Материалдар / Табиғат - алтын бесік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат - алтын бесік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыра отырып, табиғаттың алуан сырларын білуге, табиғат қазына байлық екенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2019
3325
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік Мақсаты:1. Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыра отырып,    табиғаттың алуан сырларын білуге, табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Әлемдегі тіршіліктің негізі Күн Ана, Жер Ана, су және табиғат екенін ұғындыру. 2.Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту.
3. Туған жер, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,туған жердің табиғатын аялау, қорғауды үйрету. Көрнекілігі: Видео, слайд, табиғат суреттері, табиғат туралы нақыл сөздер.
Барысы: І. Психологиялық дайындық
Армысыз, қайырлы Күн! Армысыз, мейірімді Жер Ана! Армысыз қайырымда Аспан Ата! Армысыз, шұғылалы Алтын күн! Армысыздар қонақтар! ( судың, құстардың дыбыстары музықа арқылы естіліп тұрады.) 1. Ой шақыру Балалар біз кімбіз? Адамды қоршаған орта қалай аталады? Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер? Қазір табиғаттың әсем әуендерін тыңдаймыз? ( күннің күркіреуі, жаңбырдың жаууы, т.б. дыбыстар) Адам қолымен қандай заттар жасалады?Адам табиғатты зерттеп, нелер ойлап тапты?
ІІ. Кіріспе сөз. 1 слайд «Табиғат тіршілік көзі»
Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат - бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.
Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
ІІІ. Әдеби монтаж
Табиғат сұлулығына суретшілер сурет салса, ақындар өлең жазып, ал сазгерлер ән жазған. Ендеше, табиғат жайлы не біледі екенсіңдер, байқап көрейік.
Хормен: Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
(Оқушылар табиғат жайлы жаттаған өлеңдер, нақыл сөздер айтады)
1-ж :  Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. 2- ж : Табиғат адам бойындағы адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана деуге болады. Елде – Ана. Есімі бостандықтың, Тарихта – ана, Өлең де – ана. Табиғаттың бәрі – ана . Анамыз – мынау байтақ далада, 1-ж: Табиғат дегеніміз – бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс әсем дүние. 2-ж : О , табиғат қандайсың, Адамзаттың керегін Тіл жете ме сыйыңа, Өзің беріп тұрасың Қыр гүліндей жайнайсың. Жұтсаң ауа , ішсең су, Ақыл беріп миыма. Табиғатым тумасың. Күн: Достар , мен аспан әлемінен келіп, жер табиғатын көрейін деп келдім.

Әлеге қуатты, Алып күн беріп тұр. Сәуле мен шуақты Жарық күн – көрік нұр.

2 слайд: « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа»

2-ж : Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Ауа – барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа – өмір тынысы» деп бекер айтпаған.
Ауа : Болмасын ауа ешкімнің арман –мұңы, Ойлашы, кімге керек боламыз біз, Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы. Жұтудан таза ауаны қалған күні.

1-о :Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,  2-о: Күн Ана.
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Әлемге қуатты.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Сәуле мен шуақты
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Алып күн беріп тұр. 3- о : Ауа Ана 4-о:Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Анасы жер шарының- Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр. Дәу әлем Тіршіліктің көзі. Қоршаулы ауамен, Ауа- өмір тынысы. Ауасыз тұншығар.

1-ж : Жер-Ана біздің тұратын, демалатын, тәрбиелейтін мекеніміз. Құстардың қалай әндетіп, өзендердің қалай сылдырап ағатынын естілмей өскен, күннің шапағатына, қызығына қарамаған, күзде ағаштардың жапырақтарын сары, қоңыр түске боялғанына таңырқамаған ұрпақтың өріс-ойы тар, қиял-сезімі қанатсыз болады. Жер : Жер- Ана Саялап анамыз, Аялап анамыз, Жер құтты гүл біткен

3 слайд: «Тіршілік көзі –су»   Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. 

1-о:Табиғат егіз адаммен 2-о: Табиғатты қорғау үшін бәріміз, Ұқсастық табам содан мен. Бір-бір ағаш егейік Мәңгілік болсын егіздер, Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, Жер-Ана, көл, теңіздер. Таза ауа үшін терімізді төгейік. 3 - о:Ей, қазақтың ұланы, 4- о: Табиғат- сұлу мекенім, Болғайсың дана қыраны Өзіңді пана етемін. Жер- суын қорғау бабаңның Саяңда өсіп ер жетіп, Емес пе еді басты ұраны. Биікке самғап жетемін. 5-о:Айтарым досым сендерге, Балалар біздің жер – жерде. Күтіңдер орман тоғайды. Байлығын елдің қорғайды. 6-оқушы:Табиғат-әсемдіктің төркінісің, 7-о: Табиғат адам үшін жаралыпты, Ән саламын бір сенің көркің үшін. Бар қызық табиғаттан таралыпты. Жан-жануар табынып бір өзіңе, Адам мен табиғат егіз . Сенен алып тұрғандай бар тынысын. Табиғат-асыраушың, қамқоршың. 8-оқушы:Табиғат- ол  анамыз, Жазда аралап тауын да, Табиғатқа баламыз. Барамыз біз бауына. Құшағында ойнаймыз, Өзеніне шомылып, Шаттық әнге саламыз. Жүгіреміз жауында.

