Материалдар / "Табиғатқа қамқорлық "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Табиғатқа қамқорлық "

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
4691
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адам қасиеті туралы түсініктерін кеңейту. 

Сабақтың міндеттері: 


  • Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру 


  • Табиғатқа қамқорлық жасау қарым- қатынасын дамыту 


  • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу 


Көрнекі құралдар: Қызыл кітап және макеті, күн және жылулары /сөздер/

қорықтардың картасы, бейнетаспа, ағаш макеті және гүлдер.



Сабақтың түрі: қайталау сабағы 

Сабақтың әдісіәңгімелеу және сұрақ жауап, топпен жұмыс 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбек пәні, 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу, ашық сабақ жайлы айту.



ІІ Психологиялық дайындық

-Балалар қазір бізге өзін- өзі тану пәні. Осы өзін-өзі тану пәнінде «Шаттық шеңберіне» тұрайық.

/оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнен бастап өздерінің жүректегі жылуларын аялап, бір- біріне сыйлайды. Жылуды бөлмелеріне шашады.

-Енді менің қолымдағы бір бума гүлді бүгінгі сабағымызда бір- бірімізге сәттілік тілеу үшін жақсы сөз айтып, сәттілік тілеп гүлдерді сыйлайық.

Кіріспе әңгіме:

-Балалар өзін-өзі тану пәні осы биылғы оқу жылында мектеп бағдарламасына еніп отырғанын білесіңдер. Біздің мектебімізде шағын орталықтан бастап, 11- сыныпқа дейін осы пән өтіледі. Осы пәннің жобасының авторы кім? /Сара Назарбаева/ / «Бөбек» туралы/

Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсатымен таныстыру. 


  • Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам. 


  • Сондықтан мына табиғат бұрышына назар аударайықшы. Қандай көрініс көріп тұрсыңдар? /Аса көз тартпайды, жапырағын жаймаған ағаш т.б/ 


  • Табиғат бұрышы көрікті ме? Көз тарататындай әдемі ме? /жоқ/ 


  • Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың мақсатына жету үшін осы «Табиғат бұрышымызды» көркейтуіміз керек. 



ІІІ Үй тапсырмасын сұрау 


  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді? /сұрақтарға жауап жазу/ 


  • Дұрыс балалар, сендердің алдарыңда жапырақтар мен ақ гүлдер тұр. Осы жапырақтар мен гүлдер жылдың қай мезгілінде болады? /көктемде/ 


  • Ендеше балалар сендер тапсырмаға дұрыс жауап берген оқушылар алдарыңда тұрған жапырақтар мен ақ гүлдерді ағашқа жапсырасыңдар. Біз табиғат бұрышымызды көріктендіруіміз керек. 


  • Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені . . . . . . .. . . . .. /әр оқушы өз ойын оқиды/ 


  • Балалар үй 
    тапсырмасын жақсы орындадыңдар, өз ойларыңды толық жеткіздіңдер рахмет. 



ІІІ Жаңа сабақ. 

Кіріспе әңгіме

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта.




  • Табиғат нешеге бөлінеді? 


  • Өлі табиғатқа нелер жатады? 


  • Тірі табиғатқа нелер жатады? Дүниетану пәнінен өттіңдер ғой. 


Сендер табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білулерін керек.Дұрыс қарым-қатынас жасау дегеніміз не?

/ағаштардың бұтақтарын сындырмау, көшеге лас қоқыстарды тастамау, су көздерін былғамау, жануарларды қорғау, күшік, мысықтарды жәбірлемеу, құстардың ұясын бұзбау/

Табиғатта 5 қажеттілік бар. Соны айтайықшы?

Су, ауа, жылу , жарық, қорек.

Су- тіршілік көзі

Ауа- өмір тынысы

Жылу- жылылық

Жарық – барлық тіршіліктің жылуы

Қорек – тіршіліктің жалғасы

-Ендеше балалар, осылардың біреуі болмаса тіршілік ету мүмкін емес.



б) Кітаппен жұмыс

Оқулықтың 130 бетіндегі Мырзағұлованың «Табиғат – ана» әңімесімен танысайық. Бұл әңгіме ертегі желісінде берілген.

Мәтінді тізбектей оқиды. 

в) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

- Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Табиғат – ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

-Сендер Табиғат – ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

г) Топпен жұмыс

1. «Табиғат - өмір мәні» тақырыбы бойынша өз ойларыңды жазу

2. «Табиғат - өмір сәні» тақырыбы бойынша сурет салу

Өз пікірлерін оқып, салған суреттері бойынша әңгімелейді.



ІҮ. Дәйексөз

Біз ата- бабамыздан табиғатты мұраға,

ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық.

Халық даналығы

-Біздің ата- бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп- баптап, сақтап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыздағы ағаш- бұталарды кеспей, санын молайтып, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау – біздің міндетіміз. 
Ү.Сөзжұмбақ: «Қорықтар»

1. Атуға болмайтын құс /аққу/

2. Орман дәрігері /тоқылдақ/

3. Жердің өсімдік өсетін қабаты /топырақ/

4. Суыққа төзімді өсімдік /сұлы/

5. Майда тау жынысы /құм/

6. Өзеннің ағып шығатын жері /бастау/

7. Жыл мезгілі /жаз/

8. Топырақтың түрі /сор/ тұзды топырақ

-Балалар, сөзжұмбағымыздан «қорықтар» деген сөз шықты. Бұл бүгінгі біздің сабағымызға байланысты.

