Материалдар / «Табиғатқа тарту ет ,аман бол жердің құндағы! »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Табиғатқа тарту ет ,аман бол жердің құндағы! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрине ұстаздар қауымына бір біріне тәжірибе алмасу үшін және тұжырымдар мен ұсыныстар жасау үшін методикалық көмек алу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Табиғатқа тарту ет ,аман бол жердің құндағы! »

Жаратылыстану ғылымдарына арналған 9-20 қараш аралығында өткізілетін мектепішілік апталықтың жабылуы.

Мақсаты: 1. Химия, биология және география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.

2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айтады.

3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиеленуді біледі.

Көрнекіліктер: Жүрекшелер, презентация-слайд, музыка , гүлдер, шарлар,ширмалар.

«Сарыарқа» күйі орындалады

Жүргізушілер ортаға шығады:

1-жүргізуші:

- Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазан айының 9-20 күндері аралығында «География, биология және химия» пәндерінің «Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!» атты мектепішілік апталықтың жабылу салтанатына қош келдіңіздер! Көз аудармай қарап, ән қалдырмай шырқауға дайын болсаңыздар біз бастаймыз ! 2-жүргізуші:

1-жүргізуші: Қазақтың дарынды ұл – қыздары Отанға ,Табиғатқа деген ыстық сезімін ән – күй, өлең – жырлар арқылы жеткізіп отырған.Келесі кезекті әсем әнге берсек ортаға 10 «Ә» сынып оқушысы Құдайберген Назерке Ән:Туған жерім .

1-жүргізуші: Табиғат – адам.

Табиғаттың тынысы кең, тілі бай

Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!

Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде

Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай! –дей отырып

Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер өлеңдермен жырлап тебіренген .Келесі кезекті 6-сынып оқушыларының табиғатқа арналған өлеңдері.

Жүргізуші: Би десе барын салатын, Құмары содан қанатын. Биле, кәне, достарым, Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті БИГЕ БЕРЕЛІК

Ортада 9-сынып оқушылары Жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - жарыстар, сайыстар және көріністер Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Ендеше Тамаша ғой Бүгін сен, Табиғатқа жүгінсең. Құлақ түріп,Көз тігіп, Төңірекке үңілсең. Табиғат та бір кітап, Оқи алсаң парақтап... деп ақындарымыз жырлағандай ортада экранға көз салсақ. Бейне таспа Табиғат -Ана Жүргізуші: Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты Алдарыңа тастаймыз. Сұрақ сырын тереңірек ұғайық, химия, биология, география құрметтеуге лайық! деп біраз жаратылыстану пәндерінен білімімізді сынап көрейік достар! Көрермендер көзайымы болыңыздар.

1. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым . Ж.Б.Ламарк

2.«Невада –Семей» қозғалысын басқарған. О.Сүлейменов.

3.Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр

4. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін өсімдік. Қына

5.Қыстап шығатын құс: Шымшық

6.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал Тұсбағдар

7.География ғылымы зерттейді. Жердің табиғатын, халқын, оның шаруашылығын.

8. «География» ұғымын енгізген Эратосфен

9. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты ... көл бар 48 мың

10.Сейсмология ғылымы зерттейді Жер сілкінуді

11.Тұрмыста ағартқыш ретінде,суды залалсыздандыруда қолданады? Хлор

12. Қышқыл (сірке қышқылы)

Жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да. – дей келе ортаға

Ән: Алматова Назерке Атамекен қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Түні мынау - тамыздың маужыраған,

Тауың анау - шымылдық салбыраған.

Биік барып жаралған жер бетінен,

Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен.

Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,

Сайдан соққан самалмен тербетілген.

Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,

Қауышыпты қара орман, көл де, түн де. –деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай ортада

Көрініс: Аққулар ұйықтағанда

Жүргізуші: « Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың.

Ей адамзат !Ақылға сал,қатыгездік жасама,

Өзің – дағы содан тудың- табиғаттың ұлысың

Хор : Оқушылар «Атамекен»

Жүргізуші: Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте – бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және табиғат сұлулығының Табиғатынан нәр алғангой жанымыз

Жүргізуші:

Жер бетінің ажары ол сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз

Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен –көлсін

Сен ормансың

Сен бұлбұлсын

Адамға сұлулықты шын ұқтырған деп бүгінгі «Табиғатқа тарту ет ,аман бол жердің құндағы! »атты кешіміз аяқталды.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет .





Табиғат

Орманы, тауы, сулары Табиғат – біздің анамыз

Қандай әсем нұр таңы Оны аялап бағамыз

Алуан түрлі аңдары Бар байлығын игеріп,

Мезгіл сайын өзеріп, Өркендейміз, жанымыз

Далаға тұрар оң беріп Мәпелейміз анадай

Қыс та, көктем, жазы да Гүл егеміз аялай

Күздері қандай жазира Шуағын төгіп әрқашан

Табиғат – Ана, жер – Ана Күліп тұрсын әрқашан.

Мәңгілік адам бесігі

Қуат беріп жаныма

Ашылған өмір серігі.



























Көрініс.

Әкесі мен баласы орманға келеді.

Әкесі: Анғашта қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.

Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.

Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?

Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

1 - оқушы:

Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.

Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.

Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай – ақ қояйықшы

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мә саған!

1 - оқушы:

Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.

Содан құс:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала

Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?

Не қалады артындағы ұрпағына?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын

Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.

1 - оқушы:

Құс әлсіреп шығып кетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!