"Табиғатты аяла!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғатты аяла!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы. Қарқаралы сұлулығы!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Қарқаралының тарихы

Кіріспе сөз.

Сарыарқа даласының төскейінде жатқан Қазақстанның Швейцариясы атанған қасиетті Қарқаралы сан тараулы шежіресімен тамырласып, тарихтың терең қойнауында жатқан өлке. 1824 жылы қаланған Қарқаралы бүгінде 194 жасқа толып отыр.

«Қарқаралы» атауының шығуы, қалыптасуы туралы түрлі деректер мен пікірлер қарастырылған. Егер біреулер этнографиялық (қарқара - бас киім ) негізде ғана қарастырса, кейбіреулері саяси - тарихи (Қырқырхан) тұрғыдан, ал енді біреулер географиялық жағынан (қыр-қыр жоталар) ендігі кейбіреулері экологиялық жағынанда қарастырды. Нәтижесінде, қай тұжырымның дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы шешімдер әлі күнге дейін өз жауабын таба алмаған еді. Қарқаралы өңірі Еуразияның кіндігінде орналасқан. Қарқаралы тек өзінің әсем табиғатыменен ғана ерекшеленіп қоймайды. Ол – Орталық Қазақстан өңірінің ұлттың бетке ұстар игі жақсылардың табан ізі қалған қасиетті, құтты мекен. Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қоғам қайраткерлері, жез таңдай шешендер, аққу үнді күміс көмей әншілер, қалың жұртшылықты өз өнерімен тәнті еткен талант иелері дүниеге келген жер. Ел басының бірлігін қорғаған Қазыбек би, ер жүрек ақын- композитор Мәди Бапиұлы, шертпе күйдің атасы Тәттімбет, орақ тілді Кенже бидің, Шөже сияқты ақындардың дүниеге келген жері. Қарқаралы – қазақ халқының тарихындағы алар орны айрықша құтты да құнарлы жерлердiң бiрi. Қарқаралы табиғатын айтатын болсақ, сөз жетпейді. Құнарлы топырағыменен, сыңғырлап аққан бұлағы, заңғар биік таулары, хош иісімен аңқыған, жайқалған гүлдері, ну қалың орманы айта берсең тағысын тағы. Әркімге болмасын туған жері ыстық. Қазақта туған жерге байланысты мындай мақал бар « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» , «Отан – оттанда ыстық» және т.б. Шынында да қай өлкеге барсаңда, қай жерге барсаңда, туған жеріңе, туған өлкеңе жететін ештеңе жоқ. Мен үшін туған жерімнің әрбір тасы да, топырағыда қымбат. Мен Қарқаралыда туып, Қарқаралымды мақтаныш етемін! Әрдайым, туған жеріме деген сүйіспеншілік өшпейді, ол мәңгі! Менің ойымша әрбір адам өзінің туып өскен жерінің тарихын, тұрып жатқан өлкесін, отанын, жерін, елін сүюі қажет. Елін сүйген адам, жерін сүйген адам халқының сүйіспеншілігіне иеленеді. Әрбір адам өзінің туған жеріне қызмет етуі керек. Мейлі, басқа жаққа оқумен, жұмыспен не болмаса көшіп барғанда да туған жерін ұмытпауы тиіс. Кіндік қаның тамған жерін сен үшін қашанда ыстық болатыны сөзсіз. Туғанжерге деген құрмет әрқаан биік болу керек.

Мен Қарқаралыда тұрғанымды мақтан етемін! Қарқаралым жүрегімнің бір бөлшегі. Мен осы Қарқаралыда тұрғанымды мақтан етемін! Мақтанышпен айта аламын. Қарқаралы арқадағы Гүлістан! Жайна, жаса, гүлдене бер! Елін, жерін сүйетін дарынды тұлғаларың көбейсін! Мен Қарқаралымды мақтаныш етемін! Бұл сөзді қайталап айтудан да жалықпаймын. Себебі сен жүрегімдесің Қарқаралым! Әнімде, сәнімде сенсің Қарқаралы!


Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Қасиетті мекен- Қарқаралы» кітабы Шаймұқанов Д.А, Шаймұқанова Р.А, Аршабеков Т.Т, Шахарбаев Т.М.

  • «Қарқаралы тарих толқынында» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004жыл





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі