ала.
-
басында
-
ортасында
-
барлық
буында
II. Жаңа
сабақ. Жұмбақ
шешу. Өзі айлакер, өзі бір
қу,
Жүрген жері айғай да
шу. (түлкі)
-Дұрыс, балалар! Бүгінгі
біздің сабағымызда Т әрпімен
танысамыз.
Т әрпін жазуды үйренейік. Ол
бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Т т әрпін ауада
жазу.
-Жарайсыңдар,
балалар!
Дәптермен
жұмыс. Дәптерді ашып Т әрпін жазуды
ұсыну. (балалар
т әрпін дәптерге
жазады)
Ал, енді балалар « Т т» әрпін
мына таяқшадан құрастырайық.
«Сиқырлы таяқша»
ойыны.
Шарты:
«Т т» әрпін таяқшалармен
құрастыру.
-Балалар, « Т т» әрпін тағы да
неден жасауға болады? (ермексаздан)
-Дұрыс, мына алдарыңда тұрған
ермексазды пайдалана отырып, « Т т» әрпін мүсіндейікші балалар.
(ермексазбен жұмыс)
-Жарайсыңдар, балалар! Енді
балалар шамалы саусақтарымызды демалдырып сергіп
алайық. « Топ-топ
балақан»
-Жарайсыңдар,
балалар!
«Ойлан тап»
ойыны. Әріптер арасынан « Т т» әрпін
тауып бояу.
А У Т Б П Т З Т Л Т Н К Д Т
С
-Жарайсыңдар, балалар! Ал,
енді балалар суреттерге мұқият қарап, құрамында «Т т» әрпі бар
суреттерді көрсету. Мысалы: тау, тауық,
ту.
«Сөздер
жазу» Балалар алдарыңдағы кеспе
әріптермен то, та, ту, тау, тас, ата, тай, тал деген сөздерді
жазайық.
-Жарайсыңдар, балалар, сендер
тапқыр екенсіңдер!
-Бүгін қандай әріппен
таныстық? ( Т т әрпі)
-« Т т» әрпі қандай дыбыс?
(дауыссыз)
Бағалау:
-Жарайсыңдар, балалар! Барлық
тапсырмаларды орындай білдіңдер! Тапқыр, білімді
екенсіңдер.Сендерге көп көп рахмет
айтамын.
Сау
болыңдар!