Материалдар / "Табиғат және мен" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Табиғат және мен" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәні мұғалімтеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
760
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М аңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» кмм

технология пәні мұғалімі
Серекбаева Күмісай Әлімбаевна

Мен және табиғат!


Тәрбие сағаты

10 ә - сынып

Күні

Сабақ тақырыбы

Мен және табиғат

Сабақтың мақсаты

а) табиғатқа деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу

ә) оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми - теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін тәрбиелеп, арттыру.

Көрнекілігі

Дайындық жұмысы:
1. Тақырыпқа байланысты материал жинақтау
2. Оқушылармен сөйлесу,жылыжайды барып көру
3. Көрнекіліктер дайындау

Табиғат туралы даналық сөздер, плакаттар, суреттер, тесттер,әңгімелесу, пікір алмасу, саяхат,слайд

Жаңа сабақ

Оқушыларды азаматтық қозғалыс деген ұғыммен және Құрық орта мектеп-гимназиясында орналасқан жылыжаймен таныстыру. Адам табиғаттың бір бөлігі екенің, табиғаттың күйреуі адамзаттың жоғалуына әкеліп соғатынын түсіндіру, жеткізу. Оқушылардың азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, қозғалыстың туу тарихымен таныстыру, қазіргі таңдағы адамзат алдында тұрған экологиялық проблемаларды шешу жолдарын көрсету.

Мен таптым табиғаттан кемелдікті,
Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.
Әлі тұр айналамда жоғалмастан,
Жоғалып кетсе дағы нелер мықты...
(Б. Алдамжаров)


Мұғалім сөзі:
- Сәлеметсіздер ме?
- Ұлдар, қыздар жан жақтарыңа қараңдаршы. Қабырғада ілініп тұрған сөздерге назар аударып, оқыңдар (ұқпаған сөздерді түсіндіреді)
- Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан шығарсыңдар.
- Экология деген не?
(оқушылар пікірін тыңдау)
Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.























  1. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмірлік өзегі, аңсар арманы - таза ауа
    Болмасын ауа ешкімнің арман, мұны,
    Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
    Ойлашы, кімге боламыз біз,
    Жұтудан таза қалған күні.
    Бола алмас аспан ұя зауалына,
    Жауларды тартар уақыт жауабына.
    Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,
    Улауға жол бермейміз ауаны да.
















2.Экологиялық ауа проблемаларды атаңдаршы? Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі неде?
- орманды жою;
- атмосфераға жыл сайын 30 миллиондай ластаушы заттар лақтырылады;
- Көлік ауаны, қоршаған ортаны ластай ма? (оқушыларды тыңдау)


Қорытынды: Табиғат байлықтарын бағалай білу керектігін ескерту және түсіндіру.Айналамызға көптеген талдар отырғызып,жасыл әлемге айналдыру.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!