Материалдар / Табиғатты пайдалану және геоэкология. география тест 11 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Табиғатты пайдалану және геоэкология. география тест 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты пайдалану және геоэкология. география тест 11 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2024
52
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Геоэкология тарауы

  1. Экологиялық дағдарыс пен басқа да ғаламдық қатерлерге қарсы тұра алатын дамудың жаңа моделі: тұрақты даму концепциясы

  2. Тұрақты даму тұжырымдамасының қағидаттары: адам мен қоғам арасындағы үйлесімділік, экономиканы қоршаған ортаны ластамайтындай етіп дамыту, еркіндік, бейбітшілік және адамгершілік, экономикалық және экологиялық дамудың бірлігін тану

  3. Тұрақты даму: қоғамның қоршаған ортаға ықпалын неғұрлым азайтып, халықтың, өндірістің табиғат ресурстарына қажеттілігін қанағаттандырып, оңтайлы экономикалық және экологиялық қауіпсіз дамуы

  4. Табиғатты пайдаланудың басқару әдістері: әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық

  5. Табиғатты пайдалануды басқару функциялары: институционалдық, норма және заң шығару, атқарушылық, экологиялық бақылау, сараптама, аудит, табиғат қорғау қызметін экономикалық ынталандыру

  6. Норма және заң шығару: табиғи нысандарды есепке алу, қоршаған ортаның мониторингі

  7. Экологиялық бақылау, сараптама және аудит: экологиялық-экономикалық болжау, экологиялық-экономикалық жоспарлау

  8. Табиғат қорғау қызметін экономикалық ынталандыру: табиғи кадастрды жүргізу, табиғатты пайдалану құқығы туралы дауларды шешу;

  9. Табиғатты пайдаланудың кезеңдері: табиғат ресурстарын өндіру, табиғат ресурстарын қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи-ресурстық әлеуетті сақтау және жаңғырту

  10. Экологиялық қауіпсіздік: экологиялық апаттардың алдын алу кепілдігін қамтамасыз ететін, табиғи орта және адам үшін қауіпті экологиялық факторлардың әрекетін қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін шаралар жиынтығы

  11. Мұнай-газ саласының экологиялық қауіп-қатерлері: жерасты және жерүсті суларының ластануы, топырақтың ластануы, деградацияға ұшыраған жер көлемінің ұлғаюы, ауаның ластануы, адам денсаулығының нашарлауы, өсімдіктердің өсу және жануарлардың тіршілік ету ортасының нашарлауы

  12. Мұнай-газ саласы кәсіпорындарының ең үлкен қауіп-қатерлері: мұнайдың сыртқа төгілу мүмкіндігі, барлау, бұрғылау кезінде мұнай-газ бұрқақтарының пайда болуы, көмірсутек шикізатының жануы, ұңғымалық, техникалық сулардың құйылуы және төгілуі

  13. Табиғатты пайдалануды реттеу қағидаттары: қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету қағидаты (экономикалық мақсаттылық қағидаты, тиімділік қағидаты), кезеңділік қағидаты (апатсыз өндіріс қағидаты, әлеуметтік тиімділік қағидаты), экологиялық сана қағидаты (экологиялық ақпараттың жариялылық қағидаты, бизнестің экологиялық жауапкершілік қағидаты)

  14. Табиғатты пайдалануды басқарудың басты мақсаты: өндіріс үдерістерінің және шығарылатын өнімнің қоршаған ортаға зиянды әсерін шектейтін нормалар мен талаптардың орындалуын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оларды қалпына келтіру және қайта өңдеу

  15. Жергілікті күн тәртібі – ХХІ: белгілеген көптеген проблемалар мен міндеттер жергілікті деңгейді тиімді шешіледі

  16. ЖКТ-нің негізгі мақсаты: тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға жәрдемдесу

  17. ЖКТ-ХХІ идеяларын іске асыруға қатысады: ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды барынша азайту, өндірістік тұйық циклдерлді енгізу, ластанудың ең жоғары деңгейі экологиялық жүйелердің ластаушы заттарды сіңіруінің табиғи мүмкіндіктерінен аспауы, биологиялық алуантүрліліктің сақталуы

  18. ЖКТ-ХХІ үдерісін іске асырудың неше шарты бар: 7

  19. Аумақтық бірлік санаттары түрлері: аймақ, елдімекен

  20. Аймаққа жатады: экономикалық аудан, облыс, аудан, ауылдық округ

  21. Елдімекенге жатады: қала, ауыл

  22. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктері: абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру,санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріс, тұтыну қалдықтарын көму, сақтау орындарын ұстау, табиғи және басқа да нысандарды қорғау жөнінде ұсыныстар енгізу

  23. Аймақ: республиканың мүддесі үшін құрылған бірнеше елдімекенді қамтитын республика аумағының бөлігі

  24. Елдімекен: кемінде 50 адам тұратын, азаматтардың шаруашылық немесе басқа қоғамдық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан, республиканың жинақы қоныстанған бір бөлігі

  25. Тұрақты дамудың аспектілері: таза қоршаған орта, тұрақты биосфера, азық-түлік, су, минералды, энергетикалық және басқа да ресурстарды сақтау, биологиялық алуантүрлілікті сақтау

  26. «Шектен шығу» аймағы: аумақтың сыйымдылық қабілеті, экожүйелер әлеуеті, экологиялық жағдайы

  27. «Экологиялық із» тұжырымдамасының негізін қалады: Мэтис Уокернэйджел мен Уиллиам Рис (1990)

  28. «Экологиялық із» құрам бөліктері: көміртек ізі, жайылым, орман, балық аулау аймағы, жыртылатын жер, құрылыс жүргізілген жер

  29. Жан басына шаққанда «экологиялық ізі» бар 10 ел: БАЭ, Катар, Дания, Бельгия, АҚШ, Эстония, Канада, Аустралия, Ирландия

  30. ЭЫДҰ-на кіретін елдерге тиесілі «Экологиялық із» көрсеткіші: 40%

  31. «Экологиялық із» мақсаттарының бірі: адам іс-әрекеті мен табиғи ырғақтың үздіксіз екенін дәлелдеу

  32. «Экологиялық із»: табиғатқа күш түсірудің көрсеткіші, жан басына шаққандағы әлемдік гектармен өлшенеді

  33. «Экологиялық із» есептеледі: ресурстар мен қалдықтардың ағынын анықтау арқылы есептеледі

  34. Аса құнды дүниежүзілік ресурс: тұщы су

  35. Тұщы су жалпы ресурстар ішінде алатын орны: 2,5%

  36. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша көшбасшы аймақ: Аустралия және мұхиттық аралдар (83 мың м³/жыл)

  37. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші төмен аймақ: Еуропа (6 мың м³/жыл)

  38. Дүниежүзілік су ресурстары күні: 22 наурыз

  39. Судың азаюы шектеу қоятын факторлар: азық-түлікке, энергия өндірісіне, балық мөлшеріне, адамның қажеттіліктеріне

  40. Жан басына шаққанда суды тұтыну мөлшері азайып отырған елдер: Жапония, Чад, Нигерия

  41. Болжам бойынша 2025 жылға қарай су жетіспеушілігінен зардап шегу мүмкіндігі бар халық саны: 3,2 млрд

  42. Африкада ең тығыз орналасқан ел: Нигерия

  43. Нигерияның қанша халқы ауыз судан зардап шегіп отыр: 60 млн астам

  44. Ғаламшар жеткілікті болу үшін 1 адамға керек жер: 1,9 га

  45. Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру стратегиясында суды пайдаланудың тиімділігіне байланысты белгіленген мәселелер: шығындарды азайтып, суды қайта пайдалану, ауыз судың сапасын қорғау

  46. Құбыр арқылы жіберілген су үшін құбырды жөндеудің ең тиімді технологиялық тәсілі: арнайы металополимерді пайдаланып жасалған құрсау салу

  47. Су шығынын азайтудың жолдары: жергілікті климатқа сәйкес келетін өсімдіктерді отырғызу, қалаларда жаңбыр суын жинау

  48. Экоқала сипаттамасы: адамдар қонысы, экологиялық таза қала, ең берік, тиімді қоныс түрі, экологиялық талаптармен, әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен үйлескен қала, тұрғындары үшін кедергісіз, тұрақты, ресурс жағынан тиімді даму жолындағы қала

  49. Экологиялық қоныстар құрылысының еуропалық көшбасшылары: Дания, Швеция, Ұлыбритания, Германия

  50. Қытайда экоқалалар салуға басымдық берілген жыл: 1994ж

  51. Қытайдағы ең үлкен жобалардың бірі: Тянцзинь экоқаласы

  52. «Мұнайсыз өркендеу» ауылшаруашылық, өнеркәсіп және ағаш қалдықтарынан отын алу арқылы жүзеге асырылатын қала: Кристианстад

  53. Оңтүстік Кореяда «сандық қала ретінде» жобаланып салынып жатқан қала: Нью-Сонгдо

  54. Сингапурдегі «ақылды ғимарат» үлгісі: Park Poyal Tower

  55. Нұрсұлтан қаласы Зияткерлік қауымдастықтары форумының нұсқасы бойынша әлемнің 21 қаласының тізіміне енген жыл: 2014

