Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғат пен ұлт құндылығы" қолданбалы курс 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Табиғат пен ұлт құндылығы" қолданбалы курсы 11-сыныптарға химия пәнінен арналған. Қазақ халқының табиғат туралы айтылған нақыл сөздері, ұлттық көзқарастар, экологиялық түсініктер қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Табиғат пен ұлт құндылығы»

қолданбалы курс

(11- сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

І.ТҮСІНІК ХАТ

Қолданбалы курс бағдарламасының мақсаты:

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең рухани бай азамат дайындау.

11-сыныпта экология, биоценоз, биогеоценоз ұғымдарының анықтамасы, табиғаттағы биологиялық заңдылықтар, биосфераға ықпалын тигізетін табиғи ортаның факторлары, антропогендік фактор әсерінен апатты аймақтарға айналған өңірлер туралы мәселелер қарастырылады. Дегенмен , экологиялық бағытта қоршаған орта туралы толық, жинақталған ақпарат ала алмайды. Бағдарламада қоршаған орта туралы барлық мағлұматтар топтастырылған және жергілікті жердегі экологиялық проблемалар қамтылған.

Оқушылар биология, химия, география пәндерінен білімдерін пайдалана отырып, экологиялық түсінік қалыптастыра алады. Сонымен бірге, экологиялық мазмұнда жүргізілген зертханалық, шығармашылық жұмыстар нәтижесінде өз білімдерін толықтырып, өз бетінше ізденіп, экологиялық көзқарас пен экологиялық мәдениетке үйренеді.

Курс барысында оқушылар антропогендік факторлардың қалалардағы өндіріс орындары ғана емес, туған жер табиғатына да өз әсерін тигізгеніне көз жеткізіп, табиғаттағы өзара тепе-теңдіктің сақталу маңыздылығын түсінеді.

Өткізілген тақырыптарға сәйкес тапсырмаларды орындау барысында оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалануға, ақпарат көздерін табуға, шығармашылық ізденіске дағдыланады.

Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының салаларының (биология, экология, география, химия) арасындағы байланысты, экология ғылымының негіздерін ұғынады. Курс оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдері мен дағдыларына қарай негізделген. Сабақ барысында ұсынылатын экологиялық мәселелердің шешімін таба отыра, ақпарат іздеп, өздеріне білім жинақтайды. Оқушылар әр бөлімге өзіндік жұмыс ретінде өз жобаларын ұсынады. Жобаларды хабарламалар, модельдер дайындау арқылы ұсынады.

Курстың міндеттері:

  1. Экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыру және қоршаған орта экологиясы туралы мағлұматтарды оқып-үйрену,.

  2. Табиғаттағы тепе-теңдік, қоршаған орта мен ағза арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін жетілдіру.

  3. Антропогендік радиоактивті заттардың биосфера тіршілігіне әсерін оқыту арқылы экологиялық мәселелерге өз көзқарастарын қалыптастыру.

Бағдарламаның өзектілігі:

Экологиялық білім беру саласында ҚР «Ата заңы» 2050 стратегиясында және Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл ел» атты бағдарламасына сүйене отырып, экологиялық құқық мәселелеріне қалыптасқан аймақтар тобы, радиациялық жағдаяттар, табиғат байлықтарын тиімді игеру, тіршілік иелерінің экологиясын қорғауға баулуды жас ұрпақ бойына дарытуды қалыптастыру.

Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс, семинар, сарамандық жұмыс, ізденіс сабақ, шығармашылық жоба, кезеңдік бақылау, тест.




Курс 34 сағатқа негізделген. 10 сынып, аптасына 1 сағат.


Қолданбалы курс бес тараудан тұрады:

Кіріспе

І Экология негіздері

ІІ Тіршілік экологиясы

ІІІ Жеке адамға арналған экологиялық әдеп

ІV Табиғатты қорғау шаралары

V Қазақстандағы және жергілікті жердегі экологиялық мәселелер





























ІІ. МАЗМҰНДЫҚ БӨЛІМ


Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны – 34

Кіріспе -1 сағат

І Экология негіздері – 7 сағат

Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар. Ағзалар арасындағы арақатынас түрлері. Табиғи және антропогенді экожүйелер. Антропогендік факторлардың түрлері. Экожүйедегі энергия ағымы мен заттар айналымы. Жергілікті жердегі су көздеріне танымжорық. Жергілікті жердегі қоректену тізбегі /сарамандық жұмыс/

ІІ Тіршілік экологиясы-4 сағат

Тірі ағзалар және ұлттық құндылықтар. Жануарлардың арасындағы байланысын модельдеу. Қазақстанда көп және сирек кездесетін жануарлар түрлерін талдау. Қазақстанда көп және сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін талдау.

ІІІ Жеке адамға арналған экологиялық әдеп-4 сағат

Үй жануарларының күтімі. Бөлме гүлдерінің күтімі және олардың табиғаттағы маңыздылығы. Тұрмыстық химияны қолданудағы ережелердің адам өмірі үшін маңыздылығы. «Мен және экологиялық мәдениет» моделін құру.

ІV Табиғатты қорғау шаралары-10сағат

Табиғат туралы қазақтың ұлттық көзқарастары. Ұлттық әдеп және бүгінгі көзқарастар. Табиғатты пайдалану және оны қалпына келтіру шаралары. Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға әсері. Баламалы энергия көздері моделін құру. «Мен баламалы энергияларын қолданатын боламын» жобасын жасау. «Мен және табиғат» жобасын жасау.

V Қазақстандағы және жергілікті жердегі экологиялық мәселелер-8сағат

Қазақстанның экологиялық мәселелері. Адамның іс-әрекетінен экожүйенің өзгеруін талдау. Болашақтағы экожүйелердің сызбасын құру және ұсыну. Экологиялық білім мен мәдениеттің экологиялық шешу жолы моделін ұсыну. Жергілікті су көздеріне танымжорық. Жергілікті тұрғындар денсаулығының шәкілін жасау. Экологиялық мазмұндағы есептер.













ІІІ. НОРМАТИВТІ БӨЛІМ

«Табиғат пен ұлт құндылығы» қолданбалы курс бағдарламасының

мазмұны мен құрылымы



р/с


Тараулар

Сағат саны

Теориялық

сабақ

Практикалық сабақ


Кіріспе

1

1

-

І.

Экология негіздері

7

5

2

ІІ.

Тіршілік экологиясы

4

1

3

ІІІ.

Жеке адамға арналған экологиялық әдеп

4

3

1

ІV.

Табиғатты қорғау шаралары

10

4

6

V.

Қазақстандағы және жергілікті жердегі экологиялық мәселелер

8

1

7


Барлығы

34

15

19
























ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат

саны

Күні

Ресурстар

Әдіс-тәсілдер


І тоқсан





1

Кіріспе

1

07.09

таныстырылым


дәріс


І Экология негіздері – 7 сағат





2

Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар.

1

14.09

мәтін

дәріс

3

Ағзалар арасындағы арақатынас түрлері.

1

21.09

қосымша

дәріс

4

Табиғи және антропогенді экожүйелер.

1

28.09

таныстырылым

дәріс

5

Антропогендік факторлардың түрлері.

1

05.10

бейнебаян

дәріс

6

Экожүйедегі энергия ағымы мен заттар айналымы.

1

12.10

Мәтін


Дәріс

сызбанұсқа

7

Жергілікті жердегі су көздеріне танымжорық.

1

19.10

Зертханалық қорытындылар

Зерттеу бақылау

8

Жергілікті жердегі қоректену тізбегі /сарамандық жұмыс/

1

26.10

Зерттеу материалдары

Сарамандық жұмыс

ІІ-тоқсан ІІ. Тіршілік экологиясы-4 сағат

9

Тірі ағзалар және ұлттық құндылықтар.

1

09.11

Қосымша материалдар

дәріс

10

Жануарлардың арасындағы байланысын модельдеу.

1

16.11

Интернет материалдары

модельдеу

11

Қазақстанда көп және сирек кездесетін жануарлар түрлерін талдау.

1

23.11

Зерттеу материалдары

кейс

12

Қазақстанда көп және сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін талдау.

1

30.11

Интер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2022
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12