Облыстық есту және сөйлеу
қабілеті бұзылған балаларға
арналған мектеп – интернат
– кешені.
Табиғат пен адам
егіз
Дайындаған: Н. И.
Сүйешова.
Орал
қаласы.
Тақырыбы: Табиғат пен адам
егіз.
Сабақтың
мақсаты:
Түзету – білімділік: Оқушыларға туған өлке,
оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімін
толықтыру.
Түзету – тәрбиелілік: Туған
жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны
аялауға тәрбиелеу.
Түзету – дамытушылық: Оқушыны жеке тұлға етіп
қалыптастыру
Көрнекілігі:
Слайдтар.
Сабақтың
барысы:
1.
Кіріспе.
-
Табиғат тіршілік көзі. Адам
мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады.
Ата- бабаңның Жер- қазына, су- алтын, мол байлық деп өсиет айтып
келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз,
үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер
көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер
суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген
сыйы. Жер адамдар тіршілік ететін ғажап мекен. Жер
адамдар үшін жайлы қоныс, алтын бесік. Көкте жұлдыздар, төбемізде
бір аспан. Күн мен ай бәрімізге ортақ. Жерде біздің ортақ үйіміз.
Ол бізге қажеттінің бәрін береді, өзі бізден ештеңе сұрамайды.
Адамдар Жер – анаға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарауы керек,
оны ұқыпты, таза ұстауға
міндетті.
2. Жоба
қорғау.
Жер ана – аманаты: Су-
алтын.
Нан –
байлық.
Ауа –
шипа.
Ағаш –
қазына
Су баға жетпес байлық. Су
тазалық досы.
Сусыз өмір жоқ, оны үнемдей біл.Суды
ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға
болмайды. Қоқыстың кесірінен бұлақ көзі
бітеледі. Ерте кезде суды тек құдықтан ішіп отырды.
Оның тазалығына қатты көңіл бөлген. Құдықтың бетін жауып ұстаған.
Су ішетін шелек таза, бөлек ұсталған. Суға түкіруге, ластауға,
лайлауға болмайды. Суға араналған нақыл сөздер.Суды босқа
төкпе.Сумен ойнама. Бұлақ көрсең көзін аш.Судай таза, сүттей ақ
бол. Қайнаған қара суда да қасиет бар. Судыңда сұрауы бар. Сыйлап
берсе суын іш... дегендей су туралы нақыл сөз
көп.
Нан байлық- нан дастарханға
оңай келмейді оған көп адамның еңбегін қажет етеді. Сондықтан нанды
қадірлей білейік және жерге тастауға, аяқпен таптауға болмайды.Дән
бидайдың жемісі,ол бидайдың масағында орналасады.Бидайды егеді,
күтіп, баптайды, піскен уақытта орады, қырманға тасиды, онда
тазалайды, дирменнен өткізіп ұнға айналдырады, наубайғанада
пісіреді машинаның көмегімен дүкенге
жеткізіледі.
Ақыл
кеңестер:
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен
анықтама, бұл тазалыққа , мәдениеттілікке
жатпайды.
Нан сатып алғанда таза дорбаға салыну
керек.
Жерде жатса теріп алып құстарға
тастаңдар.
Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі –
нан.
Нан үстінен аттама. Нанның үстіне кітапты
қойма.
Нанды қолмен сындырма, кесіп
же.
-
3- жоба: «Ауа сиқырлы - күш» құрастырғандар
Шумакаев Мирлан мен әжесі Қамар
Мақсотқызы.
-
Ж ер бетінде
көрңнбейтін бір сиқыр бар. Онымен күнделікті кездесіп отырамыз, сен
оны көрмейсің, бірақ маңайымызда бар екенін сеземіз. Оның бар
екенін ағаштың, көк шөптің сылдырынан, құстың ұшқанынан білеміз. Ол
–ауа. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымызды –
Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ауа – түссіз,
мөлдір. Ауа арқылы бізді қоршаған ортаны, заттарды көреміз. Ауа
арқылы иіс сеземіз. Иіс сулардың иісін, тамақтың иісін, басқада
иістер ауаның көмегімен таралады. Ауаның қасиеттері: ауа- сығылады
. Допты қолымызбен қыссақ ол ішіне қарай сығылады. Бұдан біз ауаның
сығылу қасиетін көреміз.Ауа серпіледі. Допты жерге ұрсақ, доп
жоғары ұшады. Доп ішіндегі ауаның серпілу қасиетімен жоғары ұшып
тұр. Ауа жылуды сақтайды. Үйдің терезесі екі қабаттан салынады.
