Ұйымдастыру кезеңі
(5 мин)
Сабақ басы
(20 мин)
|
Ұйымдастыру
сәті.
Мұғалім оқушылармен
амандасады.Сыныпты
түгелдейді.
«Кездесу» ойын
тренинг
Мұғалім:
Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға
баршамыз міндеттіміз, әрі ол баршамыздың қасиетті борышымыз.
«Табиғат пен адам – егіз ұғым» дегенге сүйенер болсақ, адамзат
баласы жер ананы аялап, өзінің денсаулығы мен жайлы өмір сүруі үшін
қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс. Ол үшін әр отбасында,
білім ошағында жас өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берілуі
керек. Өйткені, экологиялық білімнің маңызы өте тереңде жатыр.
Табиғат – бізге берген ең құнды қазынамыз, бірақ табиғаттың байлығы
өлшеусіз емес. Оны аялап, жанашырлық танытып, қорғағанда ғана
сақтап қалуға болатынын ұмытпағанымыз
жөн.
1-тапсырма.
Ведио ролик
көру.
Сілтемелер:
https://youtu.be/2mp73hh2iTk
https://youtu.be/hpm8PPHXymk
Мұғалім:Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа
жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған
Жолдауында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа
экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет…» деп
атап өткен болатын. Яғни, әрбір адамның экологиялық сауатты,
мәдениетті болуы қазіргі заман талабының бірі. Бұл талаптарды
орындауға қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі ата-бабадан бізге
жеткен мол мұрасы мен тәжірибесінің септігі тиері сөзсіз. Бұл
мұралар арқылы сіздерді ерте бастан әдептілікке, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке, мейірім, қайырымдылыққа, табиғатты сүюге, оны
аялауға тербиелеп, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатыны
анық. Себебі, табиғатқа деген сүйіспеншілік және оны көзінің
қарашығындай сақтау жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық
дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз-әңгімелер
көп.
2-тапсырма
Оқушылар топтасып постер
қорғайды.
|
Жай
әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған
кезде бір-біріне қарап, оқушының қасиетін
айтады.
Оқушылар ведионы көріп,пікірін
ортаға салады.
1)Тірі табиғат дегеніміз
не?
2) Табиғаттың адамға пайдасы қандай?
3) Қоршаған орта табиғатты қалай сақтап қалуға болады.
4) Табиғатты ластайтын нелер?
5)
Табиғат ерекшелігі неде?
|
Слайд
|