-Қорықтар дегеніміз не? Дүниетану пәнінен өттіңдер ғой?

-Дұрыс балалар, еліміздің бай табиғи аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайған өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, балық уылдырық шашатын көлдер мен өзендерді қорғау мақсатында Мемлекеттік қорықтар ашылған.

-Бізде неше ірі қорық бар?

1. Ақсу- Жабағылы – Оңтүстік қазақстан обл Талас Алатау 1926ж

2. Алматы- Іле Алатауы 1931ж

3. Барса-Келмес Арал теңізінің Солтүстік батысында 1939ж

4. Наурызым- Қостанай далалы аймағы 1959ж

5. Қорғалжың- Ақмола обл. Су батпақты аймағы 1968ж

6. Марқакөл- Оңтүстік Алтай 1976ж

7. Үстірт- Маңғыстау 1984ж

8. Батыс Алтай- Шығыс Қазақстан 1992ж

9. Алакөл-Алматы обл.Талдықорған 1998ж /картадан көрсету/

- Көрдіңдер ме осы ірі 9 қорықтың ішінде біздің Алакөл қорығы да бар екен.Ендеше біздің Алакөл бүкіл Қазақстанға әйгілі десек қателеспейміз.

Алакөл қорығы 1998 жылдың 21 сәуірінде құрылған .Жер көлемі 20743 гектар.Алакөл қорығына енген көптеген өсімдіктер,құстар мен жануарлар бар.Әупілдек,бірқазан,реиликті шағала т.б.Реиликті шағала Австралияда және біздің Алакөлде ғана болған.Кейінгі жылдары Павлодардың маңында пайда болды деген деректер бар.

Республикамызда табиғат қорғаудың екінші саласы- ұлттық саябақтар бар. Қазір елімізде 6 ұлттық саябақ ұйымдастырылған.

Олар: 


1. Баянауыл табиғи- ұлттық саябағы 

2. Алтын Емел табиға- тарихаи ұлттық саябағы 

3. Іле Алатау ұлттық саябағы 

4. Қарқаралы ұлттық саябағы 

5. Ордабасы табиға – тарихи саябағы 

6. Көкшетау ұлттық саябағы 
Осы табиғаттың сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар кітабы бар.Ол Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы».Оның мұқабасының тысы- қызыл. Қызыл түс қауіп-қатердің белгісі сияқты.Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен 
жер бетінен жоғалып,құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. /қызыл кітапты көрсету,беттерінің түсіне тоқталу/

-Қызыл түсті парақ: аса қауіп төніп тұрған түрлер

-Ақ түсті парақ- саны азайып бара жатқан түрлер

-Жасыл түсті парақ- сирек кездесетін түрлер

- Қара түсті парақ- жойылып кеткен түрлері

«Қызыл кітап»- 1977жж-1996ж


Жалғасын тап /табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер/

1. Жұпар ауа - ... ... ... /дертке дауа/

2. Сулы жер - ... ... ... /нулы жер/

3. Бұлақ көрсең- ... ... ... /көзін аш/

4. Бір тал кессең- ... ... ... /он тал ек/

5. Көкті жұлма - ... ... ... /көктей соларсың/

6. Туған жердің топырағы да ... ... ... /ыстық/ 

Дәптермен жұмыс «Буриме» ойыны

... ... ... ... ойлаймыз,

... ... ... ... қорғаймыз.

... ... ... ... жасаймыз,

... ... ... ... сақтаймыз. 

Жұмбақтар /оқулықтағы берілген/ Жаз, күз, қыс, көктем/

4 мезгілдің суреттері арқылы жауабын көрсетеді.


Жүректен жүрекке кезеңі

-Балалар, алдарыңыздағы гүлдеріңізді алып, өз жүректеріңізден шыққан жақсы бір табиғатқа қамқорлық жасау сөздеріңізді айтып, гүлдеріңізді табиғат бұрышына орналастырыңыздар.


Сабақты қорыту

-Балалар, мінекей, табиғат бұрышымызға оралайықшы. Бұрышымыз өзгерді ме?

-Балалар енді табиғатқа жылу, шуақ шашып тұратын не жетіспей тұр?

-Ендеше мен сендерге үлкен шуағы мол күн алып келдім. /орналастыру/

-Балалар күннің қаншама көп шуағы болады, сол сияқты бідің бойымызда да соншама көп жақсы қасиеттер бар.

- Ендеше мен сендерге күннің шуағы ретінде жақсы, мағыналы, қасиетті сөздер дайындап келдім. Қане сол сөздер табиғатқа және адамзатқа қажет пе? Соны дәлелдейікші.

Түсінісу, қуаныш, махаббат, бейбітшілік, достық, шаттық, қамқорлық.

-Балалар көрдіңдер ме қасиетті күнімізден осындай мағыналы қасиетті шуақтар шашылып тұрғанда мына табиғат бұрышымыз көркейгеннің үстіне көркей береді.





  • Балалар, сендер бүгін өз жауаптрыңмен табиғаттың қорғаушысы, сақшысы, жанашыры болдыңдар, сендерге үлкен рахмет. 


  • Мына қолымдағы «Қызыл кітап» макетін осында отырған ұстаздарға 


«Табиғаттағы барлық жылу – күннен, өмірдегі барлық жылу -адамнан» дегендей Сіздер де табиғаттың қорғаушысы, жанашыры болсын деген ниетпен сыйға тартамын.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.

Ей, адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!