Материалдар / Табиғатты пайдалану тұжырымдамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғатты пайдалану тұжырымдамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты пайдалану тұжырымдамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2023
1089
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі     

(білім беру ұйымының атауы)


БЕКІТЕМІН: __________Суюбаева Р.Д.




Оқу сабағының жоспары

Табиғатты пайдалану тұжырымдамасы

(сабақтың тақырыбы)

Модуль /пән атауы: ЖБП 11 «География»

Педагог: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы дайындады

2023 жылғы "15" қараша

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: ____1БББ-23 А б/б

____1БББ-23 Б б/б

____1МДТ-23 б/б

____1ИББ-23 б/б

____1БШ-23 б/б

Сабақтың түрі: Теориялық

2. Мақсаты, міндеттері:

Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу. Жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа баулу, білім мен ғылым жетістіктерін табиғатқа түсетін жүктемені азайтуға пайдалану.

3. Күтілетін нәтижелер:

Барлық студенттер: табиғатты пайдалану тұжырымдамаларын, олардың авторларын, негізгі идеяларын айта алады.

Көпшілік студенттер: табиғатқа тұтынушылық көзқарастың салдарын бағалай алады.

Кейбір студенттер: табиғатты пайдалану тұжырымдамаларын анализдеу нәтижесінде жекетұлға рөлін анықтап, өз көзқарастары бойынша тиімді нұсқаларды ұсына алады.

4. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, интернетке қосылған компьютер, проектор, электронды ресурстар, презентация.

5. Сабақтың барысы

І. Сабақтың басы (20 мин.)

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Топпен амандасу, топты түгендеу. Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

2. Үй тапсырмасы (10–15 мин.)

Үй тапсырмасы бойынша https://quizizz.com/ платформасы арқылы студенттерге тапсыр-малар беріледі.

1. Қазіргі ұрпақтың қоршаған ортаның экологиялық сапасы мен қасиеттерін сақтай оты-рып, өздерінің өмір сүру деңгейін қанағаттандыру және мұндай мүмкіндікті болашақ ұрпаққа да қалдыруы қарастырылған даму моделі қалай аталады?

2. "Экологиялық із" тұжырымдамасының негізін қай жылы салған?

3. "Экологиялық із" тұжырымдамасының негізін 1990 жылы салған ғалымдарды көрсет?

4. Бір адамға тиесілі "экологиялық із" неше көрсеткіштің жиынтығынан тұрады:

5. Тұрақты дамудың маңызды аспектілері

6. Глоссарий: Табиғатқа күш түсірудің көрсеткіші, жан басына шаққандағы әлемдік гектармен өлшенеді.

7. ....өнімділігі орташа әлемдік деңгейдегі биологиялық өнімді аумақтың гектары.

3. Жаңа сабаққа кіріспе (2 мин.)

ІІ. Сабақтың ортасы (50 мин.)

1. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин.)

https://flippity.net/ платформасы арқылы студенттерді топқа бөлу:

https://youtu.be/jfiWvDrnP_Y Шыңғыс Айтматовтың «Жанпида» («Плаха») романынан үзінді

студенттерге интербелсенді тақтадан көрсетіледі. Презентация арқылы тақырыпқа сәйкес қосымша ақпараттар түсіндіріледі.

Қасқырлар мен адамдар арасындағы қоғамдық мәселелер бүгін де өзекті деп айтуға бола ма? Студенттерге сұрақ қойылады.

Табиғатты пайдалану дегеніміз-адамзат қоғамы өзінің өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғат байлықтары мен табиғат құбылыстарының жиынтығын өз қажетіне қолдану мүмкіншілігі.Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін.

Қазақстанда 2015 жылы киіктердің жаппай қырылуы республика аумағында ақбөкен күрт азаюына алып келді. 2015 жылдың маусым айының басында еліміздің үш өңірі (Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстары) аумағында 134 мыңға жуық ақбөкен қырылып қалды, ал 2014 жылы Қазақстандағы ақбөкендердің жалпы саны 256,7 мың болатын. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл сирек кездесетін жануарлар популяциясының өсуі өте қарқынды болды. 2017–2023 жылдар аралығында 12,6 есе өсті. Жылдық өсім 41%–56% аралығында сақталды.

Экономикалық дамуды, қажеттіліктер мен халықты шектеу тұжырымдамалары. Бұл тұжырымдама табиғат ресурстарының сарқылуына, қоршаған ортаның ластануына және экожүйелердің тозуына жауап ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы жақтау-шылар (американдық ғалым Дж.Форрестер, 1968 жылы құрылған «Рим клубы» деп атала-тын халықаралық үкіметтік емес ғылыми-зерттеу бірлестігі және т.б.) экологиялық күйреуді және адамзаттың жойылу қаупіне негізделген, қазіргі қоғам дамуының қарқынын ескеретін есептеулерге сүйенеді.

Д.Медоуз және т.б. («Рим клубының» мүшелері және 1972 жылы шығарылған «Пределы роста» кітабының авторлары) адамзаттың қазіргі заманғы даму қарқыны мен бағыттарын сақтай отырып, одан әрі дамуының қолайсыз жақтарының алдын алу үшін бірқатар ұсыныстар жасады:

1. Егер дүниежүзі халқы санының өсуі, индустриялану, қоршаған ортаның ластануы, азық-түлік өнімдері өндірісі және ресурстардың сарқылу үдерістері өзгермейтін болса, өсімнің шегіне таяудағы 100 жыл ішінде қол жеткізілетін болады. Бұл халық саны мен өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Бұл үдерістерді өзгертуге болады, өзгерту арқылы экологиялық және экономикалық тұрақтылықты орнатып, оны алыс болашақта да осы қалпында сақтауға болады. Ол үшін ғаламдық тепе-теңдіктің жай-күйі әрбір адамға өзінің негізгі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып әрі өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бере алуы тиіс.

3. Егер адамзат дамудың бірінші емес, екінші нұсқасын таңдайтын болса, онда ол оны жүзеге асыру үшін неғұрлым тезірек жұмыс істеп бастаса, соғұрлым табысқа жету мүмкіндігіне ие болады.

Бұл тұжырымдама бүкіл әлемде күрт сынға ұшырады. Адамзаттың экономикалық дамуын тежеуге шақыру құрғақ қиял ретінде қабылданды.

Аталған ғалымдар тобы 20 жылдан кейін осы мәселеге байланысты жаңа зерттеулер жүргізді. Әлемдік деректердің және 20 жылда болған барлық оқиғалардың сараптамасына сүйене отырып, өздерінің негізгі қорытындыларын төмендегідей тұжырымдады:

1. Адамзаттың ресурстардың көптеген маңызды түрлерін пайдалану қарқыны және ластанудың көптеген түрлері рұқсат етілген шамадан асып түседі. Минералды және энергетикалық ресурстарды тоқтаусыз және ретсіз пайдалану салдарынан, таяудағы онжылдықта жан басына шаққанда тамақ өнімдерін өндіру, энергияны тұтыну және өнеркәсіптік өндіріс көлемі төмендейді.

2. Бұл төмендеу қайтымсыз емес. Оны болдырмау үшін, біріншіден, халық саны мен материалдық тұтыну деңгейінің өсуіне ықпал ететін саясат пен практиканы жан-жақты қайта қарау: екіншіден, материалдық және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін күрт арттыру қажет.

3. Технологиялық және экономикалық жағынан орнықты қоғамды құруға әлі де болады. Ол осы күнгі сан жағынан орнықты қоғамды құруға әлі де болады. Ол осы күнгі сан жағынан өсу есебінен барлық проблемаларды шешетін қоғаммен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы болуы мүмкін.

2. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары (20–25 мин.)

1-тапсырма. Ақбөкендердің жаппай қырылуы туралы деректерді табыңдар. Қаскерлердің ақбөкендерді атқаны туралы деректерді ақпарат көздеріне жарияланған материалдар арқылы тауып, мысал келтіріңдер. Қаскерлікке қарсы қандай күрес шаралары қолданылуда?

Дескрипторлар:

  • табиғатты пайдалану тұжырымдамасының негізгі идеяларын түсіндіреді;

  • ағымдағы үрдістерге нақты талдау жасай отырып, табиғатқа тұтынушылық қатынас салдарларын бағалайды;

  • тұлғаның рөлін анықтауда жаңа ақпараттар келтіріп, ғылыми мәнін аша алады.

2-тапсырма. Табиғатты пайдалану жолдарын зерттеумен айналысқан ғалымдар туралы ақпараттармен танысу. «Ойлан-жұптас-пікірлес» әдісі бойынша мұнда студенттер Н.С. Реймерс пен Ю.Одумның табиғатты тиімді пайдалану туралы айтқан ой-пікірлерін талқылайды.


Н.С.Реймерстің пікірі


Ю.Одумның пікірі



Сергіту сәті:

1.Ауа-воздух-air

2.Су-вода-water

3.Табиғат-природа-natural

4.Қоршаған орта-окружаюшая среде-environment

5.Ақпарат-информация-information

6.Халықаралық-международный- international

7.Орман-лес-forest

8.Экология-экология-ecology

9.Өсімдік-растение-plant

10.Жануар-животная-animals

11.Денсаулық-здоровье-health

12.Жер-земля-around

13.Топырақ-почвы-soil

14.Теңіз-море-sea

15.Мұз-лед-ice


3. Өз бетінше жұмыс (10-15 мин.)

«Табиғатты тиімді пайдалану біздің қолымызда» тақырыбына қысқаша эссе жазу (4-5 сөйлем).

ІІІ. Сабақтың аяғы (20 мин.)

1. Жаңа сабақты қорыту (3 мин.)

1. Табиғатты тиімді пайдалану туралы тұжырым жасаңдар.

2. Экологиялық қауіпсіздікке байланысты іс-шаралардың тізімін жасаңдар.

Мысалы:

- ауа алқабын қорғау;

- газдарды залалсыздандыру;

2. Кері байланыс (10–15 мин.)


Сабаққа дейін

Сабақтан кейін




3. Үйге тапсырма (2 мин.)

«Жанпида» романын толық оқуға тырысыңдар, оны ата-аналарыңмен және достарыңмен талқылаңдар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!