Материалдар / Табиғат тағдыры –ел тағдыры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат тағдыры –ел тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат-тіршіліктің бесігі.Адам-табиғаттың бір перзенті.Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ,бізге беймәлім сырлары толып жатыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
882
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табиғат тағдыры –ел тағдыры

О,табиғат,тіршілікке ұйық болған мекенім,

Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.

Алақанда аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,

Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.

Табиғат!Осы бір жүрекке жылы,көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым,ұлағаты мол ұғым,мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!

Табиғат-барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,алтын ұя-бесігі,бар байлықтың ырыс,қазынасы.Ал,адам үшін табиғат ең қасиетті де,қастерлі ұғым!Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақтысы Анасы,сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та,тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

Тәрбиенің негізі-табиғат,ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы деп атайды.Қоғамның дамуы да табиғатпен тығыз байланысты.Қоғам дамуына себепші адам.Адам мен табиғат арасында жақындық болмай,даму немесе болашақ болмайды.Табиғаттың берері бізге көп.Адам баласын дүниеге келтіріп бар махаббатын,мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялатқан табиғат ол аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләәзәт шапағатын ұяалататын сұлулық пен әсемдік әлемі. «Адам баласы дүниеге келгенде өлмейтін табиғи күштердің жиынтығын бойына жинақтап туады»-деп есептейді П.Иванов.Алайда,бірте-бірте көптеген факторлардың әсерінен ол табиғаттан алшақтап,шын мәніндегі құдірет қасиетін жоғалтады.Баланың табиғи күшін шашып-төкпеуіне көкмектесу,табиғат берген қабілетін шыңдау-міне,тәрбиешінің,әсіресе,ата-ананың ұлы миссиясы осы.Табиғат ананың тек өзіне ғана жер бетінде аламсыз жайқалып тұра беруі әбден мүмкін,ал адам ше?Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.Себебі,адам өзіне керекті,қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. «Адам табиғатпен өмір сүреді»-деп жазған болатын К.Маркс.Ол табиғаттан бөлініп кетпейді немесе оның әсереінсіз қала алмайды.Табиғат пен адам біте қайнасқан тұлға. Адамның табиғаттан тысқары өмір сүруі мүмкін емес екенін әрбір кішкентай бала да түсінетін сияқты.Дегенмен құдіреті күшті Алла тағала адам мен табиғатты тығыз байланыстырған.Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды.Әсіресе,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен.Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік ой түйген.Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп,бірлікте өмір сүрген.

Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап,табиғатпен етене араласып,оны аялап,оған жәрдемдесіп,қамқорлық көрсетудің маңызы зор.Табиғатқа деген ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өміріне де игі әсерін тигізеді.Табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады,оны табиғат анаға деген қатігездік әрекеттерден сақтандырады.

Табиғат-тіршіліктің бесігі.Адам-табиғаттың бір перзенті.Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ,бізге беймәлім сырлары толып жатыр.Оған тереңірек үңілсек,табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа,жан-жануарға қажетті заттар бөліп шығарып,үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады. Бұл-табиғаттың тазалық заңы.

Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де,адам құратын қоғам өмірі де тұл.Бұл-табиғаттың мол қазыналық заңы.

Қолмен жасағандай көркем табиғат айдынында жүзген қос аққу,бұрала өскен биші қайың,айта берсең таусылмайтын табиғат тамашалары.Бұл-табиғаттың сұлулық заңы.

Табиғаттың тартылмайтын мөлдір,кәусәр ауасын,

Қастерлейік оның бар қазына,ырысын.

Ей, адамдар,қалай ғана қатігездік жасайсың,

Табиғат-Анаң,аялаған ұлысың,-деп ақын жырлаған,біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі тікелей байланысты болған.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде. Экология-ел амандығы.Осы орайда,бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі-табиғатты аялау. Табиғатты аялау-адамзаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялау-туған елді, жерді аялау.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: ‘‘Сұлулық дегеннің тамыры табиғаттану деген нәрседе жатыр.Мәселен,гүлді алайық.Сол гүлдерге біз сұлу емессің деп айта алмаймыз.Ол-табиғаттың жасаған сұлулығы.Аңдардың ішінде де сұлу аз емес.Құстарды алып қарасақ,олардың ішінде қаншама сұлулар бар.Сол себепті сұлулық деген нәрсенің өзі-табиғаттың көркі’’-деген.Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп,сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға ананың ақ сүті арқылы дарығаның мақтанышпен айта аламыз.

