Материалдар / Табиғат аясындағы МЕН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат аясындағы МЕН

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету; Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2022
380
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат аясындағы мен»

Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік.

Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер.

Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!

Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан


Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)


Табиғатты қорғайық, аялайық! - YouTube

https://www.youtube.com/watch?v=hxgXR0PqnV8

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.


  1. Мақал-сөздің мәйегі (топтар жарысады)

  2. Тапқыр болсаң, тауып көр.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.
Су
Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.
Бұлт

Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.
Қар
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.
Жаңбыр
Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді.
Жел
Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?
Жұлдыз

Мұрныннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді,
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.
Ауа
Ауызы жоқ, сыңғырлайды күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ.
Су
Тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Жаңбыр

Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы — жазы тау жақта.
Қар

Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді
Су

Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Қар

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
Күн
Сыртылдайды шәйнегін
Ұнатпаса да жұрт мейлі
Терезенің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді.
Жаңбыр
Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
Мұз
Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Көктен түседі,
Жер ішеді.      (Жаңбыр)


Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
Тау

Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.
Күннің күркіреуі

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.

Боран


Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
Найзағай

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың бұны айтатын тілі жоқ» айдарында берілген әңгімелердің мазмұнын игеру, сурет салу. «Ең әдемі жұптық жұмыс» анықталады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!