Материалдар / Табиғи қара сабынды алу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғи қара сабынды алу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғи ұара сабынды қалай алу керектігін айту. Жеткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



Алматы қаласы Алатау ауданы КММ №149 жалпы білім беретін мектеп

Shape1

«Мен әлемді танимын»

ғылыми жобасы











Тақырыбы: Табиғы қара сабын алу және оның пайдасы



Бағыты: Адам және табиғат туралы ғылым



Секциясы: Дүниетану









Орындаған: Әмірғазина Талшын

4 «Қ» сынып оқушысы

Жетекшісі: Джумадуллаева Акжаркин Курбаналиевна

бастауыш сынып мұғалімі





Алматы 2020 жыл



Алматы қаласы Алатау ауданы

КММ №149 жалпы білім беретін мектебінің 4 «Қ» сынып оқушысы

Әмірғазина Талшынның

«Табиға қара сабын алу және

оның пайдасы» тақырыбындағы

ғылыми жоба жұмысына





Пікір



Ғылыми зерттеу жұмысында 4 «Қ» сынып оқушысы Әмірғазина Талшын сабын түрлерімен танысып, сақардан алынған қара сабынның қасиетін зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде сабынның шығу тарихына, түрлеріне шолу жасаған. Екінші, үшінші бөлімдерінде сақар алынатын өсімдік түрлерін, сақарды жасау жолдарын, өзіндік емдік қасиетін сипаттап жазған. Қара сабынды жасай отырып, өзіндік зерттеу жүргізген. Табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Талшын ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті бар екенін байқатты. Ол ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Талшынның ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін. Алда әлі де оқушыға қара сабынның қолдану және емдік қасиеттерін күнделікті өмірде пайдалану жолдары туралы жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныс берілді.







Жетекшісі: Джумадуллаева А.К








Аңдатпа


Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Қара сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану. Сақардан жасалған табиғи қара сабынның емдік қасиетіне көз жеткізу.



Ғылыми жобаның гипотезасы: Қолдан жасалған емдік сабынның қасиетін дәріптеу, қолданысқа еңгізудің оңтайлы, жеңіл тиімді жолын ұсыну.



Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

1.Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.

2. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.

3.Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.

4.Сабынның емдік қасиетін анықтау пайдасын зерттеу.



Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

 

Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы: Ізденіс жұмыстары негізінде қара сабынның емдік қасиеттерін халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, қолдану саласы жөнінде жұмыстар жүргізген.


Ғылыми жобаның практикалық қолдану салалары:


Күнделікті тұрмыста қолдану;

Дүниетану сабақтарында;













Мазмұны

І.Кіріспе ..............................................................................................1 бет

ІІ.Негізгі бөлім................................................................................ 1-2 бет

2.1.Сабынның шығу тарихы.............................................................1-2 бет

2.2.Сақар алынатын өсімдік түрлері...............................................2-4 бет

2.3.Қара сабынның керемет қасиеті.................................................4 бет

2.4.Қара сабынның емдік қасиеті ......................................................4-5бет

2.5.Қолдан жасалған табиғи қара сабын..........................................5-7 бет

ІІІ. Қорытынды.................................................................................8-9бет

IV. Пайдаланған әдебиеттер.............................................................10 бет































Кіріспе


  Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын немесе сақар туралы мағлұмат бермекпін. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.  

Бір лабораторияда қызық тәжірибе жасалған. Микроскоппен әуелі лас және жуылмаған қолдың терісіндегі микробтардың санын санаған. Одан кейін қолды таза сумен жуып, тағы да микробтарды санаған. Ең соңында қолды сабынмен жуып барып, тағы да микробтарды санаған. Сонда жуылмаған лас қолдың терісінің бір квадрат миллиметрінде миллионға жуық, таза сумен жуылған қолда – 200 мыңдай, ал сабынмен жуылған қолда – бар-жоғы 20 мыңдай бактерия анықталған. Міне, осылайша дененің тазалығы мен денсаулық сақтауда сабынның алатын маңызы дәлелденді.Сабынды суға еріткенде, көпіршіктер пайда болады да, сонымен ыдыс және киім жуылады. Адам денесінің тазалығын және жеке бастың гигиенасын сақтауда сабынның алатын орны зор екенін бәрімізде білеміз.


ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Сабынның шығу тарихы

Сабын [1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз.Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Кейбір деректер Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы  дәрігер Галеннің  шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында

шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген.Қарапйым сабынды –глицерин мен әр түрлі май


1

қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан алады.Қазақтар

жануар майын алабұта, балаты құрайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған.Өнеркісіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар қолданылады.


2.2  Сақар алатын  өсімдік   түрлері

Алабұталар тұқымдасы - тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер.Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді.


1-сурет Алабота тұқымдасы

Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изенебелексораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. Алабұтаның 4 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Алабота тұқымдастарға қызылша,  шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен,     сексеуіл, бұйырғындар жатады.                                 

Ақ алабота - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі - ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды.

2-сурет Ақ алабота тұқымдасы

2

Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.               

Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы.

3-сурет Сексеуіл

Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда  сексеуілден отын дайындалған.Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Сексеуіл діңі жаққанда жылуды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.

Қызылша  - алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туысының 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына, өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды.

4-сурет Қызылша

Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл - екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша - қызылшаның мәдени түрі. Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады.
Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады.


3

Шпинат - бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы.

Picture 5

Бұлардың 3 түрі бар. Құрамындағы нәруыз мөлшері етке пара-пар. Витаминдерге де бай: А1, В1, В2, С және РР болғандықтан, асты дәмдеуге өте пайдалы. Жапырақтарын тамаққа пайдаланады.

Бұйырғын (ежовник) шала бұталы немесе көпжылдық шөптекті өсімдік. Гүлдері - қосжынысты. Жемісі - қызғылт, қызыл-сары түсті жидек. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді.

2.3. Қара сабынның керемет қасиеті:

Қара кір сабынның үй шаруашылығында алатын орны өз алдында шипасы да айтарлықтай.
1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған)
2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөртпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)
3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолаң шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған , түспеген.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.
5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп, сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)

2.4 Қара сабынның емдік қасиеті
Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолдан­ылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберек­термен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары,

сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-

4

жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.Кір сабынды сатып аларда оның иіссіз немесе қош иістендірілген түріне қызықпай, кәдімгі қара кір сабынды таңдауымыз керек. Оның емге қолданылатына да сол табиғи түрі.

Қара сабын -жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған) Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.Қара сабын сонымен қатар тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
Сонымен қара сабынның емдік қасиетімен бірге тұрмыстық қасиеті де бар.Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп,емханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады.

2.5. Қолдан жасалған қара сабын

Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат, ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі.Суда жақсы ериді.

Нағашы әжем майға сақар қосып «қара сабын» жасап көрсетті. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша ауылдық жерден сексеуілді жинап алып келіп, өртеп , әжем қара сабын жасау жолын көрсетті.Сексеуіл шөбін өртеп, оның күлін алды. Сол күлден сақар алынады екен.

Picture 1

5

Аулаға шағындау қазанды алып, астына от жақтық. Майланған қазанға үш кесе сақар салып, үстіне малдың алты кесе тоң майын қостық. Қазанды баппен қайнаттық. Әжем екеуіміз арнайы ағаштан жасалған қалақшамен араластырып отырдық.Қазанымыз қайнаған сайын бетіне көбікше пайда болады. Қазан қайнаған сайын баппен араластырып, бетіне су бүркіп отырдық. Әбден қайнаған соң сабынымыз дайын болды.


Picture 3 Picture 2
Picture 4 Picture 5

Әжем сабынды ыстық күйінде бөлудің мәні бар екенін айтты. Дайын болған қара сабынды төртбұрыштап матаға орап, бөлдік. Әжемнің айтуынша бұрынғы кезде тоң майдың орнына сүйекті әбден маңызын шығарып қайнатып, майын қолданған дейді.

Сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салып, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосамыз. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құямыз да, еппен қайната бастаймыз.

6

Қазанымыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырамыз.

Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отыру керек. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаның болды деуге болады. Қазандағы сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау керек. Мұндай сабындар ғажайып - табиғи қара сабын.

Осыларды ескерсек ата бабаларымыздың тұрмыстағы химиялық үрдістерді білгендігінің айғағы. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналады. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сияқты. Ауыл адамдары кім сабын жасған үйге сәлем айта келеді, сабын қалап сұрайды. Осы дәстүрді білетін жұртш

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!