Материалдар / Табиғатты аялайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғатты аялайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
577
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




86 жалпы орта мектебі

Мұғалім:

тарих пәнінің мұғалімі- Салимбаева Б.

Тәрбие сағаты

5 сынып

Сабақ тақырыбы

«Табиғатты аялайық»


Жалпы мақсат


Қоршаған ортаны қорғау, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіршілік иелерімен таныстыру. Табиғатты қорғау, елін, жерін сүю.

Оқу нәтижесі

Оқушылар табиғатты аялау әрбір адам баласының міндеті екенін түсінеді; Отанға деген сүйіспеншілігі артады.

Оқыту әдістері

Ой қозғау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

( 5 мин)



І.Шаттық шеңбер

Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал тудыру: оқушылар бір біріне жақсы лебіздерін табиғатқа байланысты айтады. Мысалы: «Алина сен асқар таудай талаптысың», «Айбар сен мөлдір судай шыншылсың», т.б.


Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Экологтар», «Қорықшылар»

ІІ. Әңгімелесу, пікірлесу айдары

1.Табиғат деп нені айтамыз?

2.Табиғатты аялау адамға не үшін қажет?

3. Экология сөзінің мағынасы не?

4. Табиғатты ластамау адамдардың қолынан келеме?


Сабақтың ортасы

20 мин


ІV. Жаңа сабақ

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп - өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.
Табиғат - сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет., демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т. б. ағаш түрлерін ексе екен, - деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.


VІI. Жағдаяттарды талдау.

Екі топ оқушыларына екі түрлі жағдаяттық тапсырма ұсынылады. Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға , адамдермен жағымды өзара әрекеттестік құра білуге үйренеді.

1-жағдаят.

Ажар мен Самат сабақтан келе жатыр еді. Самат балмұздақтың қағазын жерге тастай салды. Ажар жерде жатқан қоқысты жинап, арнайы қоұыссалғышқа тастады. Оның әрекетін көріп тұрған Самат Ажарды қоқыстазалағыш деп мазақтады. Ажар оған ренжіп қалды. Сен Саматтың орнында болғанда не істер едің?

2-жағдаят

Айжан отбасымен табиғат аясына серуенге барды. Тау бөктеріндегі демалыс аймағына келген кезде көңілі құлазып сала берді. Себебі, адамдар өздері демалған жерлерінде тамақ қалдықтарын шашып, пластикалық шөлмектерді лақтырып, тіпті жаққан отты да шала сөндіріп кеткен екен. Ол дереу сол көріністі камераға түсіріп әлеуметтік желілерге салды да, басқа тазалау жерді тауып жайғасуды ата-анасымен кеңесті. Айжанның орнында сен не істер едің?


Сабақты бекіту

3 мин











10 мин

ІХ. Мақалды жалғастыр….

1."Бір тал кессең, ..."

2. "Жер құтты болса, ...."-

3 Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың…...

4. Табиғат жер байлығы, Батырлар ….

5. Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің …...

6. Жауынмен жер көгереді,

Батамен…….

7. Көлдің көркі құрақ,

Таудың …….

8. Ағаш жапырағымен, жер …….

Х. Шығармашылық жұмыс

1-топ: әсем табиғатты суреттеп сурет салады.

2-топ: табиғаттың ластану жолдарын суреттеп сурет салады.

Постер жасап талдайды


Сабақтың соңы Рефлексия.

2 мин

Үйге тапсырма.

«Табиғат аясында» Эссе жазу




Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Ж.Момбаева




































Арыңды жасыңнан сақта

Жарияланды 15-02-2014, 04:24 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Ар, намыс, ұят
1. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.
2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
3. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.
4. Ақылың болса арыңды сақта:
Ар - ұят керек әр уақытта.
5. Ел намысы - ер намысы.
6. Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.
7. Өлімнен ұят күшті.
8. Мал сақтама, ар сақта.
9. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
10. Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.

2. «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады? Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Маңайлама ар - ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)
Пәле - жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық - ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер - Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни)
Ұят - жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)
Көп сөзден ұял - тек отыр. (Ш. Сүлеймен)
Ұятсыз адам иттен де жаман. (С. Сарайи) Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)
Арсыз - адамның қоры. (Ж. Баласағұни)
Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ж. Баласағұни)
Бұл жалғанды бұзатын - арсыз адам. (Ж. Баласағұни)
Ұяты бармен - ұрыс, Ұятсызбен - ұстаспа. (М. Қашқари)

Тақырыбы: Арыңды жасыңнан сақта
Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: ұят, ар, намыс туралы түсінік беру; сыпайы қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ұяты бар, арлы бала болуға тәрбиелеу.

Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғұмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке құлқын жолға қояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда адамдардың коғамдық өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын қалайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А. Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика - философиялық категория. Адамгершілік қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым - өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.

Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар - ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз. Бүгінгі ар, ұят тақырыбына келсек
Қандай адам — ұятты?
Инабатты адам - ұятты.
Сыйлы адам - ұятты
Сабыр ойлы адам - ұятты
Абыройлы адам - ұятты.
(Балараға сұрақ)
Ұят дегенді қалай түсінесіңдер?
Инабатты адам деп кімді айтамыз?
Сыйлы адам деп кімді түсінесіңдер?
Сабырлы адамды не үшін ұятты, деп айтады?
«Ойлы - ұятты», «абыройлы - ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.

Өсиет әңгіме
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.

Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Үлкендердің сендерге «ұят болады» деп қандай жағдайларда айтқанын естеріңе түсіріңдер және айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары.

Дәйексөз
«Ар, ұяттың анасы - әдептілік» халық даналығы
Ұят, ар адамды әдепті, ізетті болуға жетелейді. Адам кейде өзінің бір оқыс қылықтарына, тұрпайылық көрсеткеніне, дұрыс істемегеніне ұялады. Ұялудың өзі жақсы қасиет. Ал оны болдырмау одан да жақсы.

Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай - ақ қалың шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа салса, Қанат шиесін тойғанша жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат ыдыстағы шиесін атасына ұсынып жатып:
Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп, орманнан теріп әкелдім, — деді.
Көп жаса, Жанатжан, — деді атасы бір шиені алып, аузына салып.
Өскенде сен мені асырайды екенсің.
Өзің де же, Жанатжан, — деді ол бір кезде.
Ата, біз шиені орманда тойғанша жедік
«Ас иесімен тәтті» — дейді халық. Сен көмектеспесең, мен жалғыз өзім тауыса алатын емеспін.
Қанатжан, сен неге отырмайсың, — деді атасы, босаға жаққа тұрып қалған Қанатты көріп, — Жанаттың шиесін же
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.
Қанат қандай әрекеті үшін ұялды?
Қанат осы әрекетін қайталамайды деп ойлайсыңдар ма?
Неліктен? Әңгімені өз ойларыңмен қалай аяқтар едіңдер?
Қорытынды — Балалар, бүгінгі сабақтан ар, ұяттың нағыз адам болып өсуге тигізетін пайдасы көп екенін түсіндік. Ұяты жоқ, өзінің ағаттық істеріне ұялмайтын балаларға үлкендер ренжиді. Оның болашағы үшін нағыз адам болуы қиын - ау деп қиналады. Ал ұяты бар, арлы балалардың болашағынан үлкендер көп үміт күтеді. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.

Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Ұлдарға өсиет
Үлкен болсын, құрбы - замандас,
Барлығымен қазақшалап амандас.
Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап,
Қайта соғар біреуге еткен қиянат.
Болғың келсе елге сыйлы бір ұлан,
Ұстаз сыйлап, өнеге үйрен, білім ал.
Дүниеге тым құмартып, құнықпа,
Ондайда заң ілер бір күн құрыққа.
Әлсіздерге бостан - босқа соқтықпа,
Толтырма ауыз балағат пен боқтыққа.
Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің,
Ел - жұртыңның ойла қамын, бірлігін.
Бар байлықты табасың тек еңбектен,
Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.
Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,
Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.
Жау табалап, теппеу үшін ел шетке,
Ата - анаңа әдепсіздік көрсетпе.
Жастайыңнан сақта дәстүр - салтыңды
Жігіт болсаң қадір тұтқан халқыңды.

Қыздарға кеңес
Қай кезде де түзу болсын сәлемің,
Қадір тұтар сонда сені бар елің.
Білімді бол ісмерлікке бейімді
Өміріңе керек болар кейінгі.
Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,
Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.
Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсек пенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата - анаңды сыйлап өту борышың.
Биязылық сенен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп - ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 

Мектеп: Камал Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Султангазина Г.Б.

Сынып:9

Оқушы саны: 18

Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шынайылықпен жұмыс істеу, қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  1.       Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

  2.       Адалдық, әділдік қасиеттерді қалыптастыра отырып қоғамға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту;

  3.       Шыншылдықпен өмір сүруге риясыз қызмет етуге  тәрбиелеу.

Ресурстар:

ü  Оқулық

ü  Дәптер

ü  Күнделік

ü  Қалам

ü  Түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ барысы:

  1.       Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін  еске түсіріп, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

  1.       Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті

«Нұрға бөлену»  (әуен Дождь и Скрипка)

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 Сабақ барысын

 талдау:

  1.       Үй тапсырмасын тексеру. №15 сабақ  94 беттегі

С. Сейітовтың «Шындық шырайы» өлеңін жаттап келу тапсырылған.

1. Шындық сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Шындық- бірек дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Бұл өленнің мағынасын түсіндіріңдер?

4. Шыншыл адам деген кім?


Түйін:

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деп халық даналығы айтқан болатын.

    - Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.


  1.       Дәйек сөз.

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»

                  (Халық мақалы).

(дәйексөзді дауыстап қыздарға содан соң ұлдарға оқыту, дәптерлеріне жаздыру).

  1.       Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?

  2.       Адал болуға ұмтылу  керек пе ?

  3.       Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

  4.       «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5.       «Адалдық,  кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен  қатар жүре ме?Неліктен?

Мұғалім:

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

 "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.



  1.       Әңгімелеу. Адал достық  деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

       Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық. Мен бүгінгі сіздерге адал достық туралы аңыз  айтып берейін.


Екі дос

Ел аузынан

Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сон

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!