Материалдар / Табиғатқа саяхат Өө дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғатқа саяхат Өө дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек, сауат ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бізді қоршаған орта

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: №28Абылай хан атындағы ж.о.м

Мұғалімнің аты - жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтін жанрын ажырата алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Көптеген оқушылар: ө дыбысынан басталатын сөз айтып, буын санын анықтайды.

Кейбір оқушылар: мәтіннен ө дыбысы кездесетін сөздерді табады.

Бағалау критерийлері


Мұғалімнің көмегімен мәтін жанрын ажырата алады.

Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: мұғалімнің көмегімен мәтін жанрын ажырата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: ө дыбысы мен әрпі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Мәтінді оқы.

- Оқыған мәтін өлең бе, әлде әңгіме ме? Дәлелде.

- Сұрақтарға жауап беріңдер.

Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шеше білу, өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Слайд


Бастапқы білім


Оқушылардың ө дыбысы мен әрпі туралы білімі бар.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут






Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбер:

Оқушылардың іс қимылымен

Оқу мақсатын жариялау үшін өткен сабақты еске түсіру

«Миға шабуыл» әдісі

«Ия, жоқ» ойыны

-Сөз дыбыстардан құралады? Ия

-Өрмекші сөзінде 3 буын бар? Ия

-Әріпті естиміз, айтамыз? Жоқ

- Шаңғы сөзінде 2 буын бар? Ия

-Сөйлем бас әріптен бастап жазылады? Ия

-Дыбысты көреміз жазамыз?жоқ

-Өө дыбысы дауыссыз дыбыс? Жоқ

-Таңатар орманға таңдана қарады. Деген сөйлем , 4 сызбаға сәйкес келеді ме? Ия




Слайд

Сабақтың ортасы



13 мин




























10 мин
























2мин























5мин

Балалар бүгін бір пойызбен табиғат аясына саяхатқа шығамыз. Біз саяхатқа үш қалаға шығамыз, әр қаланың өзінің тапсырмасы бар.

Түркістан, Алматы, Нұрсұлтан қалалары әр қаланың сыйлығына ие болу үшін тапсырмаларын орындауымыз қажет.

-Бірінші аялдамамыз Түркістан қаласы

Ж.Ж(Т) 1- тапсырма «Айтып көр» әдісі арқылы жүзеге асады, мұғалімнің көмегімен мәтін оқылады.

- Оқыған мәтін өлең бе, әлде әңгіме ме? Дәлелдеңдер.

- Сұрақтарға жауап беріңдер:

1)Көркем мен Серік қайда шықты?

2)Олар не істеді?

3)Серуен қалай өтті?

Дескриптор:

- Мәтінді оқиды.

-Мәтін жанрын ажыратады.

- Сұрақтарға жауап береді.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүзеге асады.

Қарқыны жоғары оқушыға:

- Мәтіннен ө дыбысы кездесетін сөздерді тап.

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

ҚБ: «Дөңгелектер» әдісі

Жасыл- Мәтін жанрын ажыратып, сұрақтарға жауап бере алса;

Сары - Мәтін жанрын ажыратып, сұрақтарға жауап беруде көмек қажет етсе;

Қызыл - Мәтін жанрын ажыратуда, сұрақтарға жауап беруде қиналса.


-Екінші аялдама Алматы қаласының тапсырмасы. Есту, көру диктанты оқушыларға, құрамында Ө ө әрпі бар сөздерді айту және көрсету.

Ө.Ж «Есте сақта» әдісі арқылы жүзеге асады.

(Д) 2 - тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс.

Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту және сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюға қалыптастыру үшін төмендегілерді орындату:

Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды;

ө әрпі бар сөздерді, жазғызу.

Дескриптор: Тапсырмаларды орындайды, ө әрпі бар сөздерді, талапқа сай жазады.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша сөйлемдер жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету.

ҚБ: «Пішіндер» әдісі

Шеңбер - Тапсырмаларды орындап, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жаза алса;

Төрт бұрыш - Тапсырмаларды орындап, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жазуда қателіктер болса;

Үш бұрыш - Тапсырмаларды орындауда, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жазуда қиналса.


Сергіту сәті сәйкес

қимыл жасау арқылы орындалады.


Үшінші аялдама Нұрсұлтан қаласының тапсырмасы.

Ұ.Ж . Т 3«Сәйкестендір» әдісі арқылы жүзеге асады.

Берілген суреттерді сәйкестендіріп дыбыстық талдау жасайды

Дескриптор: Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі. Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасай алса.

Қарқынды оқушыға: қосымша сөйлемдер жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету.

Қ.Б «Тәтті жемістер»әдісі

Қызыл алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасай алса.

Сары алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасағанда қателер болса.

Жасыл алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіре алмаса, дыбыстық талдауда қателер болса.

Қорытынды: «Сызбаға сәйкес» әдісі бойынша өтеді.

Балалар мына сызбаларға сай келетін сөйлемдермен сабағымызға қорытынды жасаймыз.

-бүгін сабақ ұнадыма? Деген сөйлем қай сызбаға сәйкес келеді.

Сендердің жауаптарың қай сызбаға сәйкес келеді.

-бүгін сабақ ұнады.

Сендердің көңіл –күйлерің. Қай сызбаға сәйкес келеді.

-біз көңілдіміз!

.

?

!


Оқулық, орындық











А4 қағаз











Дөңгелектер суреті


















Тақта мен дәптер мен жұмыс.
















Пішіндердің суреті
















Жемістердің суреті

Сабақтың соңы




5 мин


Кері байланыс: Балалар бүгінгі сабағымыз ұнап жәнеде қызықты болса, қолымыздағы стикерге 1 санын жазып

1-і вагонға жапсырамыз.

Сабақты мүлдем түсінбесең.

2-і вагонға жапсырамыз

Сабақ ұнамаса.

3-і вагонға жапсырамыз.






Стикер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Т1. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүзеге асады.

Қарқыны жоғары оқушыға:

- Мәтіннен ө дыбысы кездесетін сөздерді тап.

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Т2. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша сөйлемдер жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету.

Т 3«Сәйкестендір» әдісі арқылы жүзеге асады.

Берілген суреттерді сәйкестендіріп дыбыстық талдау жасайды

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі. Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасай алса.


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Т1. ҚБ: «Дөңгелектер» әдісі

Жасыл- Мәтін жанрын ажыратып, сұрақтарға жауап бере алса;

Сары - Мәтін жанрын ажыратып, сұрақтарға жауап беруде көмек қажет етсе;

Қызыл - Мәтін жанрын ажыратуда, сұрақтарға жауап беруде қиналса.


Т2. ҚБ: «Пішіндер» әдісі

Шеңбер - Тапсырмаларды орындап, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жаза алса;

Төрт бұрыш - Тапсырмаларды орындап, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жазуда қателіктер болса;

Үш бұрыш - Тапсырмаларды орындауда, ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жазуда қиналса.

Т3.Қ.Б «Тәтті жемістер»

Қызыл алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасай алса.

Сары алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіріп орындап, дыбыстық талдау жасағанда қателер болса.

Жасыл алма- Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіре алмаса, дыбыстық талдауда қателер болса.

Қорытынды: Сызбақа сәйкес тыныс белгілерді ажырату

Кері байланыс:


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста материалды пайдаланып, жасауда қауіпсіздік техниканың ережесі сақталады.


Сергіту сәті сәйкес қимыл жасау арқылы орындалады.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!