Материалдар / Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді?

Материал туралы қысқаша түсінік
өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау; адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2019
1970
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Мен зерттеушімін. Өсімдіктер.

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау;

3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттап үйренеді.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: адамның өсімдік тіршілігіне жасайтын ықпалын түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

  • өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бірлестіктердің ауысуы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өсімдік бірлестігінде қанша өсімдік болады?

Бірлестік өсімдікері өзара қалай байланысады?

Бірлестіктегі тепе-теңдік қандай табиғат жағдайлары арқылы сақталады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өсімдіктер туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдары туралы бастапқы білімдері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жалпы ритм» жаттығуы 
Мақсаты:  топтың біртұтастығын арттыру.  
Өту барысы. Топ мүшелері дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші белгілі бір жылдамдықпен ритмды ұлғайта отырып бірнеше рет шапалақтайды, бұл ритмді топ мүшелері де жалғастырып əкетулері керек: жүргізушінің оң жағында тұрған қатысушы бір 

шапалақтайды, одан кейін екінші қатысушы шапалақтайды, осылай жалғасып кете береді. Бір ритмде тек бір адам ғана шапалақтап тұрған сияқты дыбыс шығару керек. 

Топқа бөлу

1-топ: «Алғырлар» тобы

2-топ: «Ойшылдар» тобы

3-топ: «Даналар» тобы







Жұмыс ережесін келісу

  • С абақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

  • Өсімдіктер қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделеді?

  • Өсімдіктер арасында қандай өзара байланыс қалыптасқан?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау





«Жалпы ритм» жаттығуы 








Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.













Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Күтіңіз және түйіндеңіз»

Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.

Жедел жауап.

1-топ: «Алғырлар» тобы

Өсімдік бірлестігінде қанша өсімдік болады?

2-топ: «Ойшылдар» тобы

Бірлестік өсімдікері өзара қалай байланысады?

3-топ: «Даналар» тобы

Бірлестіктегі тепе-теңдік қандай табиғат жағдайлары арқылы сақталады?

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Өсімдіктердің тіршілік ортасы қай кезде өзгереді? Тіршілік ортасы өзгерсе, өсімдіктерге не болуы мүмкін?Бұрын бұл жерде көл болған, қазір қалың орман.Бұл өзгеріс неліктен болды деп ойлайсың.Суретпен жұмыс.


Дескриптор:

Тіршілік ортасының өзгеруінің өсімдіктерге әсерін айтып береді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зертте. Табиғи бірлестік өсімдіктерінің алу-
антүрлілігін зерттеу мақсатында оқушылар мектептің
жанындағы аймақтарға бақылау жасайды.
Зерттеу жұмысы үшін сыныпты шағын топтарға
бөліңіз. Әрбір топқа 1м2 аумақта зерттеу жүргізуді
тапсырыңыз.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Топта бірлестіктің табиғи жолмен немесе жасанды жолмен құрылғанын талдау керек;
• аймақтағы өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтайды;
• қандай өсімдік түрі жиі кездесетін табуы керек;
• оларға қандай жағдай тұрақты түрде жасалатынын анықтайды;
• басқа топтың қорытындыларымен салыстырады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар











Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

Сергіту сәті

«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

- Табыс (сұқ саусақ);

- Үлкен (ортаңғы);

- Барлығында (атаусыз);

- Барлық жерде (шынашақ);

- Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Қар үйіндісі»

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Орман ішіндегі бос алаңқайлар қалай пайда болады?

Адам табиғи бірлестіктерді қамқорлығына алған.Олар табиғатқа зиян келтіретін әрекетке тиым салады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Нысандар» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.


















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





«Қар үйіндісі» тапсырмалары.










Сабақтағы кері байлананысын постерге жабыстырады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!