Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Табиғи жарық көздері дегеніміз не
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
|
Күні: Мектеп: «Бобровка орта мектебі»КММ Сынып: 1 Мұғалімнің аты-жөні:Сайлаухан Қ.С Пәні: Жаратылыстану Қатысқандар саны: Ұзақ мерзіміді жоспар бөлімі: Жарық Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғи жарық көздері дегеніміз не? |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; 1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; |
||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Барлық оқушылар: әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын және табиғи жарық көздерін ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі:күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі және табиғи жарық көздерін топтастырады. Кейбір оқушылар: Оқушылар табиғи жарық көздері мен жасанды жарық көздерінің басты ерекшеліктерін атайды және қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізіп, өз тұжырымдамасын дәлелдейді. |
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қоршаған ортаны қорғау.Қоршаған әлем құбылыстарын танып білу. |
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
музыка, бейнелеу өнері. |
||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Табиғи және жасанды, жарық көзі,жарық; табиғи жарық көзі
|
||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім: |
Күн жүйесі жылу және жарық беретінін біледі. |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2мин |
Сәлемдесу. -Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын.Қанекей, бір-бірімізбен амандасып алайық Ертемен ақ пейілмен: «Қайырлы таң!» деймін мен. (оң қолдарын көтереді) Күндіз де елді елеймін, «Қайырлы күн!» - тілеймін. (оң қолдарын жүрек тұстарына қояды) Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!» деп кіремін. (бір – бірінің қолын ұстап, күлімдеп қарайды) -«Сиқырлы қорапша» Менің қолымда сиқырлы қорапша бар.Қазір осы қорапшадағы суреттерді аламыз.Қанекей кімге қандай сурет түседі екен? -Шеңбердегі оқушыларға қораптағы суреттерді таратып беру. Суреттер бойынша топтау.
Май шам,лампа, телефон. фонарик. (Топ ережелерін қайталату, топ мүшелерін сайлату) фонарик барлығына ортақ қасиет не? (Балалар өз тұжырымдарын ұсынады) -Йә, дұрыс айтасыңдар барлығына ортақ қасиет олар жарық шығарады. -(ОМ) Бүгінгі сабақта біз жарықтың не екенін білетін боламыз және табиғи жарық көздерімен танысамыз. |
Май шам,лампа, телефон. фонарик. |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 35мин |
Ширату: “Жарық — қараңғы” Музыкамен әнді айта отыра қимылмен көрсетеді. (Oқушылар күнделікті тәжірибелеріне сүйене отырып, әр уақыттағы адамның іс-әрекетін бейнелейді) -Қай кезде қараңғы болады? -Жарық не үшін қажет екен? Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады? Неге күндіз жарық? Жерді не жарық тандырады? (осы жерде оқушыларға оқу мақсатын хабарлау) Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. -Табиғи және жасанды дегенді қалай түсінеміз? Жасанды деген тоқ арқылы немесе батарея күші арқылы берілетін жарықтар (шамды, фонарикті жағып көрсету) Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады. Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады. Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды. Сонда жарықта айнала жақсы көрінетіндіктен адамдар белсенді болады екен. -Қанекей, біз сендермен тәжірибе жасап көрейік. Тапсырма №2 «Өз көзіңді жеткіз» 1.тәжірибе. «Соқыртеке» рөлдік ойынын ойнату -Балалар еркін қимылдай алды ма? -Оған не кедергі болды? -Адам мен жан-жануарлардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді. Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы қандай? « Бас бармақ» тәсілімен оқушылар бір-бірін бағалайды. 2.тәжірибе: Ол үшін балалар әр топ өз топ атауларына байланысты затпен тәжірибе жасайды. Алдындағы фонарикті, май шамды және лампа, телефон жағып көреді де өздері өз тұжырымдарын ұсынады. -Жарықты біз ұстай аламыз ба? “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұрау -Табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайды -Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады. Тағы өздері табиғи жарық көздерін білетінін сұрау. (найзағай, кемпірқосақ)
«Плюс, минус,
қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен
фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. « Ақсүйек тәсілі» -Балалар қазір біз сендермен ақсүйек ойынын ойнаймыз. Ақсүйек ойыны күннің қай бөлігінде ойналады? -Жарайсыңдар. Иә, ақсүйек ойыны түнде ойналатын ойын. Үстел үстіне жұлдыздың суреттері қойылады.Бірдей боялған жұлдыздар бірігеді. «Ақсүйек» лақтырылады. Берілген суреттердің арасынан табиғи және жасанды жарық көздерін теріп топтастырады. «Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз»
(Ұ) «Құпия зат» Қораптың ішіне бәйшешек гүлін салып қою, Әр топ қорап ішіндегі затты анықтайтындай 3 сұрақты топта ақылдаса отырып анықтайды..Кейін сұрақтарын ұсынады. -Бұл қандай гүл? -Бұл гүл жайлы неге айтып отыр деп ойлайсыңдар? -Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің басталғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады. Суретке мұқият қараңыз. Жарық және қараңғы жерде өскен өсімдіктерді салыстырып, сипаттаңыз.
