Материалдар / "Т" дыбысын машықтандыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Т" дыбысын машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
"Т" дыбысын сөйлеуде машықтандыру . Сөзде таза , анық айтуға дағдыландыру жолдары. Қолданылатын әдіс - тәсілдер жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2022
2109
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары(Жеке сабақ)

Тақырыбы: «Т» дыбысын сөйлемде машықтандыру.

Мақсаты: «Т» дыбысын сөйлемде анық және таза айтқызу.

Міндеті:

Түзету-білімділік: «Т» дыбысын сөйлемде анық айту.

Түзету-дамытушылық: Қабылдауы дамыту, ойын тапсырмалары арқылы ойлау, қабылдау, зейінін дамыту. Аптикуляциялық жаттығуларды дұрыс айтуға үйрету.

Түзету-тәрбиелік: Тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Т» дыбысының профильі және суреттер, айна, артикуляиялық жаттығулар суреттері,кішкене құрғақ сүлгі.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсің бе?

Көңіл күйін қалай?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Бүгін ауа-райы қандай?

Сәлеметсіз бе!

Менің көңіл-күйім керемет!

Қазір ... мезгілі.

Бүгін ауа-райы ... .

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы берілген болса сұраймыз

Үй тапсырмасы берілген болса дайындалып,айту.

Негізгі бөлім

«Т»Дыбысының профильін қайталаймыз.

Ерін сәл созылған .Жоғарғы – төмен тістер арасы жақын.Таңдай арасында ауа еркін өтеді.Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшы жоғарғы тістерге тиіп дыбыс шығарады.

Мұғалімнің нұсқаулығымен, айнаға қарап отырып қайталайды.


«Т» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуарды қайталаймыз.

-Айнаға қарап жаттығуымызды есімізге түсірейік.Менің соңымнан қайтала, бірге орындаймыз.

1) «Жымию»

2) «Инеше» ауызды кең ашып, тілді жіңішкертіп ауыздан шығарамыз. Осы қалыпта 10-15 сек. Ұстап тұрамыз.

3) «Кесе» Ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, осы қалыпта 10-15 сек ұстап тұрамыз.

Мұғалімнің соныңан артикңляциялық жаттығуларды қайталайды.


Ткаченко Т.А. «Символ звуков» пайдалана отырып, «Т» дыбысын дұрыс айтықызамыз.

«Т» дыбысының белгісі:



Суреттегі балғаның дыбысына еліктеу.


Сүлгінің көмегімен «Т» дыбысын айту.

Көрсетеміз: Дыбыс шағарған сәтті, ауа күші өзіміз ұстап тұрған сүлгіге тиіп, сүлгі қозғалады.

5-10 рет қайталаймыз.

Мұғалімге мұқият қарап отырып, бірге қайталаймыз.


«Т» дыбысын сөзде,сөз тіркесінде қайталату.

Балаға бірнеше суреттер көрсетіп сұраймыз. Кейін сол суреттермен сөз тіркесін құратамыз.

Берілген суретте бейнеленген заттың атын атау, сөз тіркестерін құрастыру.


«Т» дыбысын сөйлемде айтқызу.

-Таңертең ерте тұрдым.

-Тоңазытқышта тамақ бар.

-Мектепте оқимыз.

-Ыдыстарды тазалап жудым.

-Талғат допты тепті.

-Тамара алма терді.


Берілген сөйлемді анық , таза айту.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Балғаны қолға аламыз,

Ты-ты – ты –ты деп ,

Орындықты соғамыз.

(2 рет қайталаймыз)

Мұғаліммен біге қайталау.

Түзету ойыны

«Т» дыбысын қолдана отырып, сөйлем құрастырамыз.

Суретке қарай отырып, сөйлем құрайды.

Рефлексия:

-Өзіңе ұнаға смайликтің бірін таңда.

Оқушының таңдаған смайлигіне қарай отырып, көңіл-күйін анықтаймыз.

Алдында тұрған смайликтің бірін таңдап, өз көңіл күйін, сабақтаналған әсерін білдіреді.

Қорытынды

-Бүгін біз қандай дыбысты қайталадық ?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Үй тапсырмасын береміз. Ынталандыру үшін, балаға марапат айтамыз.

-Сабақ аяқталды.Сау бол?

«Т» дыбысын өттік.

Жаттығулар жасадық, сурет бойынша сөйлем құрадық т.б.

-Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже:

Білу: «Т» дыбысын айтуды.

Білді: «Т» дыбысын сөйлемде дұрыс айтуды.

Игерді: Алған білімді басқка сабақтарды пайдаланады.
































Т.А.Ткаченко «Символ звуков»







«Т» дыбысы профильі









Артикуляциялық жаттығулар


  1. «Жымию»



  1. «Инеше»


  1. « Кесе»


Суреттегі заттарды атап шық



--------------------- .




----------- .







--------------------- .





----------- .



Суретке қарап отырып сөйлем құрастыру.




1 - сурет


2-сурет



3-сурет





  1. сурет:

Азат пен Гүлзат сабақтан шықты. Олар әжелеріне көмектесуге келді. Азат қияр терді. Гүлзат тауықтарға дән шашты. Әжесі көмектескендеріне қатты қуанды. Балаларға алма берді.



2-сурет:

Айзатты анасы алма теруге апарды. Айзат сатымен алма ағашына шығып алма терді. Анасы қуанып, рахметін айтты.


3-сурет:

Алмат бұтақты сындырды. Гүлзат пен Айзат оны көріп қойды. Олар Алматқа бұтақты сындыру дұрыс емес деп ескертті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!