Материалдар / Табиғатты қорғау дәстүрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғатты қорғау дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты қорғауға тәрбиелеуде халықтық педагогиканың рөлі ерекше және оның саласы мол. Олар табиғатты қорғау дәстүрі , оған сену сиыну ырымдары жан –жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдет ғұрыптар т.б
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1687
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табиғатты қорғау дәстүрлері.


Табиғатты қорғауға тәрбиелеуде халықтық педагогиканың рөлі ерекше және оның саласы мол. Олар табиғатты қорғау дәстүрі , оған сену сиыну ырымдары жан –жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдет ғұрыптар т.б

Қазақ халқының табиғатты тануы , оған көз қарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесеінде тәжірбие елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктерімен білімдері негізінде халық табиғат желісін пайдалану әдістерін, дағдыларын ғана емес, оны қорғау дәстүрлерін де дамытты, оларды жетілдіру жолдарында жөн – жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. сол ереже ырымдар арқылы жас буындарды сергектікке, бақылағыштыққа баулып, қатерлерден сақтандырды. Халық жүдеуіне және бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген. Өйткені ереже бұзылса, халықтық дәстүрі де бұзылады. «Суға түкірме », «Күл шашпа», «Шөпті жұлма», «Көкті таптама», «Тал кеспе» т.б Тасып жатқан тыйым сөздер мен ережелер табиғатпен қарым-қатынас сақтаудың халықтық ереже, табиғаттың әдемілігіне кір келтірмес салауаттылық өлшемі болды.

Әсемдік пен сұлулықтың адам өміріндегі мңызы мен орнын « Ер елдің, орман –тоғай жердің көркі » - деп баламалық негізбен көрсетіп келді. Табиғатқа зәбір жасаған адам , қоғамға қиянат қалған адам.

Мәселен « Тау кескенше , қолыңды кес », « Қарағай кессең, қаңғырып қал » деген қарғыс санаға, тәртіпке қайшы келетін істер ұрпақты сақтандырытын ереже болған «Судың да сұрауы бар », «Балық аулай алмаған, суды лайлайды »

т.б ырым тыйымдар ұрпақты үнемділікке , ұқыптылыққа, бақылау-байқампаз, сергектікке, барды бағалап қадыр тұтуға, аялауға үйретті. «Аққан судың жолы сара » - деп, табиғат болмысына өзгеріс әклуге абай болуды ескертті. Жалпы өміршең өсиеттер табиғатқа табынудан , оны ардақтау мұратынан осылайша туындап отырды.