  56. Табиғатқа тұтынушылық көзқарастың салдары: ластану, сарқылу, бұзылу

  57. Экологиялық салдар бөлінеді: оң және кері

  58. Антропогендік әсер ету түрлері: жойқын, тұрақтандырғыш, конструктивті

  59. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері: жер беті құрылымының өзгеруі, биосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуы, жекелеген аймақтардың энергетикалық және жылу тепе-теңдігінің өзгеруі, биоалуантрүрліліктегі өзгерістер

  60. Табиғатты пайдаланудың тарихи кезеңдері: индустрияландыруға дейін, индустриялық кезең, постиндустриялық кезең

  61. Табиғатты тиімді пайдалануды зерттеу түрлері: есепке алу, бағалау, даму барысын болжау, басқару, пайдалану жүйесін әзірлеу

  62. Табиғатты тиімді пайдаланудың сапасына мән беру: өнімділігін қалыпта ұстап тұру, үстемелеу

  63. Табиғатты тиімді пайдалануды игерудің тиімділігі: өндіру мен өңдеудің кешенділігі, экономикалық тиімділігі

  64. Табиғатты тиімді пайдалануды түрлендіру: байыту

  65. Табиғатты тиімді пайдаланудың маңызды қағидаттары: алдын алу, болжам жасау, жасыл технологиялар мен энергетика, жүйелік тәсіл, ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалану, қалдықтарды аз шығары технологиясы

  66. Қоршаған ортаны зерттеуде қарастырылатын экожүйелер: су сапасы, топырақ сапасы, ауа сапасы

  67. Адамның өмір сүру ортасы сапасының көрсеткіштері: ауаның сапасы, судың сапасы, топырақ сапасы, табиғи жүйелердің динамикалық сапасы

  68. Қоршаған орта сапасының нормативтері: санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өндірістік-шаруашылық, уақытша

  69. Қоршаған орта сапасын бағалаудың әдістері: ақпараттық және талдау (ауа, су, топырақ сынамаларын алу), тірі ағзаларға биологиялық әсерін тіркеу (табиғи жағдайда, зертханалық жағдайда), зертханалық сараптама (химиялық-физикалық әдістерді қолдану)

  70. Техногендік әсермен байланысты аурулар түрлері: ұзақ уақыт бойы, кенеттен көбеюі

  71. Халық денсаулығына әсер ететін ықтимал ластаушылар: шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, фенол, қорғасын, формальдегид, хлор, фторлы сутек, аммиак, көміртек тотығы, күкіртсутек, хлорлы сутек

  72. Шаң-тозаңмен ластанып отырған қалалар: Ақтау, Атырау, Жезқазған, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент

  73. Көміртек тотығымен ластанып отырған қалалар: Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен

  74. Азот тотығымен ластанып отырған қалалар: Өскемен, Риддер, Қарағанды, Балқаш, Алматы

  75. Күкіртсутекпен ластанып отырған қалалар: Орал, Павлодар, Теміртау

  76. Күкірт тотығымен ластанып отырған қалалар: Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Глубокое ауылы

  77. Аммиакпен ластанып отырған қалалар: Теміртау, Шымкент

  78. ТОЛ (Тұрақты органикалық ластаушылар): Шымкент, Алматы, Риддер, Өскемен

  79. Ең жоғары ластану байқалған қалалар: Алматы, Өскемен, Шымкент, Риддер

  80. Адам денсаулығына әсер етуші сыртқы факторлар: химиялық уландырғыш заттар, жұмыс орнының шаңдануы, діріл салдары, жүйкеге артық күш түсу салдары, биологиялық заттар

  81. Елімізде денсаулыққа зиян келтіретін жұмыста еңбек ететін жұмысшылар саны: 300 мыңнан астам

  82. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылар саны: 600 мыңнан астам

  83. Қазақстанда кәсіби аурушаңдық деңгейі жоғары облыстар: Қарағанды, Павлодар

  84. Нигерияның Онича қаласының ластану себептері: қысқа уақытта халық санының күрт өсуі, жаппай қоқыстарды жағу, ашық жерлерде тамақ дайындау, көлік түтіндері, өнеркәсіптен бөлінген улы түтіндер мен қоқыстар

  85. Эколгиялық тиімділік индексі: әлем мемлекеттерінің экологиялық саясатының көрсеткіштерін сандық бағалау және салыстырамыл талдау әдісі.

  86. Экологиялық тиімділік көрсеткіші бойынша 1 орында тұрған ел: Швейцария

  87. ЭТК бойынша Қазақстанның орны: 101

  88. Болжам бойынша экологиялық таза елдер қатарына шығу мүмкіндігі бар елдер: Қытай, АҚШ, Үндістан

  89. ХІХғ халық саны: 1 млрд

  90. Халық саны 7,7 млрд-тан асқан уақыт: 2020ж

  91. Болжам бойынша 2100ж халық саны қаншаға жетті: 11 млрд

  92. Қазіргі кезде халық санының баяу өсуі байқалатын аймақтар: Кариб аймағы, Ресей, Жапония, Оңтүстік Америка елдері

  93. Экосфераға әлеуметтік-экономикалық үдерістердің әсері сүйенетін 3 фактор: халық, тұтыну, техникалық фактор

  94. Геоэкологиялық проблемалардың әлеуметтік-экономикалық факторлары: халықтың орналасуы мен тығыздығы, көші-қон дәрежесі мен бағыты, геоэкологиялық проблемалардың әлеуметтік-экономикалық фактор, демографиялық саясат, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты

  95. Гомеостаз: (ұқсас, қалыпты) жүйенің өзін-өзі реттеу, динамикалық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған үйлестірілген реакциялар арқылы өзінің ішкі жай-күйінің тұрақтылығын сақтау қабілеті

  96. Табиғат гомеостазын қолдау жолдары: сандық көрсеткіштен сапалық деңгейге көшу, табиғатты пайдаланудың экоорталық түрі, экотехнология

  97. Сандық көрсеткіштердің сапалық деңгейге көшу: тұтынушы қоғамдастықтан идеологиялық қоғамға көшу, қоғамдық сананың табиғаттың даму заңдылықтарын бұзбау бағытына ауысуы

  98. Табиғатты пайдаланудың экоорталық түрі: экологиялық мәдениет, экологиялық білім беру

  99. Экотехнология: этноэкология, экоэнергия

  100. Тұрақты даму индикаторлары бойынша әлемдік көшбасшы: Дүниежүзілік банк

  101. БҰҰ қойған мақсаттар: экономикалық өсу, кедейлікпен күресу

  102. Негізгі геоэкологиялық индикаторлар: қоршаған ортаның ластану индексі, ресурстардың сарқылу индексі, экожүйелер жағдайының тәуекел индексі, адамдардың әл-ауқатына экологиялық әсер ету индексі

  103. Экологиялық менеджмент жүйесі: экологиялық саясатты әзірлеу, енгізу, жүзеге асыру, талдау және қолдауға қажетті ұйымдасу құрылымын жоспарлау, жауапкершіліктерді бөлісу, практикалық әдістер, процедуралар, үдерістер мен ресурстарды қамтитын жалпы менеджмент жүйесінің бір бөлігі

  104. Экологиялық менеджменттің негізгі мақсаты: өңірлер мен облыстар, аудан, кент, ведомстваралық, сондай-ақ кәсіпорындар арасында экономикалықжәне экологиялық мүдде тұрғысынан келісім жасау

  105. Экологиялық менеджмент мүдделерінің құрылымы: аймақтық, облыстық, аудандық, ауылдық, ведомствалық

  106. Экологиялық менеджменттің арнайы құзыретті органдары: кешенді, салалық, функционалдық

  107. Экологиялық менеджмент кезеңдері: экономиканы экологияландыру, жылдам талдау жасау, экологиялық бизнес-жоспар

  108. Дүниежүзілік өтпелі үдерістің құрамбөліктері: этикалық, экономикалық,демографиялық, технологиялық, әлеуметтік, институционалдық

  109. ҚР тұрақты даму саласындағы міндеттер: экономиканы диверсификациялау, табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау арасындағы тепе-теңдікті сақтау, елдің тиімді инфрақұрылымын құру

  110. Экономиканы диверсификациялау: жоғары технологияны дамыту, технологиялық серпілісті қолдау

  111. Табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау арасындағы тепе-теңдікті сақтау: өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін енгізу, көліктің тұрақты жүйесін дамыту

  112. Елдің тиімді инфрақұрылымын құру: экологиялық білімді дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру

  113. Қала халқының санының артуынан туындайтын мәселелер: қала халқының көбеюі, әлеуметтік теңсіздік, тұрғын үйдің жетіспеуі, инфрақұрылымның тозуы, ресурстарды тиімсіз пайдалану, қалдықтардың жиналуы

  114. Инфрақұрылымы нашар кедей қалашықтар тән аймақтар: Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдері

  115. Қазіргі таңда әлемнің урбандалу көрсеткіші: 55%

  116. Еліміздегі миллионер қалалар саны: 3

  117. Дүниежүзі аймақтарында қала халқы санының ұлғаюы (2011-2050): Азия - 54%, Африка – 32,5%, Латын Америкасы – 6,8%, Солтүстік Америка – 4,2 %, Еуропа - 2%, мұхиттық аралдар – 0,5%

  118. 2050 жылға қарай қала халқы артуы мүмкін аймақтар: Азия мен Африка

  119. Аймақтардың тұрақты даму қағидаттары мен стратегиялары

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!