Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Табиғатты ластамайық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Байшағарова Назым Мұратқызы
«Алматы облысының білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі»
ММ «№4 балабақша» МКҚК тәрбиешісі
Баланың жасы: 4жастан бастап
Білім беру саласы:
|
Әлеумет |
ҰОҚ: |
Қоршаған орта |
Оқу мақсаты: |
Қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнату; Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады.
|
ҰОҚ: SMART мақсаты: |
«Табиғатты ластамау» деген ұғымды түсіндіре алады. Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттерді атайды; |
Оқу дағдысы: |
Танымдық міндеттерді көрнекі-қимылдық және
көрнекі-үлгілік түрде шеше алады, жүйелей
және
топтастыра алады. |
Күтілетін нәтижелер: |
Табиғатқа оң көзқарас танытады. Табиғатқа қамқорлықпен қарайды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінеді. |
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі күн біз үшін қуанышты болатынына сенімдімін. Шаттық шеңбер: Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз. Табиғатпен дос болып, Қамқорлықпен қараймыз. Релаксация: музыканы тындап табиғаттын үнін есту, таза ауамен тыныс алу. Жұмбақ жасыру. Жалт – жұлт еткен, Жылғадан өткен Бұл не? ( Су ) Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің. Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? Балалар: (Ауа)
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Саралап оқыту әдісі: «Тіршілік көзі –су Зерттеу» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. –ауа және су жайлы түсініктерімізді іс-тәжірибемен толықтырамыз. -қазір мен сендерді өзімнің зертханама апарамын. -Зертхана дегеніміз не? Бала:Зертхана –бұл тәжірибе жасайтын орын. -зертханада кімдер жұмыс жасайды? Балалар:Ғалымдар. -Олай болса балалар бізде өзімізді зерттеуші ғалымдар болып көзге көрінбейтін ауаға, суға тәжірибелер жасап көрейік(ғалымдардын қызыл, жасыл , сары бас киімін кию) -тәжірибе жасауға дайынбыз ба? Балалар:-иә дайынбыз! Зерттеу орталығы: –Зертханада жұмыс жасау үшін сендер қандай ережелерді білулерің керек? Балалар:Тыныштық сақтап,бір-бірімізге кедергі келтірмеуіміз керек. -Кәне тәжірибемізді бастайық. 1-Тәжірибе:-Мұрнымызды қысып дем алып көрейікші. (дем алмау)Ауасыз тірішілік жоқ . Нәтижесі:балалар ауасыз дем аламайтынын айтады. -Балалар біздің ауамыз таза ма,қалай ойлайсыңдар? -Оны не ластап жатыр?(суреттер көрсету) Автокөліктер,үлкен заводтар,түрлі қоқыстың шашылып жатуы оған себеп. -Балалар,қай жерлерде таза ауа болады? Таулы жерлерде,орманда, Көлдер жағасында,тауда,құрлықта,жер астында,ауа болады. -Ауа таза болу үшін не істеу керек? Ағаштар,өсімдіктер көп отырғызып жан-жақты көгалдандыру керек ауаға иістің қалай тарайтынын тәжірибе арқылы көрейік. 2-Тәжірибе: «ауаны көруге болама?» -қане тексеріп көрейік түтікшені суға батырып үрлеңдер,судың бетінен нені байқадыңдар? -Бұл біздің демалысымыздан шыққан (пайда болған көпіршіктер судың бетіне шығады) -Неге судың бетіне көпіршіктер шығады? Балалар:Өйткені, ауа судан жеңіл,сондықтан көпіршіктер судың бетіне шығады. 3-тәжірибе:»Ауаны ұстап алайық» Полиэтиленді целофан қалтамен. -Мына қалтаны алыңдар ішінде не бар? Балалар:Ішінде ештеңе жоқ. Қараңдаршы ,ол өте жұқа .Қазір осы қалтаның ішіне ауа толтырып аузын мықтап ұстаймыз.Қалтаның іші ауаға толды.Ол көпшікке ұқсайды.Ауа қалтаның ішінде өз орнын тапты..Енді оның аузын ашып ауаны шығарамыз.Ол қайтадан жұқа болып қалды,неліктен? Нәтиже:өйткені оның ішінде ауа жоқ.ауаны сыртқа шығарып жібердік,көрінбейді,оны дорбамен ұстап байқаймыз,сеземіз. -Ауаны көру үшін әуелі ұстап алу қажет.Ол біздің қолымыздан келеді.Біз оны ұстап алдық,қайтадан жібердік. 4-тәжірибе: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз. 1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз. 1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме? Балалар: Көрінеді. 1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме? Балалар: Жоқ көрінбейді. Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды. Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге болама екен? -Енді ойын ойнап жіберейік. Құрымдалған ойын: Балалар үш топқа бөлінеді. Бала үні естіледі. Бастарындағы ғалым бас киімінің түсіне қарап үш топқа бөлінеді(қызыл, сары,жасыл ). Заттық дамытушы ортада берілген ресуртармен педагогтің сүйемелдеуімен тапсырманы орындайды. Ойын:«Зиянды және пайдалы іс-әрекеттерді ретімен орналастыр» Мақсаты: -Зиян амалдар мен пайдалы іс- әрекеттерді бөліп, суреттерді тәртібімен қойып шығу. 1-қызыл топ. Ауаға зиянды және пайдалы іс-әрекеттер 2-жасыл топ.Суға зиянды және пайдалы іс-әрекеттер 3-сары топ. Су кімге қажет Галерея әдісімен Әр бала табиғат Ауаға зиянды және пайдалы іс-әрекеттер .Суға зиянды және пайдалы іс-әрекеттер. Су кімге қажет. Плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту. Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек. Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді. Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ. Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді. Ауаны таза ұстауға ағаштарды отырғызу жататын шығар. Еркін ойын: Пазлды құрау. Шыны, пластмасса , қоқыс жәшігі, табиғатқа тиісті суреттерін құрастырып пазылды құрайды.
|
|
Кері байланыс: -Сендерге қай ойын қызықты болды? -Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? -Суды не себепті тіршілік көзі деп ойлайсың? -Ауасыз тыныс алу мүмкін деп ойлайсың ба? Неліктен? -Жаңа тақырып несімен қызықты болды? Қай жері түсініксіз болды? ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Табиғатты ластамау».Балалардан табиғатты қорғап, ауаны және суды ластамау жайында не білетінін анықтап, келесі оқу іс-әрекетінде не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрау (Балалар үні тыңдалады) Жасайды:Өздігініен тәжірибе жасап,нәтижесін шығарып,өз ойларын ортаға сала біледі 1 – ештеңе түсінбедім – қызыл жапырақ. 2 – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары жапырақ. 3 – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл жапырақ.
|
2-тапсырма. Жұмыстәжірибесінесүйенеотырып, чаттаталқылаңызжәне "Әлеумет"білім беру саласында4К моделіқалайжүзегеасырылатынынұсыныңыз.
Суреттерді құрастыру кезінде сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Ересектердің сөзін тыңдайды түсінеді. Әңгіме құрауда баланың тілі дамиды.
|
Команда жұмысістеу
Топпен жұмыс жасау кезінде басқа балалармен тіл табыса алады. Пайдалана отырып, балалардың әлеуметтік дағдысын ойын тапсырмаларды дайындау.
4К
|
|
Креативтілік
Баланың ой-қиялына еркіндік беріледі жаңа дүние ойлап табады, қызығушылықпен атқарады.
|
Сыниойлау
Берілген сұраққа өз ойын айтады, талқылап дәлелдейді. Есте сақтау қабілетін, логикалық даму қабілеті жетіледі. |
3-тапсырма.
Бір аптаға арналған "Әлеумет" білім беру саласы бойынша перспективалық жоспарлауыңызда анықталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ойындар мен тапсырмаларды таңдап, оларды циклограммаға енгізіңіз.
Бұл ойындар 4К моделі бойынша дағдыларды және " Әлеумет " білім беру саласындағы баланың дауысын дамытуға қалай ықпал ететінін ойланыңыз?
" Әлеумет " білім беру саласы (перспективалы жоспардың бір бөлігі)
Оқу мақсаты |
Қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнату; Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады. |
Күтілетін нәтижелер |
Табиғатқа оң көзқарас танытады. Табиғатқа қамқорлықпен қарайды, табиғаттысақтауда жауапкершілікті сезінеді. |
Индикаторлар |
Адами қарым-қатынас туралы біледі, меңгерген, эмоцианалдық жай-күйді түсінеді. Құрдастарымен түрлі ойын топтарға қосылады және танымдық тақырыптарда ересектермен және құрдастармен тілдесе алады. |
Циклограмма
Аптасына
__________________топ
Күнтәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |