Табиғат бұрышын қалай
құру
керек?
Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына
оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін,
стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық
бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын
заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін
дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін
оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып
табылады.
Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және
оқытушы аймағы. Топ бөлмесіне сәйкес безендірілген табиғат
бұрышы әр топтың нағыз әшекейі болып табылады. Ол жерде балалар
зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Сондай ақ,
мектепке дейінгі балалардың жауапкершілік және қамқорлық тәрізді
сезімдері дамып, өсімдіктер мен жануарларды күте білуге үйретіледі.
Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың
таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және
балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы
тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет.
Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине,
оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу
қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша
тұрғындар деп бөлуге болады.
Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме
өсімдіктерін атауға болады:
Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме
өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін
сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі
гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін,
геран.
Естиярлар тобында, бөлме өсімдіктерінің саны 5-6
дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі
жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус,
хлорофитум
Ересектер тобында,табиғат бұрышында өсімдіктер
саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған,
жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы,
трансденсканция, бұйра, амариллис және
т.б.
Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7
түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және
тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін
гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш,
циперус.
Табиғат бұрышының мезгіл бойынша құралдары
олар, уақыт және мегіл ұзақтығының бақылауын көрсететін
заттар:
Күзде, бұл күздік гүлдер шоғы және кыша ыдысқа
отырғызылған гүлдер. Сондай ақ, ересектер тобында табиғи
материалдардан жасалған қолөнер үлгілері.
Қыста, бұл жәшікке отырғызылған пияз бен ағаш
бұтақшалары болуы мүмкін.
Көктемде, балабақша бақшасы үшін отырғызылған
көшеттер болуы мүмкін және көктемнің алғашқы гүлдері болуы
мүмкін.
Уақытша бақылауға топқа шыны ыдысқа салынған
балықты, тордағы құсты әкелуге болады. Әрине, балабақша аумағы
үлкен болса, экологиялық бөлме
жасақтауға болады. Бұл бөлмеге, әртүрлі
өсімдіктер және жануарлар және жорғалаушыларды әкеліп, Тәрбиелеу
бағдарламасы бойынша бақылауға болады.
«Құрғақ» аквариум жасауға болады. Ол үшін
аквариумді әртүрлі тастармен толтырып, артқы қабырғасына су асты
әлемінің суретін жапсырып, аквариум ішіне ойыншық теңіз тұрғындарын
орналастыруға болады (тасбақа, сушаян, теңізшаяны т.б) қабырғаларға
үлкен көлемді балық жапсырма суреттерін жапсырып, тастарға ұлу
суреттерін, теңіз жұлдыздарын жапсыруға болады. Аквариумді жасанды
балдырлармен толықтыруға болады. Аквариум дайын. Әр топта «Ауа райы
күнтізбесі» болуы шарт. Ауа райы күнтізбесін бақылау арқылы балалар
табиғат туралы білімдерін толықтыра
түспек.
Ерте жастағы балалар тобында маусымдар
көрсетілген сурет ілуге болады, мысалы, күз пейзажы және табиғат
бұрышында маусым бойынша киінген қуыршақ болу
қажет.
Естиярлар тобында ауа райы көрсетілген сағаттың
тіліндей қозғалып отыратын көмекші құрал болу
қажет.
Серуеннен келгеннен кейін ауа райы өзгерісі
туралы өзгерістерді бағдарды ауыстырып
отырады.
Сондай ақ, табиғат бұрышында бақылау туралы
балалар суреті болу керек.
Ересектер және мектепалды даярлық тобында ауа
райын белгілейтін шартты белгілерлермен таныстырылады. Балалар күн
сайын ауа-райын шартты белгілермен белгілеп отырады. Ай соңында,
балалар қанша бұлтты, жауынды, желді күндер болғанын шартты
белгілерді санау және салыстыру арқылы
біледі.
Сондай ақ, табиғат бұрышында, көкөністер мен
жеміс жидектердің муляждары болу керек.
Құстар,жан жануарлар, жәндіктер бейнеленген
суреттер жинағы болу қажет.
«Жыл мезгілдері» альбомы; белгілі суретшілер
салған жануарлардың суреттер кітапшалары,
Балалардың табиғат туралы суреттері және табиғи
материалдардан жасалған заттар;
Еңбекке арналған материалдар; Алжапқыштар,
суқұйғыш, күректер, қопсытқыш таяқшалар, шүберек, бұл құралдар
өсімдіңктерге күтім жасау үшін қажет. Сыпыртқы мен белшік табиғат
бұрышын тазалықта ұстау үшін қажет.
Сынақтар үшін жабдықтар: Пішіндер, күректер, елек
бұлар құммен ойнау үшін қажет. Сумен ойнауға тамызық, шприц,
әртүрлі пішіндегі ыдыстар қажет. Табиғи заттар жасау үшін (ұлутас,
тастар, жаңғақтар, бұтақшалар) қажет. Мектепалды даярлық тобы
балалар үшін үлкейткіш айна, микроскоп, таразы қызыты
болады.
Табиғат туралы дидактикалық ойындар: «Кім немен
қоректенеді?», «Кімнің үйі», «Ненің төлі?»
т.б
Табиғат бұрышын табиғи материалдармен жабдықтау
балалардың жас ерекшелігіне және тәрбиелеу Бағдарламасының
талаптарына байланысты.
Табиғат бұрышы тек қана бақылау үшін қажет емес.
Ол балаларды еңбекке баулытады. Ерте жастан бастап балалар
еңбектенуге тапсырмалар ала бастайды. Ересектер тобынан бастап
балалар табиғат бұрышында кезекшілік міндетін атқара
бастайды.
Табиғат бұрышы балабақшаны безендіру үшін ғана
емес, мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық үрдістің негізгі
бөлігі болып табылады.
|