Бағалау критерийі:
сипаттайды. Дескриптор: - жарық пен қараңғылықтың өсімдіктің өсуіне тигізетін әсерін сипаттайды. - жарықтың қажеттілігін түсіндіреді. (МК) Видео көрсете отыра аңызды айту “Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”. -Бұл аңыздың біздің өтіп жатқан тақырыпқа қатысы қандай деп ойлайсыңдар? -Жарықтың пайдасы неде екен? Тапсырма №3 (Т.Ж)«Пирамида» -Күн жарығының тіршілік үшін маңызы өте зор екен. Әр топ пирамида құрастырады. Пирамида құрастыру: Күн өсімдік жануар адам «Нысана» (әр топ оқушылар өз топтарының суреттері бар қағазға аттарын жазып нысананың тисті бөлігіне жапсырады.) МК. «Сен, білесің бе?»
-Күн тек жылу мен жарық қана емес екен, одан энергия алуға болады. Биылғы Астанада өтетін ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалану жолдарын көрсететін бірден-бір көрме.
|
АКТ АКТ (видео) Интернет-ресурстар:
орамал Май шам, фонарик, лампа, телефон Табиғи және жасанды жарық көздері бейнеленген суреттер Қорап, бәйшешек гүлі Пирамида суреті |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5мин |
Ойлан! -Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”. -Дүниеде қараңғылық болмаса не болар еді? - «Иә, жоқ, білмеймін» семантикалық карта толтыру
Жұпта парақтарын алмастыру,тексерту, бағалату 4 дұрыс жауап – «5» 3 дұрыс жауап – «4» 2 дұрыс жауап – «3» «5» алғандар бағдаршамның жасыл түсін көтерсін, «4» алғандар бағдаршамның сары түсін көтерсін, «3» алғандар бағдаршамның қызыл түсін көрсетсін. Мадақтау,қол шапалақтау |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Барлығы – сыныптың түгел оқушысы Көптеген оқушы- |
Оқушылар тәжірбие жасау барысында Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығын білген оқушылар өзара « Бас бармақ» тәсілімен бағалайды. Оқушылар тәжірбие жасау барысында фонарикті, май шамды және лампа, телефон жағып көреді де өздері өз тұжырымдамаларын дәлелдеген кезде «Плюс, минус, қызықты» тәсілімен бағалау болды. Табиғи және жасанды жарық көздерін теріп топтастырып «Парталас көршіңе 1 тілек » тәсілімен бағалайды. Пікір таңдаңыз. Күн жарығының тіршілік үшін маңызы өте зор екендігін түсінген оқушылар «Нысана» тәсілімен өздерін бағалайды. Сабақтың соңы: «Жұпта бірі-бірін бағалайды. «Бағдаршам» |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы- ның сақталуы: Күн сәулесіне тура қарауға болмайды. Сергіту сәтін және тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау |
|||||||||||||||||||||||
|
Табиғи және жасанды жарық көздерін толық түсінбеген оқушыларға бағыт беру арқылы көмектесу. Табиғи жарық көзі мен жасанды жарық көздерінің басты белгілеріне қарап ажырата алады. Қабілеті жоғары оқушылар табиғи жарық көздері мен жасанды жарық көздерінің басты ерекшеліктерін дәлелдеу және қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізіп, өз тұжырымдамасын дәлелдейді. |
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |