Материалдар / «Табиғатты аялайық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Табиғатты аялайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға,ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты: Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жанашырлық сезімге баулу.

Қатысушылар: 1-9 сынып оқушыларынан құрылған

Жоспар:

  1. «Мен елімнің перзентімін». (Таныстыру, топ аты, ұраны, төс белгі)

  2. Бәйге. (Сұрақ-жауап бөлімі)

  3. Мақал сөздің мәйегі. (Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдерді жалғасын табу)

  4. Өзіңдік тапсырма. (Табиғатқа байланысты мәнерлеп оқу)

  5. «Кім тапқыр?» (Жұмбақтар шешу)

  6. «Кім жүйрік?» (Тыйым сөздер айтып жарысу)

  7. «Ойлан тап» (Топ басшылары қағазда жазылған жасырын сөзді ашып, тапсырманы орындайды)

Өткізілу барысы: мұғалімнің кіріспе сөзі.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Адам мен табиғат қашан да егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді. Соған орай экология тақырыбына байланысты «Табиғатты аялайық» атты танымдық сайыс кешімізге қош келдіңіздер! Бұл кештің мақсаты оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жанашырлық сезімге баулу.


Сайыс 7 бөлімнен тұрады:

  1. «Мен елімнің перзентімін». (Таныстыру, топ аты, ұраны, төс белгі)

  2. Бәйге. (Сұрақ-жауап бөлімі)

  3. Мақал сөздің мәйегі. (Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдерді жалғасын табу)

  4. Өзіңдік тапсырма. (Табиғатқа байланысты мәнерлеп оқу)

  5. «Кім тапқыр?» (Жұмбақтар шешу)

  6. «Кім жүйрік?» (Тыйым сөздер айтып жарысу)

  1. «Ойлан тап» (Топ басшылары қағазда жазылған жасырын сөзді ашып, тапсырманы орындайды).

Жүргізуші: О менің перзенттерім! Менің қойным кең. Сіздерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен-көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіп өтіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ сендерге аманат дей келе сайыстың бірінші бөлімі «Мен елімнің перзентімін» бөліміне сайысушы топтарды шақырайық. Олар өздерің таныстырып өтсін.

Бәйге сұрақтары:

  1. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1978ж.)

  2. Қазақстанда неше қорық бар? (9.)

  3. Мәңгілік жасыл ағаш? (Шырша.)

  4. Ең терең көл? (Байкал.)

  5. Шөлге төзімді жануар? (Түйе.)

  6. Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге.)

  7. Гүл қандай табиғат түріне жатады? (Тірі.)

  8. Топырақ қандай табиғат түріне жатады? (Өлі.)

  9. Ғаламшардағы ең кіші құс? (Колибри.)


Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік. - дей келе сайысымыздың 3-ші бөлімі «Мақыл сөздің мәйегі не» келейік. Яғни мен мақал жасырамын, сіздер жалғасын табасыздар.

  1. Аяз би әліңді біл, (Құмырсқа жолыңды біл).

  2. Ерді талап ұшырар, (Құсты қанат ұшырар).

  3. Көлдің көркі - құрақ, (Таудың көркі – бұлақ).

  4. Сөз анасы – құлақ, ( Су анасы – бұлақ).

  5. Бұлақ көрсең (көзін аш).

  6. Жалғыз ағаш (орман болмас).

  7. Сулы жер (нулы жер).

  8. Жаңбырменен жер көгерер, (Батаменен ел көгерер).

  9. Жаңбыр жауса жер ырысы, ( Егін ексе ел ырысы).

Жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің.

Ән саламын сенің көркің үшін

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сеннен алып тұрғандай бар тыным. - деп келесі кезекті «Өзіңдік тапсырмаға берейік». Яғни үй тапсырмасы табиғатқа байланысты өлеңді мәнерлеп оқу.


Жүргізуші: Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Адам менен табиғат егіз

Табиғат асыраушың, қамқоршың деп «Кім тапқыр?» бөліміне, яғни жұмбақтар шешуге кезек берейік.

  1. Болса да көкте мекені, кездеспейді екеуі. (Ай мен күн)

  2. Төгілген жерге ақ мамық, ғайып болды сол шақта-ақ. (Бұршақ).

  3. Бар ма, жоқ па оны білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (Ауа).

  4. Тақиям толған сөк, азанда тұсам жоқ. (Жұлдыз).

  5. Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, қыста жақсаң жанын рахаттанады. (Ағаш).

  6. Таңертен бар, сәскеде жоқ. (Қырау).

  7. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (Жер аспан)

  8. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)


Жүргізуші: Қадыр тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

Мал қалғанша атаңнан тал қалсын деп,

Бабам айтқан орынды өсиетін. - дей келе сайыстың «Кім жүйрік?» бөліміне де жеттік. Яғни тыйым сөздерді кім көп біледі екен.


Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Ағашты кеспе, шөпті жұлма, орманды өртеме.

Құстарға байлынысты тыйым сөздер: Аққуды атпа, құстың ұясын бұзба, құмырсқаның илеуін бұзба.

Жануарға байлынысты тыйым сөздер: Малды теппе, малдын баснан ұрма.

Ауаға суға байлынысты тыйым сөздер: Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, адамға сушашпа, судың бетін ашық қалдырма


Жүргізуші: Білсең егер, табиғатта зор мән бар,

Онда аң, құс, жануарлар, ормандар.

Жерің, суың, таза ауаң қажеті.

Шын жүректен оны сендер қарандар. - деп кезекті«Ойлан тап»бөліміне берейік. Бұл кезеңде әрбір топтын топ басшысы шығып, қағазда берілген тапсырманы орындайды.

  1. Табиғат туралы сурет салу.

  2. Суретке қарап әнгіме құрастыру.

  3. Табиғатқа байланысты төрт жол өлен құрастыру.

  4. Табиғатты қалай қорғайсындар тақырыбында әнгіме құрау.


Мұғалімнің қортынды сөзі:

Өсиет айтар едім жамағатқа,

Байлықтын қайнар көзі табиғатта.

Баршаға табиғатты қорғау парыз,

Заңда да, шариғатта, ата салтта.

Қамқорлық жануарға, жасылдарға.

Атадан қалған асыл мұра.

Міне балалар!

Табиғатпен адам бір-бірімен тығыз байланыста екен. Адамдардың табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қоршағанның бәрі табиғат. Ол жазиралы дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, жан-жануарлар, құстар. Барлығымызда табиғат ананың баласымыз. Сондықтанда барлығымыз табиғатты қорғайық, аялайық. Деніміз сау болсын, аспанымыз ашақ болсын деп келесі сөзді әділ қазыларға берейік.





















































Тақырыбы: Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)

Сыныбы: 6 - 9
Тақырыбы: «Табиғат – адам - қоғам»
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: I. білімділік; оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ынталарын көтеру, білімдерін шыңдау.
II. дамытушылық; Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, білім сайысына ойланып жауап берулеріне, жан - жақты ой өрісінің артуына дамыту
III. тәрбиелік; Табиғатты аялауға, көркейтуге үлес қосуға және де, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Пікір талас барысы:
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2. Ғылыми - техника
Даттаушы:
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л. Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өиір сүрудің шарты” деген. Ал Ш. Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді” – деп жазады.
Жақтаушы: 2 - әрекет. Адам - табиғат перзенті. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт – мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы өте үлкен. Ол үшін көгалдандару, бау - бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі – оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі – экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика блйынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.
Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш - жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ - ның ұсынған “Жер біреу ғана!” деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс - әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру

Даттаушы:
1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО – ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатра терісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері – теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!