Табиғатты қорғау – біздің парызымыз. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып , өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін , бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді . Бұлттары аппақ мақтадай , шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат тіршіліктің – көзі.Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады.

Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру , тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы.Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген, оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшадан өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сынға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең-жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігі өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз», «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген.Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа,яғни бізге қалдырып отыр.Біздің әрбір басқан қадамымыз,әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан,оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз.Бірақ,адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде.Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.Табиғатты қорғау әр адамның міндеті.Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап,құрмет тұту қажет.Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып,орамнды қорғау емес.Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау,оны сүю,жастарды табиғаттың болмысына,заңдылығына үйрете отырып,табиғат байлығын қорғауға және оны тиіміді пайдалануға үйрету.Мектеп табалдырығын аттаған титтей бүлдіршіндерден бастап,жоғарғы буынға дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қазірден бастап экологиялық білім алса нұр үстіне нұр болар еді.Бұл жерде экологиялық білімнің берері мол деп ойлаймын.Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол-жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілікті қалыптастыру.Өкінішке қарай аға ұрапақтың сана сезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келеді.Ол олардың табиғатқа ‘‘байлық көзі немесе табыс көзі’’ретінде қарауы.Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Экология хал-ахуалы қазір бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл санада қалдырған тағылымдық,тәрбиелік мәні зор асыл мұраларына ерекше көңіл бөлу керек-ақ.Олардың ұрпақтан-ұрпаққа даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер,аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған,осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой,тәлім-тәрбие,өнегесі жатыр.

Ерте кезде халқымыздың өзін қоршаған жануарлар мен өсімдіктер ‘‘қасиетті’’деп ұғып,оларды құрметтеуді уағыздаған.Табиғат пен адам біртұтас,оларды бір ие деп,ұясын бұзуға,балапанын алуға,өздерін аулауға рұқсат етпеген.

Экология қазақ үшін тың нәрсе емес,ол біздің салт-дәстүрімізде бар,бұл ананың ақ сүтімен береліп келген,туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым.Сәкеннің ‘‘Көкшетауын’’ алыңыз.Қалай мадақтайды тау-тасын,жер суын,міне ‘‘ботам’’,‘‘құлыншағым’’,‘‘қошақаным’’ деп еркелеткен.Жерін жұтатпаш үшін әр маусымға орай жайлау,күзеу,қыстауға көшіп-қонып жүрген.Көшкен жұртында бір түйір көлдеңен зат тастамай,ошағын тегістеп,қазығын қалдырмай кеткен.Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы.Қазіргі таңда экология мәселесі атом қаруынан да қауіпті.Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр.Эколгиялық апат кезінде табиғи орта жағдайлары өзегеріп,адамның тіршілік етуіне аса зор қауіп төнеді.Эколгиялық апатты аймақтардағы табиғи ортаны бастапқы қалпына келтіруге болмайды.Дегенмен,экологиялық дағдарысты адамның белсенді іс-әрекеті арқылы жоюға болады.

Халықтық ұғымда туған жерден қасиетті одан киелі еш нәрсе болған емес.Сондықтан да қастерлі сапарға аттанарда немесе ел басына күн туып,уақытша қоныс аударған кезде кіндік кесіп,қаны тамған жердің бір уыс топырағын ата-бабамыз әрқашан өзімен бірге ала жүрген.Ата-бабамыздаң түсінігінде: ‘‘Жер-қазына,су-алтын,мол-байлық’’.

‘‘Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат

Ат төбеліндей болса да

Туып-өскен ел қымбат’’,-деп,олар туған жерді қорғауды қасиетті борышы санаған.

Қазақ халқы жас ұрпақты табиғат қойнауына салып өсіретін,бала‘‘туған үйім’’демей, ‘‘туған ауылым’’, ‘‘туған жерім’’-деп ер жететін.Сол туған жер бала бойына барлық болмысымен ең ыстық,ең қымбат қасиет болып бітіп,күш береді.Табиғатты аялау,сүю,қорғау дәстүрі-ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде жерге деген құрметтің нышаны,адалдығының белгісі. ‘‘Кіндік қаны тамған’’, ‘‘кіндік кескен жер’’деген қасиетті сөздер осы дәстүрге байланысты қалыптасқан. Мәселен,М.Әуезов‘‘Абай жолы’’романында он үш жасар Абайдың оқудан қайтқандағы еліне,туған жеріне деген сағынышын,ел мен жер бірлігін бір-бірінен айыра алмайтындығын даналықпен жеткізген.

Еуразияның иен даласын жайлаған көшпелілер үлкен дариялардың жағалауына егін егіп,кең далада төрт түлік мал өсірген.Кәсіп-қарекеті мал мен оның өнімдеріне негізделгендіктен,халқымыз мал бағып,жайылымды отына қарай талғауда,жерді игілікті пайдалануда өзіндік дәстүр қалыптастырған.Жайылымының орналасу орнына,күн сәулесіне,қыс түсер қарға,көктемдегі жаңбыр мен жер түгіне,көктің өнуіне байланысты өріс белгіленген.Малдың талғамына сай жайылымдарды көктеу,жайлау,күзеу,қыс

-тау деп бөліп,мерзімімен пайдаланған.

Табиғатпен тілдесе білген көшпелі қауым ауа-райын алдын-ала болжауда атадан қалған мол тәжірибесіне сүйенеді.Есепшілердің бақылауына қарағанда,қыс суық болатын жылы қой малы қорада бірінің соңынан бір тізбектеле қаз-қатар жатады.Ал көк қалың,бітік шыққан жылы қыс жайлы болады.Төрт түліктің тісі мен тұяғына ерген малшылар қыс бойы құландар мен киіктерді бақылайды.Егер олар жер ауа бастаса,қойшылар да тез арада малын отар-отарға бөліп,киік пен құлан соңынан жылы жаққа көше бастайды.Қысқа арнап пішен шауып,азық дайындап әуре болмайтын көшпелілер жайылымды үнемдеп,бабымен пайдаланудың арқасында төрт түлікті қыстан күйлі-қоңлы алып шығып отырған.

Жайылымды пайдаланып,өріс белгілеуде бабаларымыздан қалған ұшан-теңіз тәжірибелер бар.

Бүгінгі жер тағдыры-ел тағдыры болып отырған,экологиялық сырқаттар әбден асқынған уақытта біз өзіміз қаласақ та,қаламасақ та ата -

бабаларымыздың атамекен,туған топырақ туралы ұғым-түсініктеріне,таным-талғамдарына ой жүгіртеріміз сөзсіз.Бұл-табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың бір мысалы.Табиғатты аялау-халқымыздың игі дәстүрі.

Туған табиғаттың байлықтарын ұқыпты пайдалану және арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар табиғатты қорғау әрекеті арқылы іске асады.Сондықтан табиғат-ештеңемен салыстыруға келмейтін байлық,табиғи ресурстардың байлығы,адам тіршілігінің ортасы,оның күші мен денсаулығының көзі,табиғат заңдарын ғылыми ұғу-оны іске асырудың нысаны,адам баласының рухани дамуының құралы.

Табиғатты қорғау,табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.

Таза болса табиғат-аман болар адамзат

Табиғат,сен-тіршілік,тұнып тұрған,

Сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,

Сен-көлсің,

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған,-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,алтын ұя бесігі,құт-берекесі.

Бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі екі мәселе тұр.Бірі-әлемді алапат соғыстан алып қалу проблемасы болса,екіншісі-елімізді қоршаған тіршілік ордасын-табиғатты келешек ұрпаққа бүлдірмей , ластамай , көркейтіп , көріктендіріп жеткізу.

Қоршаған ортаны ластаудың,бүлдірудің,тіпті оны іске алғысыз етіп тастаудың мысалын алыстан іздемей-ақ , Арал апатынан,бүлінген Балқаштан-ақ көруге болады.

Мәселен,қазірге кезде Сырдария суын ішпек түгіл,оған шомылу қауіпті. Дария маңыңдағы адамдардың жетпіс процентінің қаны аз (анемия).Республика бойынша балалар өлімі жөнінен Арал теңізі жағалауы ең жоғарғы орында. Немесе Алматы маңындағы мың гектар егістік жері ешқандай тазартылмайтын өндірістердің зиянды қалдық суымен көп жылдар бойы суарылып отыр.Осындай ‘‘төбе шашың тік тұратын’’айта берсе таусылмайтын ақтаңдық сырларды бүкпесіз айту ел азаматтарының ел белсенділігін арттыратынына,олардың өмірге обьективті көзқарасын қалыптастыратынына,келеңсіз көріністерге тойтарыс беруге үйрететініне табиғатты қорғау саласында жүргізіп жатқан жұмыстар кезінде көз жеткізуге болады.

Дала төсін емген халық қандай қырғыннан кейін болса да,жер-ана құшағында еңсесін қайта көтеріп,өркендеп келеді.Ел арасында ‘‘тіпті тайқазанның астында қалған бір баладан бір рулы ел тарапты’’деген аңыз да таралған.Олай болса,дүниеге келген әрбір жаңа ұрпақтың да қолтығына демеу,көңіліне медеу болатын-осы жер-ананың амандығы,туған жерге деген сүйіспеншілік.

Ол адамзат мәңгілігінің бірден-бір кепілі.‘‘Ер туған жеріне...’’деп мәтелдеудің тәрбиелік сыры осында.

Қазақстанның экологиялық жағдайындағы ауыр зардаптың тағы бірі-ондаған жылдар бойы ядролық және термоядролық жарылыстан түскен жаралар.

Экологиялық жағдайы сауықтырудың бірден-бір жолы-халықтың сандаған жылдар бойына қалыптастырған ұлттық дәстүрге қайтып оралу. Кейінгі жастарды отандық,халықтық дәстүрде тәрбиелей отырып,оларға адам сыйлауды ғана емес,туған жер топырағын,қарайған бұтасын мен бір тамшы суына дейін аялауды үйретеді.

Халқымыздың бойындағы қанға сіңген қасиеттердің бірі-табиғатты аялау,яғни экология тәрбиесі.Данышпан бабаларымыз әлі мұрты бүлінбеген,тұнығы шайқалмаған табиғаттың қадір-қасиетін жете түсінген.

Халық ұғымында ертеден келе жатқан ‘‘киелі’’, ‘‘қасиетті’’, ‘‘обал’’, ‘‘киесі ұрады’’, ‘‘сауабы тиеді’’деген сөздердің табиғатқа қиянат жасама деген ұғымнан туғаны белгілі.

Мәселен,қазақтың аққуды,қарлығашты,ұларды,дегелекті,үкіні қастерлеуі осының дәлелі.Халық оларды игіліктің иесі,бақыттың бастамасы жақсылықтың жаршысы,ұлылықтың ұйытқысы деп өте жоғары бағалаған.Тіпті,халық өзінің сүйікті ұл-қыздарына мөлдір бұлақтың,әдеміліктің,табиғат ажары болған аң-құстың атын беріп аялай білген.

Мысалға,Бұлбұл,Қарлығаш,Лашын,Құндыз,Құралай т.б.аттары халық жүрегіне ұялаған,жанға жайлы естілетін есімдер.

Халық ұғымындағы балама,теңеу сөздерінің көбісі тікелей табиғаттан алынған.Тіпті дүниеге шыр етіп келген күннен бастап ананың аялы алақаны мен жүрек сезімін білдіретін бесік жырындағы ‘‘көлдегі құрағым,аспандағы жұлдызым,маңдайдағы құндызым’’деген сөздердің өзі тұтасымен табиғатпен байланысты.

Табиғат деген сөз,туған жер,өскен ел,атамекен,жер-ана,ауылым деген жүрекке жылы естілетін сөздермен бір мағынада айтылады. ‘‘Жері байдың елі бай’’, ‘‘Күте білсең жер жомарт’’, ‘‘Қара жер қарыз арқаламайды’’деген даналық мақал-мәтелдерден табиғатқа деген қамқорлық жасаудың қажет екендігін аңғаруға болады.

Қазақ жеті қазынаның бірі-жер деп есептеген.Сондықтан да халық,ұғымындағы ‘‘Қара жер’’деген сөздер,‘‘Қасиетті жер’’деген ұғымдардың мағынасы соны толықтыра түседі.Халық арасында кеңінен тараған ‘‘қара орман’’,‘‘қара шаңырақ’’, ‘‘қара қазан’’деген сөздердегі қара,қасиетті,киелі деген ұғымды білдіреді.

Жапан түздегі жалғыз ағаштың өзін киелі,қасиетті деп,оған ешкімнің балта шабуына рұқсат етпей,көздің қарашығыдай сақтай білген және осындай асыл мұралары кейінгі буындарға үнемі үлгі-өнеге болып отырған.

Халқымыздың табиғатқа деген қайырымдылық,қамқорлық сезімі,аялы алақаны,көздің қарашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асан қайғы, күй атасы Қорқыт бабаларымыздың өсиетке толы сөздерінде елеулі орын алған.Қорқыт бабамыздың ‘‘Қара орманың шайқалмасын,мәуелі ағашың құламасын’’деген сөзі көп мағынаны аңғартады.

Табиғат байлығының бірі-шипалы өсімдіктердің шипалы қасиетін қазақ ерте кезден бастап-ақ білген,әрі күнделікті тұрмысында пайдаланып отырған.Ғасырлар бойы халық жианақтаған табиғатқа деген аялы алақан,азаматтық мейірім мен қамқорлық,табиғатты гауһар тастай қорғай білу сияқты асыл қасиеттер тағылым мен тәрбиенің қайнар бастауы,әрі адамгершілік парызы мен борышы екенін бүгінгі жастар түсінуі керек.Әсіресе табиғат қазіргі кезде көбірек қамқорлықты қажет етеді.

Халқымыздың мақтанышы болған, ғалым, этнограф, зерттеуші , жерлесіміз Ш.Уалиханов былай дейді : «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы,тіршілікте одан ғажап,одан құпия не бар? »

Туған жерге,оның табиғатына арнап көркем шығарма жазбаған ақын-жазушы жоқ шығар.Табиғатты асқан сүйіспеншілікпен,ыстық сезім,шынайы шеберлікпен суреттеген,мына біздердің жүрегімізде туған жеріміз,байтақ Отанымыз,әсем табиғатымызға деген сүйіспеншілік туатыны айдан анық.

Иә,табиғатсыз адам өмірінің еш мәні жоқ.Оның тіршілігі қызықтырады.

Қайда болсаң да,өзіне тартып,сағындырады.Бұл-оның құдіретті күші.Адам-туған жер перзенті,соның топырағынан жаралған.Сондықтан да оның топырағын сағынады.

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты,биік таулы жерлері бар.

Өзен,су,көлдер жайлап,тау қыстайтын

Меймандас,берекелі елдері бар,- деп С.Сейфуллин жырлаған,сұлу Арқаның шүйгін бір арнасы Нұра,Есіл өзендері мен Ор,Аба тауларының баурайы қиялын тербеп,кір жуып,кіндік қаны тамған өлкесі туралы шабытты жырын оқыған адам өз өлкесін көріп,туған жер тұтастығын таниды.

Сан мыңдаған оқушы рухани азық тауып,жердің қадір-қасиетін, Жер-Ананың құндылығын ұғынып,салауатты өмірге бет бұрады.Сұлулық пен әсемдікті мейірлене,туған жеріне бейбіт,тыныш өмірдің тұнығының шайқалмауын тілейді.Осындай сезім күйі,көңіл әуенімен көкірек сарайымызды күн шуақты нұрға бөлейді.Өзімізбен бірге тыныстап тұрған тіршілік атаулыны аялау,жақсы көру сезімдері оянады.Ақындардың ән-жырларының берер қуаты осы,бұлардан дарыған қасиет те осы.