1-ж:Табиғат-нағыз сұлулықтың ортасы. Оны түсінген адам қуаныш көзі ретінде сақтауы керек. Табиғат-емші, денсаулық көзі. Біздің кең байтақ жерімізде табиғаты сұлу, ауасы таза, суы дертіңе ем болатын қаншама жерлер, шипажайлар бар.

Күн : Нұр сәуле шуақты, Жылытып, қыздырып, Беретін қуатты Нұрына жүздіріп, Ұлы емші анамыз Күн ана шуағы Күннен күш аламыз Сырқатты қуады.

2-ж:Табиғат- адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

9-о:Ауа ластанбай, Суымыз лайланбасын десек, Көліміз тартылмай, Табиғатты қорғайық!  Табиғат байлығы –өсімдіктер» 

1-ж: Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
2-ж: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. 2-ж: Табиғат – халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты. Күш – қуатты, бар игілік пен жақсылықты біз табиғаттан аламыз.

1-ж:Құрап жойылуға жақындаған жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар, қосмекенділер мемлекет қарауына алынып отыр. Мұндай жерлерді қорық дейді 2-ж: Олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл.

1-ж :Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Қызыл парақтарына- жойылып кету қаупі бар жануарлар енді. Ақ парағына- саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енді. Жасыл парғына-қайтадан аяласа қалпына келетіндер енді. 10- о: Табиғаттың асылын Қызыл кітап ішіне, Жиып, теріп бағалап, Енгіземін даралап.

4-слайд «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар»  
- Табиғат сұлулығына құмартпаған адамзат баласы жоқ шығар. Қазақ елі сол сезімді мыңдаған жылдар бойы кіршіксіз сақтап, ұрпақтан ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор үлгі өсиет ретінде беріп келеді. Ата аналарымыз ескерткен тыйым сөздері мен дәстүрлік болжамдарын еске түсірейік.
 Оқушылар мақал-мәтел айтады: 1.Бір тал кессең, он тал ек. 3. Судың да сұрауы бар 2.Адам көркі-шүберек, 4. Жердің сәні-егін, ердің сәні-білім

Ағаш көркі-жапырақ

Тыйым сөздер:

1. «Көктей соларсың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

2. «Қарғысы қатты» деп жапалақ пен жарқанатты тигізбейді.

3. «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды

4. «Құмырсқаның илеуін бұзба.»

ІҮ. Қорытынды
Біз әсем табиғат аясы, ондағы тіршілік және қорғау туралы білімімізді ортаға салдық. Табиғат, Жер,Ана, Отан, туған жер , атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялатады. Ата бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» - деп бекер айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін дәріміз, ішіп жүрген тамағымыз, суымыз, тыныс алатын ауамыз бәрі табиғаттың берген сыйы.

Постер қорғау

- Туған жер, өскен ел тәрізді жүрекке жылы сөздердің бәрі де “Табиғат” деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Олай болса, “Табиғат деген не?” жауап беріңдерші.
Табиғатқа өздерің қандай қамқорлық жасадыңдар?Әңгімелеп беріңдер. ( Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Сөйлемдерді толықтырып айтыңдар.
- табиғатқа қамқорлық керек, өйткені..........
Керекті сөздер:мен табиғатты сүйемін, табиғат менің екінші анам, табиғат сұлулық мекені т.б
Табиғатқа тілек айтайықшы.
- Күніміз ашық болсын! - Суымыз тұнық болсын!- Гүліміз жақсы өссін!- Ауамыз таза болсын! Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай
білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді,сайраған құстарды, жан жануарларды қорғаңдар! Жер сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде сен тіршіліктің есігін аштың. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да сен өз туған жеріңді, оның табиғатын қорғай біл!
Хормен:
Табиғатты қорғауға,
Құстарды атпауға,
Өсімдікті жұлмауға.
Балапанын сақтауға
Ант етеміз!
Ант етеміз!
Хор: “Атамекен”




































Көрініс:              Аңшы мен бала.

Қүс аулауға шығамысың? Шығамын.

Атқаныңды жығамысың?

жығамын.

Міне мылтық атамысың?

Атамын.

Сен атып қайт мен демалып жатамын

Құсың қайда , қарағым ау?

Атпадым.

Таппадың ба тоғайдан құс?

Таппадым.

Көп еді ғой көлде құс?

Көп екен.

Ендеше неге атпадың?

Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.


Көрініс:

Асқар:          Атақты батырХанкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты

 Райымбек:            —          Жер дегенім немене?

  • Ел дегенім немене?

  • Жер сәні деген немене?

  • Ел сәні деген немене?

Серік:                   —           Жер құты деген немене?

  • Жерді не көтереді?

  • Елді кім көтереді?

            Төле би:

Жер дегенің- тіршілік,

Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған   шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты – қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

Автор:Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер- қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.»  Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген





Немересі: Ата, туған жер деген не?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам. 


Жүргізуші: Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:


Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.


Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.


Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!