Күні: 16.11.2022
жыл
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Табиғатты
қорғаймыз
Тәрбие сағатының
мақсаты: «Табиғат» құндылығының
маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамдар арасындағы
байланысты түсіндіру. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын
дамыту. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Табиғат туралы суреттер, жыл
мезгілдері, жанды және жансыз табиғат, табиғат құбылыстарының
суреттері, жұмбақтар.
Ұйымдастыру
кезеңі: Табиғатқа байланысты
психологиялық дайындық:
Қайырлы күн, көк
аспан,
Қайырлы күн, алтын
күн.
Қайырлы күн
жер-ана,
Қайырлы күн,
достарым,
Қайырлы күн,
қонақтар.
Балалар бүгінгі ашық тәрбие
сағатымызды «Тыныштық сәтімен» бастайық. Барлығымыз көзімізді
жұмып, табиғатты елестетейік.
(Табиғатқа байланысты әсем
әуен ойнатылады.)
-
Балалар, сіздерге табиғаттың
қандай құбылыстары елестеді?
-
Олай болса, балалар,
табиғатымыз, жеріміз қалай қалыптасты екен? Соны бейнежазбадан
білейік.
Бейнежазба: «Табиғат»
Мұғалім: Жарайсыңдар , балалар!
Бейнежазбадан не түсіндік?
-Балалар, Жер ананың сендерге
айтары бар екен.Тыңдаймызба?
Жер
ана: -Мен Жер анамын. Маған
сендердің көмектерің қажет.Мені қоқыс қалдықтарымен ластап тастады.
Сол қоқыс қалдықтарын жинауға көмектесесіңдер
ме?
Мұғалім: Балалар, Жер анаға
көмектесеміз бе?
-
Мына жерде қандай қоқыстар
жатыр?
-
Оларды қандай топтарға бөлуге
болады?
-
Олай болса, қоқыстарды өз
жәшігіне тастайық.
-
Жарайсыңдар,
балалар!
(Оқушылар Жер ананы қоқыстан
тазалайды)
-Балалар, біздің Жер анамыз,
табиғатымыз тазарды. Енді табиғат құбылыстарын орналастырайық. Ол
үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып, оларды
Жер анамызға орналастырамыз.
Жұмбақтар:
-
Жарығы тегін, жылуы
тегін,
Айбарлым менің, жайдарлым
менің. (Күн)
-
Көзі жасты
жылауық,
Келе жатыр бір алып.
(Бұлт)
-
Күндіз тығылады, түнде
қыдырады. (Жұлдыз)
-
Құлпырып қадірлейді,
аялайды,
Қураса сыпырғышқа да
жарамайды. (Гүл)
-
Жылт-жылт
еткен,
Жылғадан өткен.
(Су)
-
Екi айыр
құйрығы,
Қияқ мұрт
қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.
(Қарлығаш)
-
Қанаты бар
ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық)
-
Өзі ширақ, өзі
қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(Түлкі)
-
Қыста киімін
тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
-
Үлкен, үлкен
түйені
Тастапты атам
шөгеріп.
Өркеші бұлтқа
тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
(Тау)
Мұғалім: Жарайсыңдар,
балалар!
-Табиғат құбылыстарына нелер
жатады екен?
-Табиғат құбылыстарын қандай
топтарға бөлеміз? (Тірі және өлі табиғат)
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат
өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Табиғат адам үшін қажетті
ауа, су, жапырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Біз табиғатсыз
тіршілік ете алмаймыз. Табиғат бізге күн сияқты мейірімді, ауа
сияқты таза, су сияқты сезімдеріміз мөлдір болуды үйретеді. Табиғат
бізге қашанда мейіріммен, қамқорлықпен қарап, жомарттық танытады.
Біз мейірімділікті, қамқорлықты, жомарттықты табиғаттан үйренеміз.
Табиғат анамыз біздің деніміздің сау, денсаулығымыздың мықты
болуына көмектеседі.
Табиғат екіге бөлінеді: өлі
табиғат және тірі табиғат.
Өлі табиғатқа тас, тау, су,
жер, топырақ, ауа т.б.
Тірі табиғатқа ағаш, гүлдер,
жануарлар, адамдар, өсімдіктер, құстар
жатады.
Балалар, біздің сыныпта
табиғат бұрышы бар ма?
Балалардың жауаптары:
Гүл
Гүл қандай табиғат түріне
жатады? (Тірі)
Гүліміз көгеріп өсіп тұр, оның
астында не бар? (Топырақ)
Топырақ қандай табиғат түріне
жатады? (Өлі)
Міне, балалар, тірі және өлі
табиғат бірін-бірі толықтырып өмір сүреді, тығыз байланыста болады.
Егерде топырақ жоқ болса, гүліміз, ағашымыз
өспейді.
-Балалар, бір жылда неше
мезгіл бар?
-Ендеше, сол мезгілдерге
саяхат жасайық.
-Балалар, қазір қандай
мезгіл?
-Күз мезгілінде қандай
ерекшеліктер болады?
-Балалар, Күз мезгілінің
сендерге арнаған тапсырмасы бар екен. Орындаймыз
ба?
-Олай болса балалар, күзгі
жапырақтардан жануарлардың түрлерін құрастырып, Жер анамызға
орналастырайық.
Аппликациямен
жұмыс
(Жапырақтан кірпінің,
көбелектің, балықтың бейнесін жасайды)
Ән: Алтын
күз
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Алдағы
15 күннен кейін қандай мезгіл келеді?
-Қыс мезгілінің ерекшелігі
қандай?
-Жарайсыңдар, балалар! Қыс
мезгілінің берген тапсырмасын орындаймыз
ба?
(Мақал мәтелдерді
сәйкестендіру)
Мақал-мәтел: 1.Адамның табиғатсыз күні
жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі
жоқ.
2.Қыстағы қар – жерге
ырыс,
Жердегі ылғал – елге
ырыс.
3.Жел дауылды
шақырады,
Бұлт жауынды
шақырады.
4.Таулы жер бұлақсыз
болмас,
Сулы жер құрақсыз
болмас.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!
Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?
-Бұл мезгілдің ерекшелігі
қандай?
-Көктем мезгілінің тапсырмасын
орындаймыз ба?
«Есіңде сақта!»
ойыны
(Табиғатқа байланысты тыйым
салатын іс-әркеттерді тақтаға ілу.)
Би: Қолшатыр
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Көктем
мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?
-Жаз мезгілінің ерекшелігі
қандай?
-Балалар, жаз мезгілінің
тапсырмасын орындаймыз ба?
-Қызыл кітап дегеніміз
не?
Бейнежазба: Қызыл
кітап
Мұғалім: Балалар,
бейнежазбадан не түсіндік?
-Біз құстар мен жануарларды не
істеуміз керек?
-Бізге Қызыл кітап не үшін
қажет?
-Жарайсыңдар, балалар! Олай
болса, мына жануарларды өз орнына
орналастырайық.
Ойын
: «Орналастыр»
Мұғалім: Жарайсыңдар! Балалар
табиғатты қорғауға байланысты тілектеріңізді өлең шумағымен
білдірсеңдер.
Дильназ: Ағаштарды
сындырмай,
Тазалықты
сақтайық!
Гүл өсіріп, су
құйып,
Табиғатты
қорғайық!
Мәди: Табиғат біздің
анамыз,
Жер – ана біздің
панамыз.
Таза болса
табиғат,
Біз де аман
боламыз.
Мұғалім: Табиғатты адамзат
аялаған,
Егін егіп, мал бағып
саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай
жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған –
дей отырып, бүгін ашық тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.