Жас өрендердің қашан да өмір тәжірибесі аз , көңілдері пәк. Сондықтан оларды қамқор сезімін оятып , қатыгездікке жібермеу үшін ойда бірден қалатын әсерлі өнеге өсиет сөздер мен үлгілі істер арқылы тәрбиелеу халықтық үрдіс болған. Мәселен, «Қарлығаш үйге құт әкеледі, оның ұясын бұзу обал »-деп осы бір кішкентай құсты қастерлеуге тәрбиелейді. «Құстың ұясын бұзба, жұмыртқаларын жарма бетіңе шұбар түседі »,- деген сескедіру ескертпе сөздер арқылы тіршілік атаулыға қамқор болуға үйретті. Қазақ халқының құстарды аялап - мәпелеп қорғау жолында қалыптастырған дәстүрлері тіпті сан – салалы. Айталық, ата бабамыз өзінің жақсы көрген сүйген адамдарын құстарға, олардың сымбатына, сәніне теңеген. Жаңа түскен келінді құсқа теңеп, қоныс иесіне «құс құтты болсын» - деген тілек айтқан. Құстардың атымен ұл қыздарына , немере- шөберелеріне ат қойған. Құстарға деген сүйіспеншіліктен туған қаншама сырға толы сазды әндермен күйлердің болуы осы себептен деп түсіну керек. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрінің қалыптасуына халықтың наным сенімдерінің де маңызы зор болды. Ежелгі түсінікте қоршаған ортаның бәрінің де жаны бар деп топшыланды. Қазақтың көне дәстүрі бойынша жер –адамзат, жалпы тіршілік иелерімен өсімдіктер, жан –жануар анасы, ал аспан –жарық , жылу беріп , жаңбыр жаудырып, бүкіл тіршілік атаулыға жақсылық жасап, қорған болатын атасы есептелген. Аспанның түсы көгілдір болғандықтан қазақтар оны «Көк», « Көк тәңір » - деп кеткен. Ал «Тәңір»-деген сөз тибет тілінде «Аспан » деген мағына берген. Тәңірге жаратушы, жерге дем беруші деп табыну, барлық жаратылыстар жан бар деп топшылау бірте – бірте табиғатты ардақтау көзқарасын қалыптыстырды. Сол себептен жаңа шыққан көк шөпті жұлуға , көркем шыбықты сындыруға, жлпы жер бетіндегі өсімдіктерді бүдіруге қатаң тыйым салынды. Табиғатты қастерлеуге байланысты туған ырым , дәстүр салттардың бәрі де дін жасап берген игілік деп есептеуде дұрыс емес. Мысалы; күн күркірегенде «Сүт көп, отын аз » - деп үйді айнала отауымен ұрғылап , оны есік алдына іліп қою ырымы діни нанымнан, қорқыныштан туындаған емес, керісінше мал басының көбейуін , шөптің шүйгін, ақтың мол болуын аңсап , табиған септігіне тілеу жасау көрнісін білдіретін наным. Табиғатты өмірдің тірегі ретінде қарау дүниетанымы қалыптасқан соң ырымдар табиғат қорғаудың нақты заң ережелеріне айналды. Табиғатты қастерлеуге байланысты сенім дәстүрлер белгілі бір адам табиғат қарым қатынас байланыс жүйесінде тәжірибеден өтіп шыңдалып, оның пайдалы не зиянды, т.б қасиеттерімен , септігінен танылған ой байламы деп түсінген дұрыс. Табиға құбылыстарына ырымдау, оларға ерекше қасиет беру , олардың сырын танып, білуден келген игілік адам мен табиғат арасындағы өзара ықпалдастықтың ажырамас байланыстың барын түсініп жатыр. Нанам-сенім , ырымдар арқылы халық адамзат пен табиғаттың етене біртұтастық туынды екендігін баяндап, тұтастықтың бұзылу қасиетінен ұрпақтарды сақтандырды. Оларға мейірбандылық, жауапгершілік, әсемдік , әдептілік, бақылағыштық сезімін орнатты. Табиғаттың жаратылыс түрлері жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, орман- тоғай, өзен –су, тау-дала өнере қанат беретін қайнар күш екендігін ұрпақтарға сәби жастан танытты. Халықтың туған тамырластығын дәріптейтін, дүние – түлеп жаңғыратын маусымдарға бағышталған: «Наурыз», «Қымыз – мұрындық», « Сабантой» « Күзем», «Мизам», «Соғым» сияқты той думандарды тұрмысқа кіргізіп, тәрбие құралдарына айналдырды . Сөйтіп қазақ халқы табиғатты қорғау ісінде бай дәстүр, әдеп – ғұрып қалдырды. Оларды бүгінгі ұрпақ тәлім- тәрбиесіне пайдалану – мектептен тыс барлық әлеуметтік мәдени тәрбие мекемелерінің төл ісі, тәрбиешілердің кәсіби парызы, ол уақыт талабы . Жалпы халықтың әдет – ғұрып дәстүр наным ырымдарының мәні олардың әлеуметтік өмір салтын ретеуші заңдары , ережелері, ұрпақ тәрбиесінің бірден – бір қайнары, қарым- қатынас мәдениет құралы, қоғам мүшелерінің тіршілік ету ережелерімен қағидалары, адамгершілік ұстаным нормаларының параметрлері болуында деп түсіну керек. Ендеше рухани мұра әдет-ғұрып дәстүрлердің тәрбиелік ролінің шексіздігіне күмән келтіруге болмайды. Ұзақ жылдар бойы бақылау мен өмірлік тәжірибеден түйінделген дүниетанымының бүгінгі ұрпақ игілігіне айналуы-өркенді өмір кепілі.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!