Себебі екі қабатты терезенің ортасындағы ауа үйдің жылуын сыртқа
жібермей сақтап тұрады. Ауаның пайдасы: Егер пештегі ағаштың,
көмірдің жануында күшейтетін ауа. Пешті ауа мол кіретіндей етіп
салу керек. Мысалы: ақырын жанып жатқан отты үрлесе, ауа ағаштың
арасына мол кіріп, жануы күшейеді. Бөлмеде өрт шыға қалса, оның
үстіне көрпе жаба салу керек көрпе ауа жібермейді де өрт сөнеді
немесе су құю керек.Егер токтан шыққан өрт болса су шашуға
болмайды, адам тоққа соғылады. Ауаның
маңыздылығы: Ауасыз адам , жануар, өсімдік, тіршілік
иелері өмір сүре алмайды.
Ауа қоқыстармен, машина және заводтардың
түтінімен ластанады.
Ауаны сақтау үшін көк желекті сақтауымыз
керек. Көп ағаштар отырғызу арқылы ауа қорғай
аламыз.
-
Ағаштар жаны бар тіршілік иесі. Сондақтан
адаммен ағаштың арасында достық сезім бар деп айтады. Ағаштарда
адамдар сияқты көктемде күш қуатқа кенеледі. Сондықтан мамандар
бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянған көктем кезінде жиі –жиі
орман, тоғайды аралауға кеңес береді. Сізді сол уақыттағы жұпар иіс
емдейді. Ағаштан жағымды энергияны қалай сіңіріп алуға болады. Ең
бастысы ағашты дұрыс таңдай білу керек. Жеке басқа ағаштардан алшақ
тұрған ағаштың энергиясы күшті болатын анықталған. Үйеңкенің
биоалаңы өте күшті болады.Кез – келген адам үйеңкені батыл құшақтай
алады. Қарағайды үй құрылысына қолданған. Әртүрлі жиһаз жасауға,
отын ретінде қолданған жақсы.
Қайың жұрттың бәріне көмектесе бермейді. Ол
өзін еркелететін, жақсы көретін жандарға көмектеседі. Нәзік
жандыларға көп көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа пайдалы.
Емен мен қайың қан қысымының төмендеуіне
көмектеседі. Көктерек – адам бойынын жаман энергияны жұлып
алуда таптырмайтын ең күшті ағаш саналады. Ол үшін ағашқа арқаңызды
тіреп, 15 минуттай тұрғаныңыз жеткілікті. Тікенді, қылтанақты
ағаштар жағымсыз болғанымен олардың адам денсаулығына пайдасы көп.
Шетен ағаштары әлсіз саналғанымен олардың адамға көмегі көп.
Ағаштарда ғарыштан үздіксіз энергия алады. Оны бойына сіңіріп,
өзінде сақтайды. Жемісті ағаштар өз энергиясын жемісіне беріп, біз
оның энергиясын жемісі арқылыда бойымызға өз энергиясын береді.
Сондай ақ ағашпен тілдескенде ағаш адамды ғарышпен байланыстырады.
Қураған, майысып өскен ағаштарға жақындама, олар саған энергия
бермейді, керісінше олар сенен энергия сорып
алады. Тентек бала болмаймыз, табиғатты қорғаймыз.
Бір тал кессең- он тал ек.Доссыз адам – жапырақсыз ағашпен тең.
Ағашы аласа болсада, алмасы
тамаша.
Қорытынды:
-
«Табиғат байлығын
қорғау, үнемдеу, баршаның
борышы!».
-
Іс – әрекет
рефлексі: Не білдік?. Не үшін
қажет?. Не жасаймыз ?.
-
Марапаттау.
-
Ән: : Н.Нүсіпбаев. «Кең
далам»