Материалдар / Табиғаттың жандандыратын күші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғаттың жандандыратын күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Мектеп:Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі Мерзiм: 16.04.2021 №: 26 тақырып Тақырып: Табиғаттың жандандыратын күші Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Жауапкершілік, қамқорлық, еңбекқорлық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
730
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

О.М: Ермекова Сара


Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары


Мектеп:Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі

Мерзiм: 16.04.2021 №: 26 тақырып

Тақырып: Табиғаттың жандандыратын күші

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Жауапкершілік, қамқорлық, еңбекқорлық.

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға табиғатты аялау керектігін түсіндіре отырып, Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

  • Оқушыларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.

  • Оқушылардың бойындағы табиғатқа қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, жайлы әуен, ақ қағаздар, нақыл сөздер, тапсырмалар, интерактивті тақта.

С абақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, балалар үш тілде амандасады. Оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылар орындарына отырмастан бұрын гүл, күн, жемістерді таңдата отырып 3 топқа бөліп алу.

5 «Т» ережесін қайталау.

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып -білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


2.Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Оқушылар тыныштық сәті ұнады деген оййдамын. Ендеше сабағымызды бастайық.

  • Оқушылар мен сендерге қима қағаздар беру арқылы топқа бөлген болатынмын. Сол қима қағазымызды құрастырайық. Күннің (шуағы жоқ), ағаш (жемісі жоқ), жер (гүлі жоқ) суреттері шығады.

  • Қараңыздаршы оқушылар ненің суреті шықты? Дұрыс айтасыңдар, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты. Не деп ойлайсыздар?

  • Ендеше сіздердің топ атауларыңыз шуақтар, гүлдер, жемістер деп атаймыз. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушы табиғатқа өз үлесін қосып мына суретті әдемілейтін боламыз.

Үй тапсырмасын сұрау.

- Үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше кім қаншалықты дайындалып келді сұрақ қою арқылы білетін боламыз. (Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы сұрақтар қойылады. Оқушылар жауап берген сұрақтардан кейін табиғаттың суреті шығып отырады)

1. Балалар тоғайға не үшін бармақшы болады?

2. Тоғайдың кішкентай тұрғындары не үшін ойнауға қарсылық білдірді?

3. Оқушылардың әрекетін қалай бағалар едіңдер?

4. Табиғаттан нені үйренуге болады?

5. Оқушының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?

6. Өзің күнделікті немен айналысасың?

(Тақтадан табиғаттың суреті шығады)

  • Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз оқушылар «Табиғаттың жандандыратын күші».

  • «Табиғат» дегеніміз не? Табиғатқа нелерді жатқызуға болады? Табиғаттан біз не аламыз? Табиғатсыз адамды елестету мүмкін бе?

Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына

малынып,өсімдіктермен тынығып, жаңбыр- қарының қызығын көріп өсіп-жетіледі.Табиғатта адамның оны сақтауымен,

қорғауымен,күтімімен дамып келеді. Демек, олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

3 . Дәйексөз.

«Табиғатқа тазалықты тарту ет»

Рысбай Сәтімбеков

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. балалар барлығы бірге дәйексөзді айтып шығады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Рысбай Сәтімбеков - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры.Талай-талай игі жақсылармен араласты, айтулы ғұламалардан тәлім алып, атышу­лы ұстаз атанды, қазір оны да ұстаз санайтын шәкірттері жетіп-артылады.Бала жастан әдебиетке іңкәр, өлеңдері мен жан-жануарлар, өсімдіктер жайлы жазатын танымдық мақалалары осы күндерде де мерзімдік басылымдарда жарық көріп жүретін бесаспап маман.



1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

2. Табиғатқа тазалық не үшін қажет?

3. Табиғатқа біз қалай көмектесе аламыз?

4. Табиғатқа қиянат жасамайтын баланың бойында қандай қасиеттер болу қажет?

5. Сен өзің күнделікті өмірде табиғатқа қандай қамқорлық көрсетіп жүрсіңдер?

Дәптермен жұмыс

- Оқушылар дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазып дәйек сөзді жазып аламыз.


Дәйексөздің мағынасын түсіндіру

Мұғалімнің сыйы

Бейнебаян «Табиғатқа қамқорлық» туралы


1. Бейнероликтен нені түсіндік?

2. Адамдар табиғатқа қалай зиянын тигізеді екен?

3. Табиғат-анаға қамқорлық танытқанда қандай сезімде боласыңдар?

4. Өзіңнің табиғаттың бір бөлшегі екеніңді қалай түсінесің?

5. Табиғатқа қамқорлық көрсету үшін біздің бойымызда қандай қасиеттер болу керек?

6. Сенің бойыңда қандай қасиеттер бар?




Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын.

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға айтып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Мұғалімнің сыйы (бейнебаян көрсету)

Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: Табиғатқа біз қалай көмектесе аламыз?

2 – топ: Табиғаттың бізге берер пайдасы

3 – топ: Табиғаттағы қазіргі кездегі апаттар

  • Оқушылар біздің табиғатымызға қара бұлт төніп тұр. Табиғаттың қандай құбылыстарын білесіңдер? Ендеше осы төніп тұрған бұлтты ашу үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз қажет.

3 қара бұлттағы тапсырма 3 топқа беріледі.

1-топ. Желді күн.

2-топ. Жаңбырлы күн.

3-топ. Көктем мезгілі.

Оқушылар іс-қимылмен, дыбыс шығару арқылы берілген табиғат құбылыстарын, табиғаттағы жан-жануарлардың дыбысын салады.

Тапсырма орындалғаннан кейін қара бұлт ашық аспанға айналады.

Оқушылар өз ойларын А3 қағазға жазып оны қорғап шығады.

6. Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін»

Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.

2. Айрылмас дос, айнымас дос, 
Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 

3. Анда солдат, мында солдат, 
Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.


Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.

7. Үй тапсырмасы.

27 – сабақ, «Көзата бұлағы» мәтінін оқып келу


Үй тапсырмасын оқушылар жазып алады.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Оқушылар бүгінгі табиғатымыздың суретіне назар аударайықшы қандай әдемі табиғаттың суреті шықты. Ендеше әр топтың жинаған ұпай санын қарайық. Қай топ бүгін сабаққа белсенді қатысты екен.

  • Оқушылар бүгінгі сабақтан игергендеріңізді ойыңызда сақтай отырып маған, табиғатқа «Уәде» берейікші. Мысалыға: Мен табиғатты қорғауға уәде беремін! Сіздер жалғастырыңыздар.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Осымен оқушылар бүгінгі сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!








Оқушылар өз уәделерін айтып шығады. (Мен табиғатты аялауға уәде беремін т.б.)


Соңғы тыныштық сәтін өткізеді.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!