...Уа,дала,кеңдігіңе тамсандым көп,

Айта алман бәріне жауап тауыса алам деп

Сен-алып пластинка дөңгеленген,

Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп,-деп Қадыр Мырза Әлі жырласа,

Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің,

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер,тамашасың,көркемсің! -деп Кәкімбек Салықов өз жырына қосқан екен.

Әлемнің бар байлығын ұсындаса айырбастауға келмейтін,сұлулығын,әсемдігін сөзбен суреттеп беру мүмкін емес,ұшқан құстың қанаты талатын,шапқан тұлпардың тұяғы талатын,асыл қазынамыз,ата-бабамыздың сеніп тапсырған,аманаты ол әрине,біздің жер анамыз және табиғатымыз.Мінекей қарап отырсақ ата-бабаларымыз бізге жайлқалған жерді амант етіп қалдырды.Ал ертең біз келер ұрпаққа нені аманат етпіп қалдырамыз?!Қазірден бастап өзімізді қоршаған ортаны ластап жатсақ.Халықымыда мынандай өңеге,тәрбиеге толы сөз бар:аманатқа қиянат жасама!Сол себепті де келер ұрпаққа бізге ата-бабаларымыз қалдырып кеткендей,жайқалған табиғатты аманат етуіміз үшін қазірден бастап-ақ,қоршаған ортамызды таза ұстап,табиғаттын жойылып кетпеуі үшін білек сыбана еңбектенгеніміз жөн.Егерде табиғат жойылатын болса,онда барша адамзатта жойылады емеспе?Себебі табиғат біздің анамыз!Ал анасыз өмір мүмкін емес деп ойлаймын. Қарапайым күнделікті өмірден мысал алатын болсақ,даладан болсын немесе сабақтан болсын келіп,үйдін табалдырығын аттағаннан кейін ең бірінші анамызды іздейміз.Ия,табиғат бізсіз,яғни адамдарсыз-ақ өзінің қызу тіршілігін жалғастыра беретіні анық,көз алдымызға елестетіп көрейікші егер де табиғат жойылып кетсе,онда не істейміз?Тіпті,бұны ойлаудын өзі қорқынышты.Сондықтанда қазірден бастап табиғатымызды,жер анамызды көркейту үшін титтей де болсын өз үлесімізді қосайық.Алып қарайтын болсақ,экологиялық проблемалар күнен-күнге артып келе жатыр.Жанға жара салатыны,ең өкініштісі бұнының барлығы адамдардың өз қолдарымен жасаған істері.Осы барша әлемді жаулаға дерттен құтылу үшін менің ойымша әр адам өзінен бастауы тиіс.Яғни,өзінің тұратын жерін,ауыласын таза ұстау,бау-бақшамен айналысып,жеміс ағаштарын отырғызу т.б. «Атадан мал қалғанша,жүз тал қалсын»-деп дана халқымыз бекерден-бекер айтпаған ғой.

Еліміздің мақтанышы,жер,ел сұлулығының символы ретінде танып,біздің туған өлкеге өлеңнен соғылған ескерткіш ретінде жүрегімді жарып шыққан мына жыр жолдарымен ойымды түйіндегім келеді.

Жазығы кең көсілген далам қандай,

Қарағай мен қайыңы жайқалғандай

Сұлулық табиғаты біткен жайнап,

Жыр етем ауылымды Игіліктей.


Кең көсілген даласы алып тұлға,

Кіруден ауылымды қағыс қалма.

Жасыл орман көк орай табиғаты,

Кенелесің көптеген табыстарға.


Келгендер ауылыма адасады,

Жел соқса жымыңдаған қарасазы.

Бәрін жиған бойына сұлулықтың,

Жемісі орын таппай таласады.


Қайыңдар қарағаймен таусылмаған,

Төрт түлігі табынымен саусылдаған.

Көлдері көз тойғысыз қара теңіз,

Айнадай жарқ-жұрқ етіп жылтылдаған.


Ауылға жақын жерде Бурабайы,

Кеш батса жарқырайды туған айы.

Демалсаң ауасы бал тұнып тұрған,

Рахатын сезесің жанға жайлы.


Егісі сап-сары алтындайын,

Мен қалай осыны айтпай басылайын.

Көкорай шөбі шүйгін балаусалы,

Қалайша жаннатымды жасырайын.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!