400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәні: Еңбекке баулу Күні: Бөлім: Менің мектебім Педагогтің аты- жөні: Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы 5-сабақ ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 1.1.4.1 шығармашылық жұмысқа қажет материалдардың түрлерін анықтау 1.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен танысу Сабақтың мақсаты Табиғи материалдардың түрлерін және оларды сақтау жолдары туралы толық ақпарат біледі. Табиғи материалдарды сақтауға, кептіруге арналған хатқалтаны өз қолдарымен жасау тәсілдерін меңгереді. Құндылықтар Табиғатты қорғау, көркемдік, табиғи байлықты бағалау, ауызбіршілік Сабақтың барысы Сабақтың кезеңі/уақыты Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. «Жылы алақан» әдісі Ә. Ысқақовтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін хормен айтқызу. Менің мектебім, менің досым, менің сыныбым, мектебімдегі асхана, мектебі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні:

Еңбекке баулу

Күні:


Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты- жөні:


Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

5-сабақ ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.4.1 шығармашылық жұмысқа қажет материалдардың түрлерін анықтау

1.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен танысу

Сабақтың мақсаты

Табиғи материалдардың түрлерін және оларды сақтау жолдары туралы толық ақпарат біледі.

Табиғи материалдарды сақтауға, кептіруге арналған хатқалтаны өз қолдарымен жасау тәсілдерін меңгереді.

Құндылықтар

Табиғатты қорғау, көркемдік, табиғи байлықты бағалау, ауызбіршілік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Жылы алақан» әдісі

Ә. Ысқақовтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін хормен айтқызу.


Менің мектебім, менің досым, менің сыныбым, мектебімдегі асхана, мектебімнің кітапханасы деген тақырыпта оқушылардың ойын сұрау.


Оқушылар шеңбер жасап тұрады.

Бір-бірінің қолдарын ұстап, жылы алақандарын сезіп, Ә. Ысқақовтың

«Өсіп келе жатырмын» өлеңін хормен айтады.

Ойымен бөліседі: Менің мектебім әдемі, жарық, жылы. Мектепте менің достарым көп, достарыммен асханаға, кітапханаға барамыз,

ойнаймыз.




Сабақтың ортасы

«Бұл не?» әдісі

Оқушы дорбада жасырылған әр затты көрмей ұстап, сипаттайды.

Басқа оқушылар табуы тиіс. Дорбада жапырақ, бүр, жаңғақ, тас,

қауырсын, сабан, құм, жүн т.б. болады.

Сұрақ:

Балалар, дорбаның ішіндегі бұл заттардың осы сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың толық сөйлеммен жауап беруі үшін жетекші сұрақ қойып,

Оқушы дорбаның ішіндегі заттарды сипап ұстайды, сипаттайды.

Басқа оқушылар ол заттың не екенін табады.



Оқушылар сұраққа қатысты өз ойларын айтады.






Тыңдалым

























https://qrmedia.kz

/8CZee

тақырыпты ашуға, толық сипаттама беруге жетелейді.

Оқушы жауаптары тыңдалып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Мұғалімнің түсіндірмесі

Бейнежазбаны көрсету.

Табиғат адам өміріндегі асыл қазына. Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін ағаш, тас, құм, шөп т.б. өз керегіне жарата білген.

Адам – өз жерінің қожасы. Сондықтан жердегі өсіп тұрған заттарды өз керегіне жарата отырып, одан әртүрлі бұйымдар жасаған. Табиғаттан керегін ала білумен қатар адам табиғатты аялап, сақтау қажеттілігін де ұмытпаған.

Табиғи материал түрлерін сақтау жолдары әртүрлі.


Сергіту сәті

«Көңілді күн» әуенімен жаттығу жасау.


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Балалар, бүгінгі сабақта біз табиғи материалдарды сақтау үшін хатқалта жасаймыз.

Жұмыс бастар алдында қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

1-тапсырма

Табиғи материалдарды сақтауға арналған хатқалта жасау Бейнежазба көрсетіледі.


Қажетті құрал-жабдықтар:





Оқушылар бейнежазбаны көріп, мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі екенін біледі.

Табиғи материалдармен танысады, сұрыптау және сақтау жолдарын есінде сақтайды.






«Көңілді күн» әуеніне би жаттығуын жасайды.



Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.


Оқушылар шығармашылық идеяларды жоспарлау және әзірлеу кезінде түрлі материалмен және құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгере отырып, материалдардың ерекшелігіне қарай пішінін, көлемін анықтайды.

Қию, бүгу, бүктеу, желімдеу
































Бейнежазба https://youtu.be/rne IUQYFAiw












Сергіту сәті https://youtu.be/xy S4WWbtttM



Қауіпсіздік ережесі



QR код арқылы бейнежазба



А4 пішінді түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, желім жағатын қылқалам.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Өзіңе ұнаған түрлі түсті А4 пішінді қағазды дайында.

  2. Қағазды ұзынынан қойып, жоғарғы жағынан 5 см қалдырып, жоғары қарай ортасынан бүкте.

  3. Жоғарғы 5 см-ді жоғарыдан төмен қарай бүкте, 5 см бүктелген оң және сол жақ бұрыштарын үшбұрыш етіп қиып ал.

  4. Екі жиегін желімде. Хатқалта дайын.

тәсілімен хатқалта жасайды.

Дескрипторы:

  1. Дайын қалыпқа қарап үйрене отырып, хатқалта жасайды.

  2. Жұмысын аяқтаған соң жұмыс орнын жинайды.








Сабақтың соңы

«Сұрақ ілмегі» әдісі

  • Табиғи материалдарға нелер жатады?

  • Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасалады?

  • Табиғи материалдарды сұрыптау және сақтау жолдары қандай?

«Сұрақ ілмегі» әдісімен берілген сұрақтарға жауап береді.

Табиғи материалдарға нелер жатады, не жасауға болады, бүгін не жасағандары жайлы айтады.



Рефлексия

«Алмаағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма – мен бәрін жақсы орындадым, көңіл күйім көтеріңкі

Қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ

Оқушылар алмаағашы арқылы өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің біліміне қаншалықты сенімді екендігін көрсетеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.08.2024
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі