Материалдар / табиғат және экология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

табиғат және экология

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғатты қорғауға тәрбиелік мәні бар тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Табиғат және экология

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттілігі туралы ой, ынта туғызу, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікгін арттыру.

Көрнекілігі. слайд, табиғат туралы суреттер, күйтаспа


Тәрбиеші: Қазіргі таңда ауасын жұтып, суін ішіп отырған Табиғат Ананы қорғап, аялау-барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғат қажеттілігі.

Табиғат, Жер-Ана, Туған жер, Атамекен-құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын, ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау-адамның азаматтық борышы.

Табиғат адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын әнші құстардың үні, салқын соққан самалдың лебі, жұпар аңқыған жусаны адамды қанағаттандырады.


Ән: «Желсіз түнде жарық ай»


Тәрбиеші: Халқымыздың мол мұраларының бірі, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлерінің бірі- табиғатты аялау.

Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты анам деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Табиғатта басы артық нәрсе жоқ.Бір жәндікті құрту, өзге жәндіктерге зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күнкөрінісіне залалын тигізген деп есептелген.Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соғатынын табиғат дәлелдеп отыр.


Тәрбиеші: Балалар біз осы өзіміздің өңіріміздегі, туған жер Қызылорда облысындағы табиғат апатына көз салайықшы Сырдария мен Амударияны күріш пен мақта егуге бұрып алып, Арал теңізінің құруына, ақ таңдақ жер бетін басып кетуіне, соның салдарынан түрлі ауру-індеттердің етек алуына әкеп соқтырады.

Арайлы Аралдың өңірінде үйір-үйірімен өріп жүрген тарпаң, құлан, жұрттың зәресін алатын жолбарыстар біржола жойылып кетті.

Ертеде Арал аймағында кездесетін аң мен құстың 57 түрінен тек 13 түрі ғана сақталған.

Жерұйықты көзімен көрген Асан қайғы атамыз (құс дауысы, аңдар дауысы естіледі) слайдтан

Ел жағалай қонбаса-

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз-үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп-деген су айдындары өзінің аң-құсымен ғана

ажарлы екенін естен шығармауымыз керек.

Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»


Тәрбиеші: Ал балалар «Аралдың азаматқа хаты!» атты тақырыбында өлең шумағын тыңдаңыздар.

Оқушы: Аралдың азаматқа хаты !

Ойлаған жақсы мұндайда,

Келмеске кеткен күн қайда ?

Шалқыған шалқар Арал ем,

Жағада ұзақ қарап ем.

Көз ұшты жетіп көрмеген,

Тозаңға ерік бермеп ем.

Айдында балық шаршып ед,

Көргенде көңіл көншіп ед.

Толқын жоқ дауыл күнгідей,

Қорқыныш қашан түнгідей.

Қайырлап қалған кемелер,

Жойылған басқа кемелер.

Ақ сазандар айырылған,

Балықшы ауылы қайғырған.

Ыдырап кеткен сынаптай,

Көлденең деген сұрақты-ай !

Тұз көшіп жөңкіп барады,

Қарасаң көзің талады.

Құм көшіп қаптап бара ма,

Жаза ма, әлде нала ма ?

Жандарды бекер жаралап,

Ақ тұзға бөкті бар алап,

Ауруы меңдеп ауылды,

Мезгілсіз бала ауырды.

Аралдың кейпін ойлайтын,

Кез емес енді ойнайтын.

Сергек бол, халқым, байлыққа.

Шулатпа, елді қайғыртпа.

Жоғалтып алмайық Аралды,

Ойласын ел боп амалды.

Ұрпағың бүгін өкпелі,

Аралдың ойлап өткенін.

Қуансын, халқым, шаттансын,

Аралына кеп мақтансын.

Сыр және Әму тынбасын,

Теңіздің жырын тыңдасын.

Теңізің жатыр шошынып,

Адамзат біткен осыны ұқ.

Көлдерім толмай шалқыман,

Балқаш та, мен де жалқыдан.

Тыңда сен, ұрпақ үнімді

Сезініп көрген күнімді.

Үмітім көп әлі алда,

Теңдікті сақта әмәнда.


Арал туралы бейнеклип


Тәрбиеші: Бір кездегі Қазақстан даласында қойша өріп жүрген арқар, киік, таутеке, қарақұйрық, құландар бүгінде «Қызыл кітапқа» тіркелген аңдар қатарына ілікті оның кейбіреулерін тек хайуанаттар бағында көретін болдық.

Қазақ халқының ғұмыр бойы бір қасіреттен екінші қасіретке ұрынып келе жатқаны тарихтан белгілі «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалып енді есін жиып келе жатқанда «Кіші төңкерістің» қасіретіне ұшырады.Одан кейін елімізді аштық жайлап, аман қалғандарын «Халық жауы» деген жаламен атқанын атып, азаптап өлтірді. Одан аман қалған бауырларымыздың ұрпақтары жер Ананың түкпір-түпкірінен «елім деп есін жиып, енді-енді ғана елге қайтып келе бастағанда еліміз экологиялық апатқа ұшырап жатса, біздің елдігіміз қайда ?

Оқушы: Безендіріп құмдағы

Саздағы аңды

Жер соқтырды,

Жылатты мәз даламды.

Қоғам азған,

Бірақ жерім дәл бұлай азбағанды.

Тәрбиеші: Қоғамдық өндірісті экономиканы қатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Семейді полигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық.Семей демекші, Семейдегі қанша бауырларымыз азап шекті.туылған балалар яғни нәрестелер кем болып туылды, мерзімінен бұрын өсіп тез қартайды, қанша адам жазылмас дертке душар болып о дүниеге аттанды.Осының бәрі экологияның бұзылуы, полигонның кесірі.


Слайд: Ядролық бомба жарылысынан кейінгі баланың басына түскен қасірет (мұңды музыка ойнап тұрады)


Баланың айтқан мұңды өлеңі

Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,

Денедегі мүшелердің қызметін көрмедім.

Бекер екен сұм жалғанда мынау бір,

Өмір сүріп адам болып жүргенің.

Асыр салып қатарыммен жүрмедім,

Қырдың қызыл гүлін тегі термедім.

Бұл өмірге пенде болып келген соң,

Шіркін дүние-ай,

Қызығын не ажыратып көрмедім

Анасының баласына айтқан сөзі

О, Құдайым ! Кінәсі не мына отырған баланың ?

Кім кетірді берекесін даланың ?

Қайдан іздеп кем-кетігін табамын,

Мына отырған , мына отырған наланың ?

Жас нәресте не берсе де алады,

Көзі, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны табады ?

Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырып,

О, дүниеге не көрдім деп, не сездім деп барады ?

Тәрбиеші: Көне үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» атты аңызын еске тұсіре кету керек сияқты. Ерте кезде біз патшалық мол байлықты өмір сүрген екен.Оның тұрғындарының да байлығы күннен күнге таси берген.Бір кездері оларда табиғат Анандан қол үзе бастаған тәкәппарлық бойда болған.Олар шаттық өмірдің, осы байлықтың көзі табиғат екенін естен шығарған Бірде ойламаған жерден аспапннан қанаты жоқ қарақұрым құстар қаптап кетіп, оларды бас салыпты. Тоғыз күнде патшалықтың қалаларын от пен судың тасқынымен қиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберіпті.


Слайд. «Тоғай төңірегінде» (М.Мақатаев)

1-оқушы: Тоғай еді қара судың ар жағы,

Қайда кеткен қамысы мен талдары ?

Не күзетіп, нені бағып жүр екен

Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны.

2-оқушы: Талды қиған неткен суық қол еді,

Тоғай тозған...

Енді сірә жоқ емі.

Бұл өңірге не көрінген, тәңір-ау,

Бұл өңірде соғыс болған жоқ еді.

3-оқушы: Тоғай тозған.

Топалаң боп сиреген,

Аяулы еді ата-баба тимеген.

4-оқушы: Саған айтам, балашықтар бүр жарған,

Шыбық, талың, шыршаларың ұрланған,

Сендер қаулап айналғанша орманға

Не қалады...

Не қалады бұл маңнан ?

5-оқушы: Осындай табиғатқа кім қол салған ?

Ия, ол-біз, адамдар ?

Ия, балалар дұрыс айтылған, бәріне өзіміз, адамдар кінәлі сияқты

Тәрбиеші: Халқымыз ежелден-ақ көптеген құстарды көзінің қарашығындай аялап қамқорлығына алған.Олардың жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, достықтың үлгісі деп дәріптеген.әсіресе қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.

Құстарда табиғатымызға бір ерекше әдемілік сыйлайтын, ғажайып үндерімен, шиқылдап салған әндерімен маңызы зор орын алады. Құстардың маңызы адам өміріне оразан зор. Ол туралы мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер көп.жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл да адамдардың құстарға деген көзқарасын айқындай түскендей.


6-оқушы: Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар.

Өтінем түгел бәріңнен

Көктемде құсты атпаңдар,

Сенімін оққа сатпаңдар.

Кішкентай жанды сақтаңдар,

Оларда титтей жүрек бар

Жүректі жо-жоқ атпаңдар.

Қанаттыларды қақпаңдар,

Солармен арай ақ таңдар,

Көктемнің гүлі сияқты

Көктемде құсты атпаңдар.


Ән клип. Ақ шағала (Нәби мен Ақбота Керімбекова)

Тәрбиеші: Қазақ халқы-табиғатты аялаған халық.Ата-бабаларымыз арттарына табиғатты қорғау туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен.


Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.

1-оқушы: Көкті жұлма «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.

2-оқушы: Суға дәрет сындыруға болмайды.»Ағын судың» арамы жоқ деген сөз бар, бұл суды басқалар пайдаланады.

3-оқушы: Суға түкірмейді, өйиткені бұл суды қайта ішуге тура келеді.

4-оқушы: Құстардың ұясын бұзуға болмайды.Қорғаса, үй-ішіне кесапаты тиеді.

5-оқушы. Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

6-оқушы: Жердің сәні-егін,

Ердің сәні-білім.

7-оқушы: Өзен біріксе теңіз болар,

Көп біріксе ел болар.

8-оқушы: Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

9-оқушы: Бұлақ көрсең көзін аш.

10-оқушы: Бір тал кессең, он тал ек.


Ән: «Саржайлау»

Тәрбиеші: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз

Жер бетінің ажары-ол, сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Табиғаттың тарылтпайық тынысын,

Қастерлейік оның байлық-ырысын.

Ей, адамдар, арың қалай шыдайды,

Табиғат Анаң, ал сен оның ұлысың-дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!