Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданы
ЖББ № 22 орта мектебі
КММ
Тарих-география мұғалімі
:
Казиева Светлана
Умержановна
... Экологиялық проблемалар –
ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның
өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып
отыр.
Ш.Айтматов.
Табиғатты қорғау тәрбиемен
келетін үдеріс
Елбасымыздың "Қазақстан -
2030” стратегиялық бағдарламасында "Біздің табиғат ресурстарымыз
орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны
дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай
қалғаны” туралы айтылған болатын. Олай болса қазақ жерінің байлығын
бағалайтын, туған жердің табиғатын сүйіп алмайтын жас ұрпақтың
білімі мен тәжірбиесі көбірек көңіл бөлу – бүгінгі күннің басты
талаптарының бірі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаты –айналадағы
ортаның жайы – күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыру,
жаратылыстану туралы, ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім
жүйесін орнықтыру. Сапалы маман, жақсы азамат тәрбиелеу уақыт
талабы. "Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне
алға бастырар талап сыйлайды” деп атамыз қазақ айтқандай, еселі
еңбегіміз туған жердің табиғатын қорғауға арналса деймін.
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта
жағдайлары және табиғат байлықтары болуы қажет.
Адамзат қоршаған орта мен табиғат байлықтарын өз қажетіне пайдалана
алатын саналы тіршілік иесі. Адам тек табиғатты пайдаланып қана
қоймай, табиғатты өзгерте де алады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше
маңызға ие. Пайдалы қазба байлықтарының шектен тыс көп пайдалануы,
жер бетінен көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоқ болып
кетуі және сонымен қатар табиғи ортаның ластануынан адамдардың
денсаулығы да бұзыла бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс
ластануынан бұрын белгісіз аурулар пайда болуда
Табиғат, Жер – Ана , туған жер, атамекен құлаққа жылы естіліп,
жүрекке шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол
табиғат пен Жер – Ананың перзенті.Өзіміздің қоршаған тіршілік
ортасын – биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей ластамай, көркейтіп,
көріктендіріп жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы болып
табылады. Сондықтан, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаның экологиялық
жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат беріп, экологиялық,
эстетикалық тәрбие беру және оларды туған өлке табиғатын сүюге,
қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз
керек.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат
қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол
себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны
қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық
парызы.
Экологиялық мәдениет барлық
жас ұрпақтың ойларында құрастырылуы керек, ол мектеп қабырғасынан
басталады. Экологиялық мәдениет негізі саласына жаратылыстану
білімі жатады, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін
құрастыру, экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология
заңын түсінуге көмек көрсету мүмкіндігі, тәжірибелі қызметтер,
табиғатты пайдалану.
Экологиялық мәдениет, жалпы
адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам
арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат
ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани
құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады
және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке
адамды сақтау, экологиялық іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат
қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты
қорғау және танумен байланысты.
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін,
адамдардың
әрекетімен болып жатқан ғылыми
жетістіктердің барлық болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына,
болашағына тұжырымдама беретін адам
экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген
экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған
күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам
баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау тиімді пайдалану
керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ
ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам
экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі,
адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның
табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі
анықталды. Адам- табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре
алмайды.
Адам экологиясын ғылыми
тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеу үлкен әсер еткен ХХ ғ-да өмірге
келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір
сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға
байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертен
құлауы мүмкін.
Табиғат- адамзаттың тіршілік
ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын
қанағаттандыратын шикізат көзі болып
саналады
Балалардың қоршаған орта жөніндегі
үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер
төменгі буыннан бастаудың маңызы зор. Табиғатпен таныстыру
барысында "Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал
бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер осы
кезден қалыптаса бастаса, кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және
бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген
сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен
таныстыру, яғни табиғатты қорғау — экологиялык тәрбие
жұмысымен
қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты
айқындаудың бір формасы баланың күнделікті
іс-әрекеті.
Сол себепті балалардың
экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі
экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс
түрлерін ұсынамыз.
“Тіршілік иелерінің өміріне қажетті
жағдайларды туғызу және қолдау әдісі” балаларға экологиялық тәрбие
берудегі басты әдіс
түрі
саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау
дағдыларын икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді
бақылау өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды
бағалауға бағыт береді
және
оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді.
Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету -осы әдіс түрінің тәжірибе
мен модельденген іс-
әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында.
Сондай-ак, заттарды
күтіп-
баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға
қатысу балаларға
қажетті,
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға
септігін
тигізеді.
Бақылау — табиғатты сезімдік тұрғыда тану
әдісі максатқа бағытталған қабылдау сезім мен тиімділіктің бірлігі
көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік
объектілерімен. қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды
қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын
бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі
тәсілі болып табылады. Ұзак мерзімді бақылауларды ұйымдастыру -
өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста
болу балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.
Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп,
ойлау қабілетін, тілін дамытады Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды
бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тән болады. Ал жүйелі
бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады осынау,
әсерінен баланың дүние танымы кеңейіп қоршаған ортаға деген өзіндік
көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта
түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі-экологиялық тәрбие
жүйесінде өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат
көрінісін кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді,
музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен
жұмыс істеп бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен
тікелей байланысты алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары
балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын
танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс түрі арқылы табиғат
адамдарға жоғары дәрежеде рухани байлық көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,
олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге
итермелейтіні жөнінде ұғым
қалыптастырады.